Жеңіл атлетика және фитнес. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: Жеңіл атлетика және фитнес.

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің Т.А.Ә

СЫНЫП: 10 сынып

Қатысатындар саны:

Сабақта жоқ:

Оқу мақсаттары

10.3.3.3. Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау.

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығулардың ағзаға тиімділігін түсіндіру;

-қашықтыққа жүгіру ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау

Тілдік мақсат

Өздерінің атлетикалық контекстідегі денсаулық сақтау мен қимылдау туралы түсініктіерін сипаттай, талқылай және көрсете алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • Жүгіру, сөре, ауыспалы жүгіру, жылдамдату;
  • бұлшық еттер мен олардың құрылымы;

Талқылау үшін сұрақтар

  • Бұлшық еттерді не үшін шынықтыру қажет?
  • Не үшін сіздің жасыңызда салмақты бақылауға ұстау маңызды? (сүйек тығыздығын жақсартады, буындарды нығайтады).
  • Егерде біз күш жаттығуын денемізге көптеп берсек не болатынын айтып бере аласыз ба?
  • Тапсырманы орындау үшін неге көңіл аудару қажет?

Алдыңғы білімдер

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Құралдар

0-5 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылармен «Айна» ойынын ойнау арқылы жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу.

Оқушылар 8 – 10 немесе 16-18 рет орындалатын кешенді жаттығудан тұратын таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенін талқылайды және орындайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Ортасы

20-25

Спринтерлік жүгіріс арқылы болатын жарыс.

Ойынға қатысушылар екі лекке сапқа тұрады. Олар әртүрлі қашықтықта жүгіреді.

Жүгіру нұсқалары:

а) белгілі бір қашықтыққа жүгіру (мысалы,10 м);

б) күтпеген жағдайда болған белгі бойынша жылдамдыққа жүгіру;

в) екі жылдамдық (белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, қайтадан жылдамдықпен жүгіріп оралу)

г) бұрылыс кезінде жеделдету;

д) 2 метр алға шыққан әріптесті қуып жету кезінде жылдамдықты жеделдету.

Ережесі

Бірінші белгі бойынша қатысушылар жүгіреді, екінші белгі бойынша белгілі орынға жылдамдықты арттырады.

Жүгірістен жеңген команда 2 ұпай алады.

Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор

- жүгіру кезінде қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– жүгіру қарқынын дұрыс қолданады;

– эстафета таяқшасын дұрыс береді;

-жүгіру қашықтығын жүгіріп өтеді.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы.

Мұғалім сұрақ қояды:

Орта қашықтыққа жүгіру сіздің денсаулығыңызға қандай әсер берді?

Жүгіру кезінде қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, конустар, фишкалар, бор.

Орта қашықтыққа жүгіру жаттығулар сілтеме: https://youtu.be/ZZ3uR-hyw84

с

Соңы

8-10

Рефлексия: : Оқушыларды сапқа тұрғызып, бір оқушыны ортаға шығарып «Жеңіл атлетика және фитнес» бүгінгі өткен сабақ жайында сурау. Оқушыларға сұрақтар: Осы ойында жүректен басқа қандай ағзаның іске қосылады? (мысалы, үлкен бұлшық ет). Оқушылардың денсаулық туралы түсініктерін сұрақтар мен жауаптар арқылы бағалау.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Қосымша ақпарат

Түрленімкөбірек көмек беруді қалай жоспарлайсыз? Көбірек қабілетті оқушылар үшін жаттықтыруды қалай жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру АКТ байланыстарыМәндік байланыстары

Жеңіл атлетикалық қимыл-қозғалыс функцияларын дамыту жаттығуларына бағытталған қозғалыс әрекетін орындау кезінде күшті дұрыс жұмсау. Қабілеті жоғары оқушылар жаттығу компоненттерін және денсаулықты нығайту факторларын үлгі ретінде сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Жаттығулардың нұсқаларының орындалу деңгейін күрделендіру.

Оқушылардың өз бетінше кең ауқымды жаттығуларымен белсенді жұмыс істеуі.

Өз бетінше тапсырмаларды орындау, өзіне тән ыңғайлы тәсілдерін байқап көру. Көптеген секіру дағдыларын анықтау, көрсету белсенділігі. Қозғалыс әрекетін орындау барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың қозғалыс сапасына баға беру.

Негізгі дене жаттығуларын орындауда, тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Тапсырмалар барысында дұрыс тыныс алуына баса назар аудару.

Демді ретке келтіру тәсілдерін пайдалану.

Сын-пікір

Сабақ мақсаттары/танымдық мақсаттар жүзеге асатындай болды ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Оқу ортасы қандай болды?

Жоспарланған түрленім пайдалы болды ма?

Уақыт жоспарын орындадым ба? Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе өте жақсы болды (оқыту мен үйренуді де қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсені келесі сабақта жақсарту керек (оқыту мен үйренуді де қарастырыңыз)?

1:

2:

Сынып пен жеке тұлғалар туралы келесі сабақ туралы хабар беретін не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу