Қауіпсіздік ережесі. Адамның табиғи қозғалысы - жүгіру. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Жеңіл атлетикалық ойындар арқылы қиын қозғалыс дағдылары

I тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сыныбы: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Адамның табиғи қозғалысы - жүгіру

Оқу мақсаттары:

11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағыттаған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу.

Бағалау критерийлері:

  • Түрлі дене жүктемелерінің арасындағы айырмашылықты және олардың ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарап анықтай алады

Сабақ мақсаты:

  • дене тәрбиесі даму тарихы туралы білімді нығайту;
  • байланыс дағдыларын, әсіресе түрлі ресурстардан ақпаратты қолдану және оны анық және сай формада көрсету қабілетін нақтылау;

жеке мінез-құлықты нақтылау: тәуелсіздік, төзімділік, сабыр және толеранттылық;

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін, ағзадағы функционалды өзгерістерді көрсете және талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология

  • қауіпсіздік техникасы,
  • орта қашықтыққа жүгіру, сөре, мәре, стайерлік жүгіру, ұзақ және орташа қашықтық бойынша жүгіру.

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің ойыңызша бұл жаттығуды орындау қаншалықты жемісті болды?
  • Орта және ұзақ қашықтықтарға жүгірушілерді қалай атайды?
  • Ұзақ қашықтыққа жүгіру біздің ағзамызға қандай әсер етеді?

Пән аралық байланыс:

Биология

Акт қолдану:

Бастапқы білім:

Оқушыларың жеңіл атлетика бойынша білімдері бар және алдыңғы сыныптарда және оқудан тыс уақытта танысқан жүгіру дағдыларымен таныс

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

құрал жабдықтар (ресурстар)

Ұйымдастыру кезеңі:

5 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Арнайы жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар

Негізгі бөлім

25-30минут

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп тапсырмаларды үш реттен орындайды. Әр бір өткізілген тапсырмалардан соң кері байланыс беріңіз. Оқушылар түзу орналасқан жүгіру алаңын 100 метрді бірқалыпты жылдамдықта орындайды. Айнала жүгіруде жылдамдыққа 100 метр жүгіріп қайта түзу жолда бірқалыпты жылдамдыққа ауысады. Топпен жүгірудің техникасын жүгіру қалыптарын талқылаңыз. Жүгіруге дейін және одан кейін оқушылар тамыр ырғағын өлшейді.

Оқушылар жақсы денсаулық қалпы олардың орта және ұзақ қашықтыққа жүгірумен байланысын қарастырып, алдында оқыған жақсы денсаулық компоненттерін бекітеді Демалыс кезіндегі тамыр ырғағы, жұмыс ырғағы, қалыпқа келу ырғағы.

Оқушыларды бірнеше топқа бөліп 800 метр қашықтықты уақыт есебімен орындаңыз.

800 м жүгіруде оқушылар алғашқы 100 м өз жодарымен жүгіргенде, жүгірушінің мақсаты – жиек бойындағы орынды бірінші болып алу үшін осы бөлікті тез арада жүгіріп шығу.

Бұл жерде белгілеуге болады:

1) Бастапқы екпіннің өзін, әдетте 15-20 м алады;

2) Белсенді жүгіру, әдетте ол спортшының бірқалыпты жылдамдыққа жақындайтын ортақ жолға шыққанына дейін жалғасады. Әдетте 800 м қашықтықта алғашқы 100 м жылдамдығы басқа жол бөліктерінің жылдамдығына қарағанда жоғары болады, тіпті мәреге жету кезінде де.

3) Мәреге жету. Мәреге ұмтыла жүгіру кезінде техника сәл өзгереді: дененің алдыға еңкеюі артады, қолдардың белсендірек қозғалысы байқалады. Қашықтықтың соңғы метрлерінде қозғалыс техникасы бұзылуы мүмкін, өйткені шаршағандық басталады.

Дескриптор Білім алушы

  • топта бірлесіп жұмыс жасай алады;
  • орындалатын іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жете алады.

Оқушылар қажеттіліктеріне қарай, жүгіру қабілеттерін, дағдыларын дамыту.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар:

http://osh92.ru/publ/4-1-0-126

Төзімділікті жетілдіруге бағытталған жүгіру жаттығулары: http://www.everlive.ru/running-exercises-for-endurance/

Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасы. Оқыту әдістемесі:

http://bibliofond.ru/view.aspx?id=669246

Қорытынды бөлім:

5минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Ашық сұрақ-жауаптар

Үйге тапсырма

Дене қабілеттерін дамыту жаттығулары.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Бөлімге байланысты тапсырмаларды орындауда жеңілінен күрделісіне қарай тапсырманы ұйымдастыру және орындаған тапсырмаларға саралау жүргізу. Білім алушының икемділік дағдыларына қарай тапсырмалар құрастыру.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау, мақтау сөздері арқылы әр-бір іс-әрекетті бақылап, бағалап отыру.

Осы бөлімде оқушылар командалық ойындар бойынша түрлі жаттығулар орындайды, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы жақсартады

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін бақылайды және кері байланыс береді. .

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2.0қушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Оқушылар орта және ұзақ қашықтыққа бастапқы екпін техникасын білулері және көрсетулері тиіс. Оқытушы бастапқы екпін техникасын орындауына зер салады.

Сұраңыз: бастапқы екпінді орындау кезінде қандай қателер жасалуы мүмкін? Орта қашықтыққа жүгіру Сіздің ағзалық функционалды жүйелеріне қандай әсер етеді?

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1 Жеңіл атлетика қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, икемділікке, ептілікке,жылдамдыққа баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу