Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім – Денсаулық және салауатты өмір салты. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.5.5. Баламалы идеяларды дамыту мақсатында өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру. | ||||
Сабақ мақсаттары | Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайта, түрлі жаттығуларын орындау кезінде қимыл-қозғалыс реттілігін сақтап, іс жүзінде қолдану. | ||||
Бағалау критерийі |
| ||||
Тілдік мақсаттар
| Жеңіл атлетика жаттығуларының денсаулық құрамдас тарына әсерін түсіндіріңіз және талдаңыз. Пәндік лексика және терминология
Диалогқа арналған пайдалы сөздер
| ||||
Құндылықтарды дарыту
| Салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілік дағдысына негіздеу, дененің дұрыс дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыру, қозғалыс білік-дағдыларын жетілдіруіне ықпал ету. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы, физика. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану; Шынығуға сілтеме: http://cribs.me/bezopasnost-zhiznedeyatelnosti-bzhd/zakalivanie-organizma-ego-znachenie-dlya-ukrepleniya-zdorovya-cheloveka_ Сауықтырып жүгіруге арналған сілтеме http://www.fisio.ru/run.html Денсаулықты сақтау мен нығайтудың тиімді құралдары, сілтеме: http://www.ukzdor.ru/fizkult.html Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешені: https://www.youtube.com/watch?v=dqO3UnMznbA | ||||
Бастапқы білім | Аталған тарауда жүгіру техникасы мен оның түрлерін жетілдіру, екпінмен ұзындыққа секіру, лақтыру бойынша жұмыстар жалғасады. Төзімділікті, күштік - жылдамдықты, жылдамдық және координациялық қабілетті одан әрі дамытуға назар аударылады. Техника мен координациялық қабілеттерді жетілдіруге әсер ететін жаттығулардың пайызы ұлғая түседі. Қозғалыс белсенділігі аясында, оқушылар денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған жаттығулар кешенін құру және орындау қабілетін көрсетеді. | ||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б=барлық сынып ЖЖ=жұптық жұмыс Тәж=оқушы тәжірибесі Ф=формативтік бағалауды қолдайды Т=топтық жұмыс Ж=жеке жұмыс К=оқытушы көрсетеді | ||||
Сабақ барысы. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Дайындық бөлім: Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу, сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Дене қыздырыну жаттығуларының ережесі (мұғалім тарапынан айтылады): - жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін; - жүгіруді,секіруді және лақтыруды баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылармен «Айна» ойынын ойнау арқылы жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу. Оқушылар 8 – 10 немесе 16-18 рет орындалатын кешенді жаттығудан тұратын таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенін талқылайды және орындайды.
| Мұғалім үшін ысқырық, секундомер тексеру журналы. | |||
Сабақтың ортасы
| Денсаулық белсенді қозғалыс арқылы. (С, Т, Ф) Оқушылар топтарға бөлінеді. Оқушылар топтарда тақырыпты талқылайды: "Денсаулықты қалай нығайтуға болады". Оқушылар салауатты өмір салтын уағыздауды және зиянды әрекеттердің теріс әсерінің алдын алуды талқылайды. Сұрақ: денсаулығыңызды қалай шыңдап, сақтайсыз? (С, Ж, Ф) Сынып шағын топтарда жұмыс жасайды. Оқушылар жүгірісті қадаммен алмастыру тапсырмасын орындайды 1км.: 250 м жүгіру, 50 м қадам Тапсырманы орындамастан бұрын тапсырманы орындау және орындап болғанан кейін салыстыру үшін жүрек соғысын өлшеу қажет. Сұрақ: денсаулыққа зиян келтірмес үшін жүгіру ырғағын қандай жүрек соғысында сақтау қажет? Тапсырма: Екі доппен өткізілетін қозғалмалы ойын. Оқушылар лекке бірінің артынан бірі тұрады, көшбасшының қолында екі үрленген доп. Төрешінің ысқырығы бойынша топтар кезекпен тапсырмалар тізбегін ілгері-кейін, доппен 8-10м қашықтықты жүгіріп өтіп орындайды. Қозғалу тәсілдері: а) алақанмен допты алып жүру; ә) алақандарымен доптарды бір-біріне қысып ұстау; б) допты бір бүйіріне қысып екінші алақанымен еденге соғып алып жүру; в) ауысып алып жүру; г) екі допты да аяқпен алып жүру. Сұрақ: Доппен қандай ара қашықтықты жүгіріп өту қажет? Бақылау, оқушылардың жауаптарын тыңдау, бағалау. Қалыптастырушы бағалау: Сұрау: Осы жаттығуларды орындау барысында, қандай қиындықтар болды? Болса оны сіз шештіңіз бе? Жаттығуларды құрастыру кезінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтадыңдар? Жаттығу орындау барысында қауіпсіздік ережесін орындай аласың ба? | Кең бос алаң, жүгіру жолы, секундомер, Шынығуға сілтеме: Сауықтырып жүгіруге арналған сілтеме Денсаулықты сақтау мен нығайтудың тиімді құралдары, сілтеме: http://www.ukzdor.ru/fizkult.html Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешені: https://www.youtube.com/watch?v=dqO3UnMznbA | |||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушыларды сапқа тұрғызып, бір оқушыны ортаға шығарып «Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту» бүгінгі өткен сабақ жайында сұрақ қоя допты кез келген оқушыға лақтырады, допты қағып алған оқушы жауап беруі керек, жауап болмаса қасындағы оқушыға сұрақ қоя допты береді. Доп кезекпен соңғы оқушыларға дейін беріледі. Миға шабуыл арқылы сұрақ – жауап; Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездесті? Ойында қандай стратегияны қолдандыңыз? Оң нәтижеге қол жеткізу үшін бұл тапсырмаға қандай дағдылар қажет? Жалпы баға «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы. Әр түрлі қабілеттегі оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беру. Жалпы дамыту жаттығуы. | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Жеңіл атлетикалық қимыл-қозғалыс функцияларын дамыту жаттығуларына бағытталған қозғалыс әрекетін орындау кезінде күшті дұрыс жұмсау. Қабілеті жоғары оқушылар жаттығу компоненттерін және денсаулықты нығайту факторларын үлгі ретінде сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Жаттығулардың нұсқаларының орындалу деңгейін күрделендіру. | Оқушылардың өз бетінше кең ауқымды жаттығуларымен белсенді жұмыс істеуі. Өз бетінше тапсырмаларды орындау, өзіне тән ыңғайлы тәсілдерін байқап көру. Көптеген секіру дағдыларын анықтау, көрсету белсенділігі. Қозғалыс әрекетін орындау барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың қозғалыс сапасына баға беру. | Негізгі дене жаттығуларын орындауда, тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға назар аудару. Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Тапсырмалар барысында дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Демді ретке келтіру тәсілдерін пайдалану. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсатының негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған. Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, тапсырмаларын жүйелі орындайды, қателерін анықтайды, түзетеді. Жеңіл атлетикалық тапсырмаларды жұппен және топпен машықтанып, орындап қол жеткізді. Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника қауіпсіздік ережелерін назарда ұстау. Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді. Жекелеген оқушыларға негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіруге тапсырмалар берілді, әр түрлі ыңғайлы, ұтымды қимыл-қозғалыстар қарастырылды. | ||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жеңіл атлетикалық жүгіру әрекеттерінің техникасына, орындалу сапасына көңіл бөлу. Білім алушының деңгейін, белсенділігін анықтау. 2: Жаттығуларды кешенінің жүйелілігінің, реттілігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Тапсырмаларды орындаудағы белсенділік. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап тапсырмалар беру. Қимыл-қозғалыстардың айырмашылығын анықтау. 2: Спецификалық қозғалыс әрекеттерді ұтымды, ыңғайлы, үйлесімді қолдану. Тапсырмалардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Секіру және дәлдеу түрлеріне, қимыл-қозғалыс аппаратының негізгі функцияларына байланысты сұрақтар қою. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?