Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы: Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы
Сабақ мақсаты: -түрлі бұлшық еттерді дамыту, қалпына келтіру жаттығуларды орындату;
-эстафеталық жүгірудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;
-өмірге қажетті қимыл – қозғалыс қасиетін қалыптастыру.
Оқу мақсаты: 10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру
10.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті салыстыру және талдау
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
Сабаққа дәрігерлік бақылаудан өткен және қауіпсіздік ережесімен танысқан соң жіберіледі;
Жарақат алу қаупі: жаттығуды жарамсыз спорт құралдарымен орындағанда және сақтандырусыз орындағанда.
Спорттық киімінің талаптарын назарда ұстау және спорттық аяқ киімнің табаны жылтыр болмауын қадағалау;
Дайындық жаттығуларын жүктеме бойынша өткізу;
Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының пайдалануға, орындарын ауыстыруға рұқсат етілмейді;
Құрал-жабдықтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ, таза шүберекпен сүртіп алу керек.
Жеке гигиена талаптарын сақтау
Дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс;
Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды;
Спорт киімін киім шешетін орында ауыстырып кию керек;
Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
Әр түрлі бұлшық еттерді дамыту мен қалпына келтіру жаттығулар жиынтығы.
Денсаулықты, дене белсенділігін дамытуға арналған жаттығулар топтамасын жұппен және жекелей орындау.
Доппен орындалатын жаттығулар жиынтығын көрсетілген реттілікпен орындау
Шағын допты ұстау және «тіке-артқа» лақтыру техникасы
Екпін алып шағын допты лақтырудың соңғы фазасындағы жүгіре басу қимылындағы техника
Алдынғы және соңғы фаза элеметтерін тұтастай байланыстыру.
Шағын допты лақтыру сипаттамасы:
Допты лақтыру техникасы:допты ұстау, екпін алу, қолды артқа созу және лақтырудан тұрады.
Шағын доптың ұшу қашықтығы оның алғашқы ұшу жылдамдығына, ұшып шығу бұрышына (40-43 градус оңтайлы бұрыш болып есептеледі), әуе ортасының қарсылығы мен қолдан доп ұшып шығу кезіндегі биіктікке байланысты. Ұшу жылдамдығы допқа салынған күш көлеміне, жолдың ұзындығына байланысты. Допты лақтыру нәтижесі оқушылардың жылдамдық-күштік және техникалық дайындығына байланысты.
Оқушылар жұпта эстафеталық таяқшаны дұрыс беру техникасын жетілдіреді. 20 - метрлік аймақта жоғары жылдамдықта эстафеталық таяқшаны беру техникасы.
Эстафеталық таяқшаны беру техникасының сипаттамасы
эстафеталық жүгіру техникасының ерекшелігі, ол эстафеталық таяқшаны эстафетаның түріне сәйкес жоғары жылдамдықта беру болып табылады.
эстафеталық таяқша қолдан қолға беріледі;
әрбір қатысушы тек бір кезеңді жүгіре алады;
эстафеталық таяқша 20 метрлік беру аймағында ғана беріледі;
эстафеталық таяқшаны түсіріп алған қатысушы басқаларына кедергі келтірместен, оны өзі көтеруі тиіс;
беру сәтінде таяқшаны түсіріп алған кезде, оны беруші көтеруге тиіс.
Бірінші кезеңге қатысушы жүгіруді төменгі сөреден бастайды. Ол эстафеталық таяқшаны оң қолында, үш саусақпен тығыз ұстайды, ал үлкен және сұқ саусақты сөрелік сызыққа тірейді. Жүгіруші жолақтың ішкі жағымен жүгіреді.Екінші кезеңнің жүгірушісі эстафетаны сол қолмен қабылдайды және жолдың сыртқы жағына жақын жүгіреді.
Үшінші кезеңнің жүгірушісі эстафетаны оң қолмен қабылдайды және жолдың ішкі шетіне жақын жүгіреді.
Төртінші кезеңде жүгіруші жолдың сыртқы жағына жүгіреді және эстафетаны сол қолмен қабылдайды.
Назарларыңызға рахмет!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?