Қозғалыс қабілеті арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 63-64 сабақ.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 63,64 | |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ 8-тарау: Командалық ойындардағы дағдыларды жетілдіру Күні: 06-11.05.19 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Аубакиров Д.К., Токкожин Д.К., Кусаинов А.А.,Закерьянова А.Е., Нуртаза Г.А. Сынып: 10 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қозғалыс қабілеті арқылы денсаулықты нығайту. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.4.1. Денсаулықты сақтау және нығайту бойынша аурулардың алдын алу шараларын талдау және бағалау. |
Сабақ мақсаттары | Денсаулықты сақтау және нығайту бойынша аурулардың алдын алу шараларын талдау және бағалау үйрету және түсіндіру. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Жеңіл атлетика жаттығуларының денсаулық құрамдастарына әсерін түсіндіріңіз және талдаңыз Пән лексикасы және терминология:
|
Құндылықтарға баулу | Адамгершілік, азаматтық позиция. |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. |
Кілттік дағдыларды дамыту | Сабақ барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлау және креативтік дағдыларды жеңіл атлетика кезінде, бір-бірін бағалағанда, қателіктерін түзегенде, ақыл-кеңес бергенде дамытады. |
Алдын ала білімі | Оқушылар жүгіру, секіру мен лақтыруды орындау техникасын меңгереді, оларды сабақта және сабақтан тыс қызмет кезінде өздігінен орындай алады. | ||
Сабақтың барысы | |||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған қызмет | Құралдар | |
Сабақтың басы 10 минут | (C,К) Мұғалім оқушылармен амандасады. Содан кейін футбол туралы мәліметтерді сұрайды. Сүрақтар:
Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Оқушылармен сабақтың тақырыбын анықтайды «Секіру және дәлдеу.» Сабақтың басында ерекше көңіл бөліну керек: - оқушылардың зейінін қоюына; - оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ - оқушылармен сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау. (С) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. (ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды. | Үлкен бос кеңістік. | |
Сабақтың ортасы 60 минут | (С, Т, ҚБ) Оқушылар аяқтарын бүгіп екпінмен ұзындыққа секіруді жұптасып, карточкалардағы тапсырмалар арқылы жасайды: 1 тапсырма. Оқытылып жатқан техника бойынша түсінік 2 тапсырма. Итеру техникасы. 3 тапсырма. Екпін мен итеруді байланыстыру. 4 тапсырма. Жерге қону техникасы. 5 тапсырма. Ұшу фазасы Секіруді орындау техникасын орындау бірізділігін құру. Тапсырмаға дескрипторлар:
(Б, ЖЖ, ҚБ.) Оқушылар шағын допты лақтыруды, тапсырмалары берілген карточкалар арқылы, топта орындайды: 1 тапсырма. Шағын допты лақтыру техникасы 2 тапсырма. Снарядты ұстау және шағын допты лақтырудың соңғы фазасындағы жүгіре басу қимылындағы техника 3 тапсырма. Екпін жасау кезінде шағын допты «тіке-артқа» лақтыру техникасы 4 тапсырма. Алдын-ала және соңғы фаза элеметтерін байланыстыру. Шағын допты лақтыру мен арнайы жаттығуларды орындау техникасының бірізділігін құру. Тапсырмаға дескрипторлар: оқушылар карточка бойынша тапсырмаларды орындайды.Мұғалім әр топқа басқа топтарды бағалғуды ұсынады. Одан соң оқұшылар жұп жұпқа бөлініп нығыздалған доптармен әртүрлі ЖДДЖ орындайды. Кейін мұғалім әрбір оқушыны орындаған тапсырмаларын талдауға шақырады (Не жасалды? Не жасалмады? Неліктен? Не кедергі болды? Тапсырманы орындағанда қандай көмек болды?) (ҚБ) Мұғалім әр оқушыны диалогтық әдіс арқылы бағалайды. | Ысқырғыш, футбол доптары. Бейне баянға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=YZsp2rOD6xo Бейне баянға сілтеме: | |
Сабақтың соңы 10 минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
| Стикерлер, маркерлер, қаламдар. | |
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |
Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Мұғалім келесі сөздерді қолданады: «Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!» Келесі сұрақтар қойылады: Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар? Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай? | Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру. | |
Сабақ бойынша рефлексия
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: |
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?