Жүгіру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Дене шынықтыру және АӘД» ӘБ жетекшісі ________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс дағдыларын жетілдіру | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Толеуов А.М
| |||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жүгіру және оның түрлері | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.1. Денсаулық құрамдастарына әртүрлі факторлармен жаттығулардың әсерін талдау. | |||||||
Сабақ мақсаттары | Қауіпсіздік шараларын сақтау. Жүгіру кезінде дұрыс техникасын үйрету және орындату. Арнайы жүгіру дағдылары арналған жаттығулар орындай алады. Топтық жұмыс. | |||||||
Бағалау критерийлері | Жүгіру жаттығулар арқылы дене қасиеттерін жетілдіруді түсінеді және көрсетеді. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушыларды пән мазмұны түсініктерімен жұмыс жасауға қажетті сынып тілімен жабдықтау (мысалы, топтық жұмыс жасауға, зерттеу сұрақтарын қою, ситуацияны талдау және талқылар / пікірталастар жүргізуге қажетті фразалар). | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Арнайы спорттық қозғалыс дағдылары мен қатысты қабілеттерді және негізгі қимыл қабілеттері мен қатысты қабілеттерді жетілдіру. Сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік жауапкершілік арттыру. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Жас өспірімдер физиологиясы, физика | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану. | |||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде оқушылар спорттық жаттығуларды орындаған кезінде жеке қозғалыс техникаларын жақсартумен жұмыс істейді. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлімі: 10-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ жоспарын түсіндіру Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. | |||||||
Сабақтың ортасы
| Жүгіру және оның түрлері. (С, Ж, К, Ф) Жұппен немесе шағын топтарда өз сыныптастары орындаған техника бойынша пікірлер бере отырып, қатысушылар көрсеткен қысқа арақашықтыққа жүгіру техникасын талқылаңыз. (Т, К, Ф) Сыныпты бірнеше шағын топтарға бөлу. Сабақ басында топтарға келесі қызмет бойынша әртүрлі бағыттар беру, мысалы 1-топ қысқа арақашықтыққа жүгіру, 2-топ орташа арақашықтыққа жүгіру, 3-топ орыннан ұзындыққа секіру және т.б. Топтағы оқушылар бір оқушының басшылық етуімен арнайы жүгіру жаттығуларын орындайды. Арнайы жүгіру жаттығуларының (АЖЖ) мүмкін болатын кешені: 1. "Ауыспалы жүгіру" 2. Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру. 3. Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру. 4. Жамбасты жоғары көтеріп жүгіру. 5. Сирақты сілтеп жүгіру. 6. Қадамда алдыға секіріп жүгіру. 7. Алдыға жылжып сол аяқпен секіру. 8. Алдыға жылжып оң аяқпен секіру. 9. Алдыға жылжып екі аяқпен секіру. 10. Аяқтарды ауыстырып бір орында көп рет секіру. 11. 50-80 метрге қысқа қашықтықта жылдамдықпен жүгіру. Шағын топтарда сабақтағы болжамды қызмет түрлері үшін ұсынылған арнайы жүгіру жаттығуларының нәтижесін талдау және бағалау. Оқушылар топтарда сыныптастармен бірге жүгіру жаттығуларын орындаудың техникасын талқылау, орындалған қызметтің рефлексиясын талқылау. | Кең ойын алаңы, ысқырық, конустар. Суреттегі жүгіріс техникасына арналған интернет ресурстағы сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=UA5BQEEWpaQ | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?