Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 «Денсаулық және салауатты өмір салт» | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме | 10.2.5.5. Баламалы идеяларды дамыту мақсатында өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру. | ||
Сабақ мақсаты | Дене жаттығуларының тірек және қозғалыс жүйесін қалыптастыруға әсерін ашу. | ||
Бағалау критерийі | Оқушы: – жүгіру кезінде денсаулықты нығайтатын жаттығулар тізбегін орындайды; – секіру кезеңдеріндегі дененің қозғалыс белсенділігін көрсетеді; – денсаулыққа әсер ететін жаттығуларды бір-біріне көрсетіп орындайды. | ||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Денсаулық түсінігін сипаттайды, талқылайды және көрсетеді. Мыналарды қамтиды: - таңғы гигиеналық гимнастика; - жүрек-қантамыр жүйесі; - арнайы жаттығулар. Талқылау үшін сұрақтар:
| ||
Құндылықтарды дамыту | Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру. Сыйластык, қарым қатынас. | ||
Пәнаралық байланыстар | физика, биология пәндерімен байланысты. | ||
АКТ қолдану дағдылары | Ноутбук арқылы көрсету. | ||
Бастапқы білім | Оқушылардың алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алынған тәжірибесі. |
Сабақ барысы | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 5 мин | Оқушылардың сапқа тұруы, сәлемдесуі және сабақтың міндеттерімен таныстыру. Солға, оңға бұрылу. Қозғалыстар, қолдары белде, табанның ішкі жағымен және сыртқы жағымен жүру, шеңбер бойынша жеңіл жүгіру, жүріп өту. Допты қолдану арқылы жалпы дамыту жаттығуларды жасау. | Үлкен ойын алаңы, мұғалім ысқырығы. | ||
Негізгі сабақ 25 мин | (С, Т, Ф) Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу (7 мин): 1. Гимнастикалық скамейкадан секіру; 2. Гимнастикалық төсеніште алға домалау. 3. Гимнастикалық төсеніште артқа домалау. 4. Тепе - теңдік сақтап жүру. 5. Гимнастикалық қабырғада мініп - түсу. Жаттығуларын жасату. 6. Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 3 топқа бөлу. (С, Т, Жж, Ф) Оқушыларды 3 топқа бөлу, дұрыс жасауын қадағалау: І топ – Әртүрлі биіктіктегі арыста жаттығулар 1. Тартыла секіріп, аяқты ашып міну. 2. Шалқаю 3. Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру. 4. Қарлығаш жасау. 5. Бұрыш жасап 6. 90о - қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру. 18 мин Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау. ІІ топ – Акробатикалық жаттығулар 1. Алға домалау 2. Көпір жасау. 3. Артқа домалау 4. Жауырынға тұру. 5. Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алақанын жерге қою. 6. Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау. ІІІ топ – Тепе - теңдік жаттығулар 1. Қарлығаш жасау. 2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру. 3. Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу. 4. Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру. Сыныптасының көмегімен жасау. (С, Т, Ф) Көңілді эстафеталық ойындарды өткізу. | Үлкен ойын алаңы, мұғалім ысқырығы. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың тиімді құралдары, сілтеме: http://www.ukzdor.ru/fizkult.html Таңғы гигиеналық гимнастика кешені: | ||
Сабақтың соңы 15 мин | Рефлексия.
Үй тапсырмасы: Дене қаблеттерін дамыту жаттығуларына байланысты денені жерден көтеру жаттығуын жасау. | |||
Дифференциация–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Дифференциация тапсырманы күрделендіру | Бақылау, кері байланыс оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын белгілі бір критерийлер бойынша тәсілдер арқылы бағалай алады. | Жаттығулар орындау барысында қауіпсіздік техникасының сақталуы және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Денсаулық сақтау әдістері,сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері,сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?