Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы. Дене шынықтыру, 10 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
- Адамның бұлшық еттері туралы
Бір қадам жасағанның өзінде 200 бұлшық ет қимыл-қозғалыста болады. Ағзадағы ең төзімді бұлшық ет – жүрек. Ол үнемі жұмыс істеп тұрады. Бұлшық етті өсіруге, жаттықтыруға болады, ол туралы көптеген әдеби кітаптар бар. Ал біз ең қызықты деректер жайлы айтамыз.
Жалпы қанша бұлшық ет бар?Адам ағзасында барлығы 640-тан бастап 850-ге дейін бұлшық ет бар. Адам жай жүргеннің өзінде 200 бұлшық ет қимылдайды. Бұлшық ет тіні майға қарағанда 15%-ға тығыз, сондықтан жаттыққан адамның салмағы одан да толық, бірақ жаттықпаған адамнан көбірек болады. Дененің орташа есеппен 40% салмағы бұлшық етке түседі.
Сан түрлі бұлшық етАдамның бұлшық еттері бірдей болмайды. Сондықтан олардың әрқайсын түрліше жаттықтыру қажет, және де бұлшық ет топтарының әрқайсының қайта қалпына келуіне кететін уақыт та әртүрлі болады.
Бұлшық еттердің төзімділігі Төзімділік – бұл бұлшық еттердің бірнеше сағат бойы жұмысқа қабілеттілігін сақтап тұруы. Айтып өткеніміздей, адам ағзасының ең төзімді бұлшық еті – жүрек.
Бұлшық еттер және эмоцияларБет бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы адамның эмоциясымен тікелей байланыста екені белгілі. Өткен ғасырдың басында-ақ орыс ғалымы Иван Сикорский бет бейнеге жіктеу жасаған: көз айналасындағы бұлшық еттер ақылдылыққа жауап берсе, ауыз айналасындағы бұлшық еттер – ерік әрекетін бейнелеуге жауап береді, ал сезімді беттің барлық бұлшық еттері бейнелейді.
Бұлшық еттерден айрылу Бұлшық еттер мәңгілік емес. 40 жастан кейін олар белсенді түрде кете бастайды, бір жылда адам 2-ден 3 пайызға дейін бұлшық ет тінінен айрылады, 60 жастан кейін – 5%-ға дейін. Сондықтан қартайған шақта да жаттығулардың маңызы өте зор.
2. Бұлшық еттердің негізгі топтары.
Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі. Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді. Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады.Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.Аяқ – қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет) қолды жазады. Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті - – тізе буынын жазатын бұлшық ет орналасады. Ол сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге қатысады.
Бұлшық еттердің дұрыс созылуы
1 - топқа тапсырма
Дене бұлшық еттерін созу және дамыту жаттығуларының түрлерін көрсетіңдер.
Топта оқушылардың барлығы қамтылуы тиіс. Олар дене бұлшық еттерінің созылу және дамыту жаттығуларын жекелей немесе бірлесіп көрсетулері тиіс.
2- топқа тапсырма
Дене бұлшық еттерінің жаттығу немесе ойыннан кейін қалыпқа келтіру жаттығу түрлерін көрсетіңіз.
Екі топқа дайындыққа уақыт беру. Екі топтың оқушылары бір-біріне құрастырған жаттығу түрлерін көрсетеді. Талқылайды. Бағалайды. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
Сұраңыз: Ұсынылған жаттығу кешенін орындау кезінде қиындықтар болды ма? Құрастырылған кешендердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Дескриптор:
- Дене бұлшық еттеріне қатысты жаттығуларды көрсетеді,
- Жаттығулардың реттілігімен орындап көрсетеді;
- Дене белсенділігін дамыту үшін түрлі әдістер көрсетеді.
Пайдаланылған ресурстарға сілтеме
1.Интернет-ресурсқа сілтеме:
http://bodytrain.ru/principy-treninga/zaminka-posle-trenirovki-uprazhneniya.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?