Қауіпсіздік ережесі. Адамның табиғи қозғалысы - жүгіру. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Денешынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 1 Жеңіл атлетикалық ойындар арқылы қиын қозғалыс дағдылары.

I тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сыныбы: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі

Адамның табиғи қозғалысы -жүгіру

Оқу мақсаттары:

11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу.

11.1.1.1. Өзінің және өзгелердің спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде көрсету және бағалау

Сабақ мақсаты:

Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру

Бағалау критерийлері:

  • Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізе алады
  • Өзінің және өзгелердің спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылайды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде орындайды және бағалайды

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін, ағазадағы функционалды өзгерістерді көрсете және талқылай алады

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік техникасы,
  • қысқа орта ұзақ қашықтыққа жүгіру.
  • спринтер, стайер

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің ойыңызша бұл жаттығуды орындау қаншалықты жемісті болды?
  • Қысқа және ұзақ қашықтықтарға жүгірушілерді қалай атайды?

Пән аралық байланыс:

Биология (Жүрек соғысын өлшей алады)

Акт қолдану:

Тақырып бойынша жүгіру кезіндегі әдісін көрсету.

Бастапқы білім:

Оқушыларың жеңіл атлетика бойынша білімдері бар және алдыңғы сыныптарада және оқудан тыс уақытта жүгіру дағдыларымен таныс.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Арнайы жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Арнайы жеңіл атлетика жаттығулары:

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар

Сабақтың ортасы:

25 мин

Жеңіл атлетикамен айналысу кезінде. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Оқушылар топтарда кезек-кезекпен жүріп, жүгіруді орындайды.

1-Тапсырма.

Оқушыларға бірдей уақыт аралығында әртүрлі жолмен (жүру, жүгіру) қашықтықтан өту айырмашылығын анықтау болып саналады. Бір оқушы бастайды және таймерді белгілі бір уақыт аралығында тоқтатады (мысалы, 1 минут 30 секунд). Сол уақыт аралығында кім қанша қашықтыққа жүгіргенін анықтау.

2-тапсырма

30-60 метр қашықтыққа жүгіру. Бастапқы қалып: төменгі сөре. Оқушылар жаттығуларды 5-8 рет серияларда (орташа жылдамдықтан максималды жылдамдыққа дейін) жылдамдықты өзгерту арқылы орындайды.

3-тапсырма

«Үшіншісі артық» Оқушылар стадионның жүгіретін жолының ішкі жағына жұппен тұрады. Жұптардың аралығы 2-3 м. Жүргізуші мен ойыншылардың біреуі (қашып жүретін) жүгіретін жолдың сыртында тұрады. Жүргізуші қашып жүретін оқушыға қол тигізуге тырысады, ал қашып жүретін оқушы жұптың біреуінің алдына тұра қалуы мүмкін Жұптың соңғы ойыншысы «үшінші артық» болады және жүргізушіден қашады.

Егер жүргізуші бос ойыншыға қол тигізе алса, олар рөлдерімен алмасады.

Қашып жүретін ойыншы 60 м қашықтықты жүгіріп өтсе, жұптағы өз орнына тұра алады. Шеңбердің сызығын қиып өтуге болмайды. Жүгіру кезінде ғана қол тигізуге болады.

Дескриптор Білім алушы

  • Жұпта бірлесіп жұмыс жасай алады;
  • орындалатын іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жете алады.

Оқушылар қажеттіліктеріне қарай, жүгіру қабілеттерін, дағдыларын дамыту.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістік. Жүгіру техникасы әдістемесіне сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=2UF1HKhmXyg

Сабақтың соңы:

5 мин

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Ашық сұрақ-жауаптар

Үйге тапсырма

Дене қабілеттерін дамыту жаттығулары.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Бөлімге байланысты тапсырмаларды орындауда жеңілінен күрделісіне қарай тапсырманы ұйымдастыру және орындаған тапсырмаларға саралау жүргізу. Білім алушының шашшаңдық,ептілік,жылдамдық дағдыларына қарай тапсырмалар құрастыру.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау, мақтау сөздері арқылы әр-бір іс-әрекетті бақылап, бағалап отыру.

Осы бөлімде оқушылар ойындар арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастырады , сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы жақсартады

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін бақылайды және кері байланыс береді. .

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2.0қушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сұраңыз: орташа қашықтыққа жүгіру барысында қандай физикалық қабілеттер дамиды? Жүгіру жылдамдығыңызды анықтаңыз.

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1 Жеңіл атлетика қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, икемділікке, ептілікке,жылдамдыққа баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу