Жеңіл атлетика және фитнес. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Жеңіл атлетика және фитнес.

Сабақ мақсаты:

-жүгірудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;

-жаттығулар кешенін орындау және талқылау;

-қозғалмалы ойындар шартын анықтап,ойнау.

Оқу мақсаты: 10.3.3.3. Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау

10.3.1.1. Салауатты өмір салты мен дене белсенділігіне деген өз көзқарасын түсіндіру және нақтылау

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

Сабаққа дәрігерлік бақылаудан өткен және қауіпсіздік ережесімен танысқан соң жіберіледі;

Жарақат алу қаупі: жаттығуды жарамсыз спорт құралдарымен орындағанда және сақтандырусыз орындағанда.

Спорттық киімінің талаптарын назарда ұстау және спорттық аяқ киімнің табаны жылтыр болмауын қадағалау;

Дайындық жаттығуларын жүктеме бойынша өткізу;

Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының пайдалануға, орындарын ауыстыруға рұқсат етілмейді;

Құрал-жабдықтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ, таза шүберекпен сүртіп алу керек.

Жеке гигиена талаптарын сақтау

Дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс;

Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды;

Спорт киімін киім шешетін орында ауыстырып кию керек;

Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есік,терезені ашуға болмайды.

Жүгіру алаңының дөңес бөлігінде, 60-80 метрге жылдамдықты үдете жүгіру.

Дөңес бойынша жүгіру. Дөңес бойынша жүгіру техникасы тура қашықтық бойынша жүгіруден ерекшеленеді. Дөңес бойынша жүгіру кезінде ортадан тепкіш күштің әрекетін еңсеру үшін денені солға еңкейту қажет, табандарды сәл солға бұрып басу дұрыс.Оң қол көбірек ішке, сол қол сыртқа қарай қозғалыста болады. Бұрылыстан тік жолға шығу, дененің көлбеу қалпының бірқалыпты азаюымен бірге жүреді.

«Өз уақытыңды анықта» ойыны.

Белгі бойынша барлық жүгірушілер жүгіру алаңы бойымен қолдарындағы жалаушамен (шыбықпен немесе басқа затпен) жүгіруді бастайды. Шартты уақытта мысалы, 30 сек. немесе 1 минут болды-ау деген кезде, жүгіруші қолындағы жалаушаны жерге қоюы керек. Жүгіру уақытын дұрыс,жақсы есептеген ойыншы жеңеді. Ойынды (жүгіруді) жалаусыз немесе басқа заттарсыз да өткізуге болады. Онда әрбір қатысушы шартты уақыт өткеннен кейін тоқтауы қажет (бір орында жүгіру арқылы).

Екінші нұсқада қатысушы өз жүгірісін бастамас бұрын (жүгіру арақашықтығы бәріне бірдей ) ол кесіндіні өтуге жұмсайтын уақытты дауыстап жариялайды. Тапсырманы дәл орындаған ойыншы жеңеді. Ойынның командалық нұсқасында ұпайларды есептеу, кестеден ауытқығаны үшін қосылатын айыппұл ұпайларын есептеу арқылы жүргізіледі.

Топтық жұмыс.

Мұғалім дене қозғалысын дамытаттын жаттығулар кешенінің жиынтық нұсқа үлгісін топтарға таратады. Топта, білім алушылар 6-8 жаттығудан тұратын жаттығулар кешенін талқылайды және орындайды. Келесі топ спорт түрінен оқу-жаттығу ойынын таныстырады. Орындалған жұмыстан соң, ол қаншалықты тиімді болғанын саралап,талдаулары керек.

Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды орындау.

Секіртпемен секіру: 30секундтан х 3-4 рет қайталау.

Қайталап жүгірулер: 10м х 3 рет.

.

Нығыздалған допты отырып екі қолмен бастан асыра ұзындыққа лақтыру

«Төрт доп» ойынының шарты.

Екі команда волейбол алаңының әр жағына орналасады (егер далада болса, тордың орнына екі метр биіктікте жалаушалары бар жіптерді тартуға болады). Әр командада екі волейбол добынан болады. Ойыншылар бір мезетте мұғалімнің белгісі бойынша допты қарсылас жағына кез келген бұрышына лақтырады. Міндет- доптарды түсірмей ұстап алу және мүмкіндігінше тез алаңның басқа жағына қайта лақтыру. Команда ұпайды жоғалтады: егер оның жағында бір уақытта 3 доп болса немесе доп тордың астынан өтсе немесе алаңнан тыс жерге түссе.Ойын 2-3 партиядан тұрады, ол 10 ұпайға дейін жалғасады. Әр ұпайдан кейін допты ойыншылардың жаңа жұбы лақтырады. Ойын барысында қатысушылар алаңда сағат тілі бойынша (волейболдағыдай) қозғалады.

«Төрт доп» ойыны.

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу