Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін____________

____________________

Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары №_________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім-Денсаулық және салауатты өмір салты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру

10.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті салыстыру және талдау

Сабақ мақсаттары

түрлі бұлшық еттерді дамыту,қалпына келтіру жаттығуларды орындату;

-эстафеталық жүгірудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;

-өмірге қажетті қимыл – қозғалыс қасиетін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

-дене белсенділігін дамытуда туындайтын тәуекелдерді басқарады, жүзеге асырады.

-арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі реттілік пен дағдыларын салыстырады,талдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: физикалық әрекет,денсаулық пен жеке бас саулығын жетілдіруде қандай мүмкіндік беретінін бағалау және өз білімдерін жинақтауды меңгеру.

Тілді оқу сыныптағы оқушыларға түсінікпен, пәннің мазмұнымен жұмыс істеуге қажетті тілді қамтамасыз ету;

  • Физикалық қасиеттер (күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік)
  • дайындық: интервал, ұзақтық, жылдамдық/ жылдамдық төзімділік
  • ширату және қалпына келтіру техникалары;
  • бұлшық еттер мен олардың құрылымы
  • екпінмен бір орыннан ұзындыққа секіру;
  • орыннан, жүгіріп келіп лақтыру;
  • екпін кезіндегі қадамның ұзындығы;
  • секіру мен лақтырудағы фазалар;
  • жүгірудің ырғағы.

Құндылықтарды дарыту

Дене тәрбиесі бағдарламасында мәдениет пен көзқарас алуан түрлілігіне құрметті қалыптастыру келесілер арқылы насихатталады:

академиялық шыншылдыққа, бір-біріне деген сыйласымдылыққа, сыныптық тәртіпке,әділ,ынтымақтастықта ойнауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физика,физиология

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Допты лақтыру техникасы:

https://www.youtube.com/watch?v=0GalavwdShs

Бастапқы білім

Қозғалыс белсенділігі аясында, оқушылар денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған жаттығулар кешенін құру және орындау қабілетін көрсетеді.. Арнайы дене даярлығы, физикалық жүктемені және ағзаның функционалдық мүмкіншіліктерін зерделеу, жаттығулар кешендерін әзірлеу және пайдалану білімін көрсетеді. Сонымен бірге, жүгіру техникасы мен оның түрлерін жетілдіру, екпінмен ұзындыққа секіру, лақтыру бойынша жұмыстар жалғасады. Төзімділікті, күштік-жылдамдықты, жылдамдық және координациялық қабілетті одан әрі дамытуға назар аударылады

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын,оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. (Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Уақытты жоспарлау: Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөлу. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу бірқалыпты жүгірулер. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

Сабақтың ортасы

1. ( ЖЖ, Тәж,ҚБ) Денсаулықты, дене белсенділігін дамытуға арналған жаттығулар топтамасын орындау. Топта оқушылар тақырыпқа арналған мүмкін болатын ойлармен алмасады.Одан кейін топтар пікірлер тізбегін ұсынып, оларды бір бірімен талқылайды. Талқылаудан кейін олар денсаулықтың негізгі құрамдастарын атайды.

Доппен орындалатын жаттығулар жиынтығын орындау.Туындауы мүмкін қателік пен тәуекелді анықтаңыз,басқаруға тырысу.

(ЖЖ,К,ҚБ) Оқушылар тапсырмалары көрсетілген карточкалар арқылы, кіші допты лақтыруды топта орындайды.

Шағын допты лақтыру техникасы.

1-тапсырма. Шағын допты ұстау және «тіке-артқа» лақтыру техникасы

2-тапсырма. Екпін жасау кезінде шағын допты лақтырудың соңғы фазасындағы жүгіре басу қимылындағы техника

4-тапсырма. Алдынғы және соңғы фаза элеметтерін тұтастай байланыстыру.

(ЖЖ,Тәж,ҚБ) Оқушылар жұпта эстафеталық таяқшаны дұрыс беру техникасын жетілдіреді. 20 - метрлік аймақта ең жоғары жылдамдықта эстафеталық таяқшаны беру техникасын үйрету. Жылдамдықты үдете отырып эстафета таяқшасын беру-алуды, қайта-қайта қайталатып жүгірту.

Бейне сілтеме: шағын допты лақтыру техникасы

https://www.youtube.com/watch?v=0GalavwdShs

Бейне сілтеме: эстафеталық таяқшаны беру мен алу

https://www.youtube.com/watch?v=D9uFvPdjuv4

Сабақтың соңы

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылармен рефлексия,кері байланыс жүргізіледі: қандай жаттығуды өз деңгейінде, неге орындай алмадым, нені толық түсінбедім? сұрақтарға жауап іздеу.

Бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, туындаған қателерге назар аударылды, анықтамалар беріледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

-талқылау, жоспарлау, қарау, бағалау, есептеу арқылы;

-қарқындылық қандай болу керектігіне: төмен, біршама, жоғары

-қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау, еңсеру арқылы. Тапсырмалардың баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды топ алдында дағдыларын өз бетінше көрсетуге мүмкіндік беру, қайталату.

Бірлескен іс әрекетте жаттығулар элементтерінің орындалу реттілігіне көңіл бөлу. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? -Байқау, тыңдау, сұрақ қою арқылы.

Бірлескен, жеке тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалауларды жүргізу.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, еңсеру.

Техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Дене қуатын үнемдеу шарттары. барлық оқушылар оқу үдерісіне тартылған және үздік нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі бар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу,сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, мағынасына байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, оқу үдерісіне тартылған және үздік нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Жаттығулардың орындалуына саралау жүргізілді.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға қозғалыс дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жаттығулар жинағын дұрыс түсінуі, қозғалыс әрекеттерін дағдыландыруы, сапасына көңіл бөлуі.

2: Қозғалыс әрекеттері мен дағдыларын дұрыс қолдануы мен тапсырмаларды орындалу үйлесімділігінің сақталуы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Тапсырмалардың, жаттығулардың айырмашылығын анықтау.

2: Әр оқушының толық дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету және әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріп, бірнеше рет қайталату. Ойлау қасиетін дамытатын жаттығулар, ойындарының орындалу реттілігіне байланысты сұрақтар қою. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу