Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.


10 сынып

№ 8 бөлім:

Денсаулық және салауатты өмір салты

Сабақтың тақырыбы:

Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы

Оқу мақсаты:

10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру

Бағалау критерийлері:

Бұлшық ерттерді қалпына келтіру жаттығуларын орындайды;

Дене белсенділігін дамытады;

Дене белсенділігін дамыту, бағалау үшін стратегияларды жүзеге асырады

Бұлшық еттердің негізгі топтары.

Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі. Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді. Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады.

Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.

Адамның бұлшық еттері туралы

Бір қадам жасағанның өзінде 200 бұлшық ет қимыл-қозғалыста болады. Ағзадағы ең төзімді бұлшық ет – жүрек. Ол үнемі жұмыс істеп тұрады. Бұлшық етті өсіруге, жаттықтыруға болады, ол туралы көптеген әдеби кітаптар бар. Ал біз ең қызықты деректер жайлы айтамыз.

Жалпы қанша бұлшық ет бар?

Адам ағзасында барлығы 640-тан бастап 850-ге дейін бұлшық ет бар. Адам жай жүргеннің өзінде 200 бұлшық ет қимылдайды. Бұлшық ет тіні майға қарағанда 15%-ға тығыз, сондықтан жаттыққан адамның салмағы одан да толық, бірақ жаттықпаған адамнан көбірек болады.  Дененің орташа есеппен 40% салмағы бұлшық етке түседі.

Сан түрлі бұлшық ет

Адамның бұлшық еттері бірдей болмайды. Сондықтан олардың әрқайсын түрліше жаттықтыру қажет, және де бұлшық ет топтарының әрқайсының қайта қалпына келуіне кететін уақыт та әртүрлі болады.

Бұлшық еттердің төзімділігі 

Төзімділік – бұл бұлшық еттердің бірнеше сағат бойы жұмысқа қабілеттілігін сақтап тұруы. Айтып өткеніміздей, адам ағзасының ең төзімді бұлшық еті – жүрек.

1 - топқа тапсырма

Дене бұлшық еттерін созу және дамыту жаттығуларының түрлерін көрсетіңдер.

Топта оқушылардың барлығы қамтылуы тиіс. Олар дене бұлшық еттерінің созылу және дамыту жаттығуларын жекелей немесе бірлесіп көрсетулері тиіс.

2- топқа тапсырма

Дене бұлшық еттерінің жаттығу немесе ойыннан кейін қалыпқа келтіру жаттығу түрлерін көрсетіңіз.

Екі топқа дайындыққа уақыт беру. Екі топтың оқушылары бір-біріне құрастырған жаттығу түрлерін көрсетеді. Талқылайды. Бағалайды. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Сұраңыз: Ұсынылған жаттығу кешенін орындау кезінде қиындықтар болды ма? Құрастырылған кешендердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Дескриптор:

Дене бұлшық еттеріне қатысты жаттығуларды көрсетеді,

Жаттығулардың реттілігімен орындап көрсетеді;

Дене белсенділігін дамыту үшін түрлі әдістер көрсетеді

Талқылау үшін сұрақтар:

- Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өз денсаулықтарын қалай сақтаулары керек?

Жарақаттың болдырмау себептері қандай?

Созылу, керілу жаттығуларының қандай түрлерін білесіздер?

Денені, бұлшық етті қалыпқа келтірудің қандай пайдасы бар?

Қорытынды

Бұлшық еттер қозғалып жұмыс жасайтын, яғни денеміз қосымша калорияларды ыдырататын кез-келген  физикалық белсенділік- жаттығу деп аталады. Физикалық жаттығулардың жүзу, жүгіру, жаяу жүру, би секілді көптеген түрлері бар. 

Физикалық жаттығулар жас адамдардың сүйегінің тығыз және мықты болып қалыптасуына ықпал етеді. Олар сондай-ақ егде жаста болатын остеопороздың алдын алады.

Бастапқыда физикалық жаттығулар жүректің қысылуының жиілеуіне ықпал етеді және онымен қан ағымының миға құйылуын жақсартады. Жаттығу сондай-ақ, жүйке жасушаларының өсуіне ықпал ететін гормондардың өндірісін ынталандырады.

Сонымен қатар бірнеше зерттеу көрсеткендей, тәжірибеге қатысқан адамдар дене жаттығуларының тиісті жиынтығын жүйелі орындағаннан кейін олардың өмір сүру сапасы жақсарып, ауырсыну төмендеген.

Әр түрлі бұлшық еттерді созу және қалпына келтіру жаттығулар жинағы

Әр түрлі бұлшық еттерді созу және қалпына келтіру жаттығулар жинағы

Пайдаланылған ресурстарға сілтеме

1.Интернет-ресурсқа сілтеме : https://folkextreme.ru/2014/05/stretch/

http://bodytrain.ru/principy-treninga/zaminka-posle-trenirovki-uprazhneniya.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу