Топта ойын-сауық ойынын құру. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


 

 

 Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім –Командалық ойын – белсенді қозғалыс нысаны

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Топта ойын -сауық ойынын құру.

Оқу мақсаттары

10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану

10.2.4.4. Дене жаттығуының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ережелер мен құрылымдық әдістер құру

Сабақ мақсаттары

Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін біледі және сақтайды.

Ойын кезінде әр-түрлі тактиканы біріктіріп нәтежелі іс әрекет орындайды.

Дене күші мен қозғалыс координациясын дамыту

Бағалау критерийлері

  • Ойын кезіндегі тактикаларды, стратегияларды түсінеді және практикада қолданады.
  • Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;

Тілдік мақсаттар

 

Мыналарды қамтиды:

  • логикалық ойын, логикалық ойлау
  • шабуылдау элементтері бар ойындар
  • шабуыл, қорғаныс, қарсылас
  • ынтымақтастық, бәсекелестік
  • бақылаушы, жаттықтырушы, ойыншы, командалық жұмыс
  • тактика, стратегия
  • жүгіру, жалтару, жылдамдықты және бағытты өзгерту
  • ұпайларды есептеу жүйесі, ережелер

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу

Пәнаралық байланыстар

Биология және Физика

АКТ қолдану дағдылары

Жылжымалы интербелсенді тақта

Алдын ала білімі

Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет нәтижесінде дене дайындығын жетілдіру дағдылары бар.

 

  Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсаты және бағалау критерилерімен таныстыру.Спорттық кимге назар аудару. Сергіту сәті ретінде саптық сауаттылықтарын тексеру және мұқияттылықтарын байқау үшін «Топ» деген саптық ойын ойналады. Топ деген бұйрық берілген жағдайда саптық жаттығуды орындау тиіс егерде мұғалім айтпаса оқушылар берілген бұйрықты орындамайды.

Негізгі бөлімге кіріспес бұрын тактика, стратегия жөнінде теориялық мағлұмат беру үшін, білімді бекіту үшін таныстырылым қаралады.

Спорттық ойындардағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін тексеру.

Қыздырыну жаттығулары және арнайы дайындық жаттығуларын орындату.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Доп үшін күрес»

Әзірлік. Ойын үшін баскетбол алаңын пайдаланады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әрбір команданың ойыншылары әр түсті майка киеді немесе белгі тағады.

Ойынды баяндау. Ойнайтын адамдардың саны 20. Басқарушының белгісі бойынша команданың капитандары допты ойынға косады. Доп алған команда допты өздерінде ұзақ ұстауға және мүмкіндігінше бір - біріне

көп беруге тырысады. Ал, келесі команданың міндеті- допты қарсыластарынан тартып алып өздеріне көбірек ұстау. Ойын белгіленген уақытқа немесе көрсетілген ұпайға дейін жалғастырылады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дескрипторлар:

1. Ойын ережесін сақтап,топта бірлесіп жұмыс жасайды

2. Допты алып жүру және қағып алу,беру әдістерін орындайды.

«Қақпаны қорғау»

Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Әрбір команда он екі адамнан құралады, алты шабуылшы және алты қорғаушыдан тұрады. Команда жеребе салу бойынша алаңда немесе ойынды бастауды таңдайды. Әр команда өз алаңында алты шабуылшыны қалдырады, ал қарсыластарының алаңына алты қорғаушыны жібереді. Қарсыластын аланына қорғаушылар радиус бойынша орналасады.

Ойынды баяндау. Жургізушінің белгісі бойынша, допты алған команда ойынды бастайды. Олар допты бір – біріне беру арқылы қозғала журіп, допты себетке түсіру әрекетін жасайды. Ал, қорғаушылар допты тартып алып, өз жағына беруге тырысады.Допты себетке көп салған команда жеңіске жетеді. Ойын белгілі уакыт бойынша немесе ұпай жинағанша жүреді.

Дескрипторлар:

  • Ойында бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасап,көрсету;
  • Қарсыласқа командаға тосқалу қою түрлерін орындайды.
  • Қимыл – қозғалыс түрлері арқылы қорғаныста ойнайды

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық.

Баскетбол доптары.

Түрлі түсті ынталандыру сөйлемі жазылған карточкалар.

Бағалау дескрипторлары.

https://r3---sn-4g5edn7y.googlevideo.com/videoplayback?id=o-AMWC9MdEbkJpD5fZdoS10

Сабақтың соңы

Сабақ соңында мұғалім оқушылардың сабақ барысында жинаған карточкаларын сұрайды. Сол бойынша бағалау дескрипторларын орындау жөнінде ұсыныс айтып, флипчарттағы жазылған есімнің тұсына белгілеп қояды. Оқушылардан қай дескриптор жақсы орындалды қайсысын жетілдіру керек екендігі туралы өзіндік бағалауды сұрайды. Мұғалім тарапынан әр оқушыға жеке-жеке кері байланыс беріледі.

Рефлексия парағы

Түрлі түсті ынталандыру сөйлемі жазылған карточкалар.

Бағалау дескрипторлары мен әр оқушының есімі жазылған таблица көрсетілген флипчарт.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз:бір оқушыдан күтілетін нәтиже,дербес қолдау көрсету,уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Дене ептілігі і жоғары топ оқушыларына қиындатылған жаттығу түрін ұсыну

Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға тактикалық әрекет жөнінде еске салып отырады, қолдануға шақырады және жетістіктерді ауызша мадақтап отырады. Тапсырмалар орындалып болған соң оқушылар бірін-бірі тактиканы білу, қолдану сияқты көрсетілген дескриптор бойынша бағалайды.. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлексия

1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

2. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?

5. Жалпы оқушыларды бағалау

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу