Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8 бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы | ||||||
Оқу мақсаттары | 10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
● Сауатты сөйлеуді, өмір сүруді құру. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды: Қауіпсіздік, қимыл-қозғалыс дағдылары, физикалық жаттығулар, Денсаулық, психикалық, әлеуметтік ынтымақтастық, команда, қиындықтарды жеңу. Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сыйластық, адалдық, жауапкершілік, ынтымақтастық, командалық рух, командалық жұмыста өзара көмек көрсету арқылы құндылықтарды дарыту. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | "Орыс тілі" пәнімен, сабақта оқыған дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша оқушылардың материалын баяндау арқылы байланыс. Адам денсаулығы үшін дене жаттығуларының маңызы туралы айта білу. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қауіпсіздік техникасы және дені сау адамның негізгі белгілері бойынша презентацияны қолдану | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы кейбір түсініктерді үйренді. Денсаулықтың пайдасын түсініп, салауаттылықтың маңызын өзгеге түсіндіре біледі. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы денсаулықты нығайтады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-10 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл күйлеріне мән беру. Шеңбер бойына тұрып, ашық сұрақ-жауап арқылы денсаулыққа қатысты түсініктерін кеңейту.
Мұғалім оқушыларға ашық сұрақтар қояды, оқушылардың жауабын мұғалім стикерлер немесе түрлі смайликтерді жабыстыру арқылы бағалап отырады. Содан кейін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады. Оқушылар бірлесіп, қыздырыну жаттығуларын орындайды. Қыздырыну жаттығуына қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. «Қуыспақ» ойынының ережесі: Оқушыларды жұптастырады. Жұптасқан оқушылар ажырамай бірге қашады және бірін-бірі қуады. Ойынды талдау, шапшаң ойын көрсеткен жұптарды бағалау.
Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, оқушыларға тақырыпқа сай, тапсырмалар беріледі. Оқушылар іс-әрекеттермен танысып, топта бірлесіп жұмыс жасауға кіріседі. | Үлкен бос кеңістік, мұғалім үшін ысқырық | |||||
Сабақтың ортасы 10-20 минут 20-35 минут | 1.Оқушыларды екі топқа бөлу. 1 - топқа тапсырма Дене бұлшық еттерін созу және дамыту жаттығуларының түрлерін көрсетіңдер. Топта оқушылардың барлығы қамтылуы тиіс. Олар дене бұлшық еттерінің созылу және дамыту жаттығуларын жекелей немесе бірлесіп көрсетулері тиіс. 2- топқа тапсырма Дене бұлшық еттерінің жаттығу немесе ойыннан кейін қалыпқа келтіру жаттығу түрлерін көрсетіңіз. Екі топқа дайындыққа уақыт беру. Екі топтың оқушылары бір-біріне құрастырған жаттығу түрлерін көрсетеді. Талқылайды. Бағалайды. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Сұраңыз: Ұсынылған жаттығу кешенін орындау кезінде қиындықтар болды ма? Құрастырылған кешендердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Дескриптор:
Оқушылар кіші топтарда белгілі бір бұлшық еттер тобына (түрлі топтарға түрлі нұсқалар) дене қыздыру жаттығуларын немесе белгілі бір қызмет түрінен кейін қалыпқа келтіру жаттығуларын құрастырады. Мысалы, бірінші топ-жүгіретін қысқа қашықтыққа, екінші топ-лақтырудан кейінгі қалыпқа келтіру. Құрастырылған кешенді басқа топ оқушыларына көрсетуді ұсыныңыз. Құрастырылған кешендерді топтар арасында бағалау. Сұраңыз: Дене қыздыру жаттығулары сіздің ағзаңызға әсер еткендігі сезілді ме? Қозғалыс әрекеттерін орындағаннан кейін ағзаны қалыпқа келтіру не үшін қажет? Дене қыздыру жаттығуларын құрастыру мен өткізу кезінде жеке білімдеріңіз көмектесе алды ма? Ағзаны дамыту мен өзін жақсы сезіну үшін жалпы дене дайындығы туралы алған білімдердің пайдасы бар ма? Дискриптор:
| Үлкен, еркін кеңістік. «Созылуға арналған жаттығулар» интернет ресурсына сілтеме: http://folkextreme.ru/2014/05/stretch/
Үлкен, бос кеңістік. «Ағзаны қалыпқа келтіру» интернет ресурсына сілтеме: http://bodytrain.ru/principy-treninga/zaminka-posle-trenirovki-uprazhneniya.html | |||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия. Талқылаулар арқылы ойындардағы әріптестік ынтымақтастықтың пайдасы мен белсенді қызметтен денсаулық үшін әлеуетті пайданы қарастырыңыз. Сұраңыз: командада жақсы жұмыс жасадыңыз ба? Дене шынықтыру дайындығының қандай компоненттері осы белсенділікті дамытады? (мысалы, төзімділік, жылдамдық). Топпен жұмыс жасау ұнады ма? | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация: - спорттық құралдар мен жабдықтар бойынша; - топтарға бөлу бойынша; - жаттығу кезінде жүктемені бөлу бойынша. | 1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс сабақ бойы қолданылады; 2. Өзара бағалау: оқушылар топтарда бір-бірін бағалайды. 3. Тапсырманы немесе іс-әрекетті орындап болғаннан кейін талқылау, кері байланыс жүргізіледі. | Жаттығуларды орындау кезінде және қозғалмалы ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?