Жеңіл атлетика және фитнес. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.
10 сынып
№ 8 бөлім:
Денсаулық және салауатты өмір салты
Сабақтың тақырыбы:
Жеңіл атлетика және фитнес
Оқу мақсаты:
10.3.1.1. Салауатты өмір салты мен дене белсенділігіне деген өз көзқарасын түсіндіру және нақтылау
Бағалау критерийлері:
Салауатты өмір салтын ұстануды түсінеді;
Дене белсенділігін жаттығулар арқылы нақтылайды;
Тапсырманы нақты орындап көрсетеді
Жүгіру мен лақтыру туралы жалпы түсінік.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Лақтыру бұл –снарядтың кеңістікте қозғалу тәсілі.Лақтырудың мақсаты –жарыстың ережелерін бұзбай, снарядты неғұрлым алысқа лақтыру немесе итеру.Лактыру кезінде снарядтың үдеуіне арналған орынның шектеулілігіне(ядроға және спорттық балғашаға -213,5см, диск үшін -250 см), снарядтың жерге қонуына арналған сектордың тар ауданына, биік қорғаушы тордың және лақтырма диск пен спорттық балғашаның ұшуына арналған жарманың кішкентай болуына (ені 6 м.) байланысты әр түрлі қиындықтар туады. Осындай шектеушіліктердің барлығы спортшыдан жоғарғы дәлдікті және қозғалыстың орындалу техникасының тұрақтылығын талап етеді.
Жеңіл атлетикалық лақтыруды снарядтың салмағы және түріне байланысты мынадай категорияларға бөлуге болады: жеңіл снарядтарды лақтыру(найза, гранат); салмағы бойынша орташа снарядтарды лақтыру(лақтырма диск); ауыр снарядтарды лақтыру(ядро, спорттық балғаша). Осы топтардың ішінен жоғары ұшатын қасиеті бар снарядтарды атап айтуға болады. Оларға найза және лақтырма диск жатады. Салмағы ауырлау снарядтарды лақтыру үшін спортшының дене салмағы көп, әрі ол мықты болуы керек. Жоспарланған снарядтарды лақтыру кезінде спортшының техникалық дайындығына үлкен талап қойылады, әсіресе лақтырушының снарядқа бар күшін салуына байланысты
Секіру мен лақтыруға сілтеме, мысал ретінде:
https://www.youtube.com/watch?v=YZsp2rOD6xo
https://www.youtube.com/watch?v=2XdYywkm9LY
Талқылау үшін сұрақтар:
- Өткен сабақтарда қолданған жалпы дамыту және арнайы жаттығулар жарыс кезінде қалай көмектесті?
Оқушылардың нәтижеліктеріне қалай әсер етті?
Лақтырудың алыстығы екпін алуға байланысты ма?
Қорытынды
Оқушыларға жалпы жеңіл атлетиканың маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты жақсарту мақсатында күнделікті дене жаттығуларын жасап, фитнес жаттығуларымен айналысуды ұсыну.
Дұрыс тамақтану, уақытылы демалу, серуендеу, жаттығулар жасау, кітап оқу, жүзу сияқты спорт түрлерімен айналысуға шақыру.
Пайдаланылған ресурстарға сілтеме
1. Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003.
2.Интернет-ресурсқа сілтеме:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?