Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 10 сынып, қосымша материал.
10 сынып
"Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты
нығайту" тақырыбына арналған
әдістемелік нұсқаулық
Дене тәрбиесі әлеуметтік жүйе түсінігі мынандай бөліктерден құралады: бірнеше элементтердің бірігуі; бір-бірімен қарым – қатынаста, байланыста болуы; белгілі әр мақсатқа құрылуы.
Дене тәрбиесі тек ғана мынандай жағдайларда ғана өз нәтижесін бере алады, яғни ол белгілі бір жүйе, әдіс – тәсілдер бойынша ұйымдастырылып, қоғамдық мақсат, мүддесіне сай келсе.
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаттары түрлі жолдармен жүзеге асады. Осы мақсаттар мектепте дене тәрбиесі сабақтары, денсаулық топтары, секциялар,стадиондағы клубтар,сонымен қатар үйде жеке гиммнастикалық жаттығулармен айналысу,серуендер т.б арқылы жүзеге асырылады. Дене тарбиесінің теориялары мен методикалары,арнайы теориялары мен спорттық педагогикалық тәртіптері дене тарбиесі жүйесінің сипаттамасын толық ашып көрсетеді. Дене тәрбиесінің негізгі түсініктері мыналар: “спорт”, “дене шынықтыру”, “дене тәрбиесі”. Денешынықтыру тусінігіне дене тәрбиесі оның негізгі бір бөлігі ретінде педагогикалық процесінің 3 бағытында кіреді.
1.Жалпы дене тәрбиесі.
2.Кәсіби бағыттағы дене тәрбиесі.
3.Спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.
Осы 3 дене тәрбиесі бағытының тең дәрежеде болуын ал 2-ші жағынан әртурлі өзіндік критерийлерінің барын және олардың дене тәрбиесі мақсаттарының шешудегі маңызы зор.
Мектептегі дене шынықтыру ол қоғамның материялдық және рухани байлықты байланыстырып мектепте балалардың дене күші жағынан өмірге дайындығы.
Денешынықтыру пәнінің білім беру саласындағы негізгі мақсаты – оқушылар денсаулығын нығайту, білім, өмірлік маңызда қозғалыс біліктілігі мол дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту. Денешынықтыру пәнінің міндеттері – маңызды қозғалыс дағдыларын танымдық қозғалыс белсенділігін қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі турлерімен оқушыларды таныстыру.
- Дайындық жаттығулары.
1. Басқа арналған жаттығулар: Алдымен басымызды оңға, содан кейін солға бұрамыз (4рет). Белімізге қолмызды қойып,сағат тілімен басымызды айналдырамыз.
2. Иыққа арналған жаттығулар: Белімізге қолымызды қойып, иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары көтереміз (4рет).
3. Қолға арналған жаттығулар: Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары көтереміз, 3дегенде екі жаққа созамыз, 4дегенде қолымызды түсіреміз. (2рет қайталаймыз).
4. Белге арналған жаттығулар: Қолымызды белге қойып оңға (2рет), солға (2рет) иеміз. Белімізді сағат тілімен айналдырамыз (2рет).
5. Аяқ жаттығулары: Қолымызды екі жаққа созып аяқ өкшесімен тұрамыз (4рет). Орнымызда тұрып жәй секіреміз (4рет). Тепе-теңдікті сақтап жоғары көтеріліп, қайта түсеміз (4рет).
- Жалпы дамыту жаттығулары.
1. БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау. 2.БҚ. 3.Екінші аяқпенен де осылай жасау.
4-6 рет.
1. БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
2. Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.
3. БҚ Екінші жаққа да осылай жасау.
6-8 рет.
Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.
1. БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.
2. Алға қарай серіппелі түрде еңкею
3. Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу.
6-8 рет.
Аяқты бүкпеу керек.
1. БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
2. Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.
3. БҚ екінші аяқпен де осылай жасау.
8-10 рет.
Қолдарын жібермеуін қадағалау.
1. БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру.
2. Жартылай отыру.
3. БҚ келу.
10-12 рет.
Арқаларын түзу болу керек.
1. БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
2. Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу.
3. БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау.
10-12 рет.
Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.
1. БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру.
2. Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды.
3. БҚ. 3-4 Оң аяқпен де осылай жасау.
6-8 рет.
Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.
1. БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.
2. Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды.
3. БҚ. Екінші жаққа еңкейіп шалқаю.
4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды.
6-8 рет.
Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.
1. БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды. «А» алға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А» - ның иығына жатады.
2.БҚ.
3.Қайталау.
6-8 рет.
Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау.
- Эстафеталық таяқшамен өткізілетін ойын.
Екі топ алдына бірдей сызық сызылады. Сызықтан 10-20 м жерге бір зат немесе жалауша шаншып қойылады. Әр команданың бірінші ойыншысы алдымен оң қолна таяқшаны ұстап, жалаушаны айналған кезде, таяқшаны сол қолына ауыстырып келесі ойыншының оң қолына ұстатады. Ойын шартын бұрын орындаған топ, жеңіске жеткен болып (10 ұпай) қосылады. Келесі топқа (5 ұпай) беріледі.
2. Шегіртке (қос аяқтап секіру)
Команда сөре сызығына келіп тұрады. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншыларды, белгілеген жалаушаға дейін, қос аяқтап секіріп барып, секріп келеді. Келесі ойыншыға қол беру арқылы секіруді жалғастырады. Бірінші болып келген команда жеңіске жеткен болып (10 ұпай) алады, келесі команда (5 ұпай) алады.
3. Секіртпе жіппен серіру (скакалка)
Сөре сызығының бойында тұрған 2 команда ойыншылары белгіленген жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады. Қай команда жылдам секіріп келсе, сол командаға (10 ұпай), келесі командаға (5 ұпай) алады.
4. Доп ұру.
Командалардың бірінші ойыншылары ойынды бастайды. Белгіленген жалаушаға барғанша,оң қолымен допты жерге соғып,ал келгенде допты сол қолымен жерге соғып алып келеміз. Ойыншылар бір-біріне доп беру арқылы ойынды жалғастырады. Қай команда бірінші келеді, сол командаға (10 ұпай). Екінші командаға (5ұпай).
5. Кім жылдам, әрі епті.
Төреші белгісі бойынша командалар жеңіл шарды жоғары әуеге лақтырып,қайта қағып алып белгіленген жерге дейін барып қайтады. Қай команда бірінші келеді сол командаға (10ұпай), екінші командаға (5ұпай) беріледі.
6.Секір де,жүгіре жөнел.
Командалар сап түзеп тұрады. Әр командадан екі ойыншы топ алдына секіртпе жіпті айналдырып тұрады. Берілген белгі бойынша ойыншылар кезекпен кезек тез-тез шығып, айналып тұрған секіртпені ілмей секіріп өтеді де,ары қарай жүгіре жөнеледі.
7.Тепе-теңдікті сақтау.
Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп, белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға (10 ұпай), екінші командаға (5 ұпай) беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?