«Денсаулық күнін» құру және ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Денешынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Жеңіл атлетикалық ойындар арқылы қиын қозғалыс дағдылары

I тоқсан

Күні:

Мектеп:Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сыныбы: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

«Денсаулық күнін» құру және ұйымдастыру

Оқу мақсаттары:

11.3.5.5. Өзгелердің дене белсенділігінің тәжірибесін байыту үшін білім мен дағдыны қолдану

Бағалау критерийлері:

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында жеңіл атлетика түрінен жарыс ұйымдастырады және өткізеді.

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Жүгіру дағдыларын жеңіл атлетикада қолдану әдісін сипаттау

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • физикалық қабілеттер: күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік
  • төменгі старт, жоғарғы старт
  • жүгіру: сермейтін аяқ, соққы беретін аяқ, старттық екпін, қашықтыққа жүгіру, мәреге жету

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде қандай физикалық қабілеттер дамиды?
  • жүгіру кезінде ұзақ қашықтықтың ортасында күшті үнемдеу неліктен маңызды?

Құндылықтарды дарыту:

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Пән аралық байланыс:

Физика (оқушылар өз жүгіру жылдамдық күштерін есептеп бағалайды)

Акт қолдану:

Тақырып бойынша жүгіру кезіндегі тәсілдерді көрсету

Бастапқы білім:

Секіру және лақтыру: Топтық дайындық жоспары

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы

10 минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Түгелдеу

Спорттық кииімдеріне назар аудару

Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру

Алдағы жұмыстармен таныстыру

- Жүру жаттығуларын орындау;

  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар

Сабақтың ортасы

25 минут

Жеңіл атлетика бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары

Оқушылар жұптарға бөлініп, жарыстар өткізу үшін рөлдерді бөледі, құқықтар мен міндеттерді анықтап, кестеге жазады: 1. Жаттықтырушылар

2. жарыстың бас төрешісі; 

3. бас хатшы; 4. Жүгіру бойынша төрешілер бригадасы (әр бригада - жеке-жеке);  5.секірулер бойынша төрешілер бригадасы; 6. лақтырулар бойынша төрешілер бригадасы. 

Сыныпты екі топқа бөлу: бірінші топ жарыстарды ұйымдастырушылар рөлінде, екінші топ жеңіл атлетика жарыстарына қатысушылар рөлінде.

Ұйымдастырушылар үшін тапсырма:

  • Жеңіл атлетика бойынша жарыстар өткізудің күнтізбелік жоспарын жасау;
  • Жеңіл атлетикадан жарыстар өткізу туралы ереже әзірлеу;
  • Төрешілер биргадасының міндеттерін бөлу.

Жарыстар аяқталғаннан кейін талдау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау өткізеді.

Дескриптор Білім алушы

  • топта бірлесіп жұмыс жасай алады;
  • орындалатын іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жете алады.

Оқушылар қажеттіліктеріне қарай,жүгіру қабілеттерін, дағдыларын дамыту.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістік. Ысқырық, уақыт өлшегіш, граната, рулетка, конустар, жазба кітапшалар. Бұл сілтемеде жеңіл атлетика бойынша жарыстар өткізу берілген http://go.mail.ru/search_video?frc=809026&gp=809026&q

Сабақтың соңы:

5 минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Ашық сұрап-жауаптар

Үйге тапсырма

Дене қабілеттерін дамыту жаттығулары.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Бөлімге байланысты тапсырмаларды орындауда жеңілінен күрделісіне қарай тапсырманы ұйымдастыру және орындаған тапсырмаларға саралау жүргізу. Білім алушының икемділік дағдыларына қарай тапсырмалар құрастыру.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау, мақтау сөздері арқылы әр-бір іс-әрекетті бақылап, бағалап отыру.

Осы бөлімде оқушылар командалық ойындар бойынша түрлі жаттығулар орындайды, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы жақсартады

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін бақылайды және кері байланыс береді.

Сабақ бойынша рефлекия:

1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Ептілікті, қозғалыстың координациясын, зерделілікті, жылдамдық сапасын дамыту; жергілікті аймаққа үйрену қабілеттерін дамыту.

Сұраңыз: бұл ойын қандай физикалық қабілеттерді дамытады?

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1 Жарыс өткізу кезенде қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, жылдамдыққа, ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу