Жеңіл атлетика және фитнес. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін____________

____________________

Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары №__

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім-Денсаулық және салауатты өмір салты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жеңіл атлетика және фитнес

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.3. Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау

10.3.1.1. Салауатты өмір салты мен дене белсенділігіне деген өз көзқарасын түсіндіру және нақтылау

Сабақ мақсаттары

-жүгірудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;

-жаттығулар кешенін орындау және талқылау;

-қозғалмалы ойындар шартын анықтау,ойнау.

Бағалау критерийлері

-қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды орындап,ағзаға тиімділігін талқылайды;

-өзінің салауатты өмір салты мен дене белсенділігіне деген көзқарасын түсіндіріп, нақтылайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: физикалық әрекет,денсаулық пен жеке бас саулығын жетілдіруде қандай мүмкіндік беретінін бағалау және өз білімдерін жинақтауды меңгеру.

Тілді оқу сыныптағы оқушыларға түсінікпен, пәннің мазмұнымен жұмыс істеуге қажетті тілді қамтамасыз ету;

  • физикалық қасиеттер (күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік)
  • дайындық: интервал, ұзақтық, жылдамдық/ жылдамдық төзімділік
  • ширату және қалпына келтіру техникалары;
  • бұлшық еттер мен олардың құрылымы
  • екпінмен бір орыннан ұзындыққа секіру;
  • орыннан, жүгіріп келіп лақтыру;
  • екпін кезіндегі қадамның ұзындығы;
  • секіру мен лақтырудағы фазалар;
  • жүгірудің ырғағы.

Құндылықтарды дарыту

Дене тәрбиесі бағдарламасында мәдениет пен көзқарас алуан түрлілігіне құрметті қалыптастыру келесілер арқылы насихатталады:

академиялық шыншылдыққа, бір-біріне деген сыйласымдылыққа, сыныптық тәртіпке, әділ ынтымақтастықта ойнауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физика,физиология

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Сілтемелер

Бастапқы білім

Қозғалыс белсенділігі аясында, оқушылар денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған жаттығулар кешенін құру және орындау қабілетін көрсетеді.. Арнайы дене даярлығы, физикалық жүктемені және ағзаның функционалдық мүмкіншіліктерін зерделеу, жаттығулар кешендерін әзірлеу және пайдалану білімін көрсетеді. Сонымен бірге, жүгіру техникасы мен оның түрлерін жетілдіру, екпінмен ұзындыққа секіру, лақтыру бойынша жұмыстар жалғасады. Төзімділікті, күштік-жылдамдықты, жылдамдық және координациялық қабілетті одан әрі дамытуға назар аударылады

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын,оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. (Б) Оқушылар сабақ алдында жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама алады.

Дене қыздыру жаттығуларын жасау: Жүрістегі жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөлу. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу бірқалыпты жүгірулер. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлімге бағытталған арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

Сабақтың ортасы

1. (Б, Ж ) Жүгіру алаңының дөңес бөлігінде, жүгіруді 60-80 метрге жылдамдықты үдете жүгіріп, қайта түзу жолда бірқалыпты жылдамдыққа ауысу. Топпен жүгірудің техникасын шағын топта талқылаңыз.

Мұғалімге нұсқаулық:

Ұстаз жүгіру кезінде дұрыс тыныс алу туралы ескертуі қажет. Оқушылар жүгіру кезінде өздерінің дене жағдайын бақылап, бағалай алуы қажет.

2."Өз уақытынды анықта» ойыны.

Белгі бойынша барлық жүгірушілер жүгіру алаңы бойымен қолдарындағы жалаушамен (шыбықпен немесе басқа затпен) жүгіруді бастайды. Шартты уақытта мысалы, 30 сек. немесе 1 минут болды-ау деген кезде, жүгіруші қолындағы жалаушаны жерге қоюы керек. Жүгіру уақытын дұрыс,жақсы есептеген ойыншы жеңеді. Ойынды (жүгіруді) жалаусыз немесе басқа заттарсыз да өткізуге болады. Онда әрбір қатысушы шартты уақыт өткеннен кейін тоқтауы қажет (бір орында жүгіру арқылы).

Екінші нұсқа: қатысушы өз жүгірісін бастамас бұрын (жүгіру арақашықтығы бәріне бірдей ) ол кесіндіні өтуге жұмсайтын уақытты дауыстап жариялайды. Тапсырманы дәл орындаған ойыншы жеңеді. Ойынның командалық нұсқасында ұпайларды есептеу, кестеден ауытқығаны үшін қосылатын айыппұл ұпайларын есептеу арқылы жүргізіледі.

3. (Т, Тәж) Сыныпты шағын топтарға бөлу. Мұғалім дене қозғалысын дамытаттын жаттығулар кешенінің жиынтық нұсқа үлгісін топтарға таратады. Топта, білім алушылар 6 – 8 жаттығудан тұратын жаттығулар кешенін талқылайды және орындайды. Келесі топ спорт түрінен оқу- жаттығу ойынын таныстырады. Орындалған жұмыстан соң, ол қаншалықты тиімді болғанын саралап,талдаулары керек.

Мұғалімге нұсқаулық:

Мұғалімнің мақсаты оқушылардың салауатты өмір салты бойынша қажетті білімдерін, икемділктерін және дағдыларын қалыптастыру; күнделікті өмірде алған білімдерін практикалық қолданысқа даярлау;балалардың денсаулығы үшін қатердің жағымсыз факторлары бойынша түсінік беру; салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

4. (Б, Ж, Қб) Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау және орындау:

Секіртпемен секіру: 30секундтан х 3-4 рет қайталау;

Қайталап жүгірулер: 10м х 3 рет;

Нығыздалған допты отырып екі қолмен бастан асыра ұзындыққа лақтыру: 5 рет қайталау.

5. "Төрт доп" ойыны. (жылдамдыққа арналған)

Екі команда волейбол алаңының әр жағына орналасады (егер далада болса, тордың орнына екі метр биіктікте жалаушалары бар жіптерді тартуға болады). Әр командада екі волейбол добынан болады. Ойыншылар мұғалімнің белгісі бойынша допты қарсылас жағына кез келген бұрышына лақтырады. Міндет- доптарды түсірмей ұстап алу және мүмкіндігінше тез алаңның басқа жағына қайта лақтыру. Команда ұпайды жоғалтады: егер оның жағында бір уақытта 3 доп болса немесе доп тордың астынан өтсе немесе алаңнан тыс жерге түссе.Ойын 2-3 партиядан тұрады, ол 10 ұпайға дейін жалғасады. Әр ұпайдан кейін допты ойыншылардың жаңа жұбы лақтырады. Ойын барысында қатысушылар алаңда сағат тілі бойынша (волейболдағыдай) қозғалады.

Сілтеме: https://studwood.ru/1181867/turizm/virazhu

Қозғалмалы ойынға сілтеме.

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-begom-1308703.html

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер

Қозғалмалы ойынға сілтеме.

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-begom-1308703.html

Сабақтың соңы

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылармен рефлексия,кері байланыс жүргізіледі: қандай жаттығуды өз деңгейінде, неге орындай алмадым, нені толық түсінбедім? сұрақтарға жауап беру. Күтілген нәтижеге жеттік пе,жетпедік пе талқылау.

Бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, туындаған қателерге назар аударылды, анықтамалар беріледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

-талқылау, жоспарлау, қарау, бағалау, есептеу арқылы;

-қарқындылық қандай болу керектігіне назар аудару: төмен, біршама, жоғары

-қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау, еңсеру арқылы. Тапсырмалардың баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды топ алдында дағдыларын өз бетінше көрсетуге мүмкіндік беру, қайталату.

Бірлескен іс әрекетте жаттығулар элементтерінің орындалу реттілігіне көңіл бөлу. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? -Байқау, тыңдау, сұрақ қою арқылы.

Бірлескен, жеке тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар жүргізу.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, еңсеру.

Техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Дене қуатын үнемдеу шарттары. барлық оқушылар оқу үдерісіне тартылған және үздік нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі бар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу,сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, мағынасына байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, оқу үдерісіне тартылған және үздік нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Жаттығулардың орындалуына саралау жүргізілді.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға қозғалыс дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу