Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


 

 

 Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім –Командалық ойын – белсенді қозғалыс нысаны

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын тактикасы

Оқу мақсаттары

10.2.3.1. Тактика мен стратегияларды құру және талдау

Сабақ мақсаттары

  • Ойын кезінде тактикалық, стратегиялық, идеялармен тәжірибе жасау
  • Баскетбол ойындағы ойыншы рөлдерін түсіну, тәжірибеде жетілдіру және қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Ойын кезіндегі тактикаларды, стратегияларды түсінеді және практикада қолданады.
  • Шабуылшы рөлін түсінеді, практикада орындайды;
  • Қорғаушы рөлін түсінеді, практикада орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпты меңгеруге көмектесу үшін, қозғлыс белсенділіктерін жетілдіруге қатысты сөз тіркестерін түсініп, сабақта қолдану үшін төмендегідей сөз тіркестерінің анықтамаларын сабақ кезінде ұғындыру.

  • қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу
  • Дриблер – дриблерші – dribbler;
  • Қорғаушы – защитник – defender
  • Шабуылшы – нападающий – attack;
  • Тактика, стратегия - Tactics, strategy

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Сендер тағы қандай бірлескен жаттығулар орындай алар едіңдер?
  • Ұсынылған оқу тапсырмаларында сендерге тағы қандай ерекше қозғалыс әрекеттерін қолдануға тура келді?

Құндылықтарды дарыту

Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту,азаматтық патриотизмды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Биология

АКТ қолдану дағдылары

Жылжымалы интербелсенді тақта

Алдын ала білімі

Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет нәтижесінде дене дайындығын жетілдіру дағдылары бар.

 

  Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсаты және бағалау критерилерімен таныстыру.Спорттық кимге назар аудару. Сергіту сәті ретінде саптық сауаттылықтарын тексеру және мұқияттылықтарын байқау үшін «Топ» деген саптық ойын ойналады. Топ деген бұйрық берілген жағдайда саптық жаттығуды орындау тиіс егерде мұғалім айтпаса оқушылар берілген бұйрықты орындамайды.

Негізгі бөлімге кіріспес бұрын тактика, стратегия жөнінде теориялық мағлұмат беру үшін, білімді бекіту үшін таныстырылым қаралады.

Спорттық ойындардағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін тексеру.

Қыздырыну жаттығулары және арнайы дайындық жаттығуларын орындату.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

(ЖЖ, Б, Ф) 1 нөмірлі ойыншылар жұтарда шабуылшы рөлін 2 нөмірлі қорғаушы рөлін атқарады қорғаушылар мен шабуылдаушылар топқа жиналып берілген рөлдері бойынша стратегиялар құрады. Жұптағы жұмыстарды жүзеге асыру. Оқушылар алаңды шеңбер жасай айналып тұрып жұпта 1 ші нөмірлі ойыншылар шабуылшы рөлін жүзеге асыруға тырысса жұптасы қарсылық танытып қорғаушы рөлін жүзеге асыруды сынамалап көреді. Белгілі бір уақыт соң оқушылар рөлдерімен ауысатын болады және сол әрекеттерді қайталайды. Мұғалім өз тарапынан уақытты реттеп, әр оқушының жаттығуды орындау әрекетіне ынталандырушы сөздер жазылған карточкалар беріп тұру арқылы бағалап тұрады.

Дескрипторлар:

Стратегилар құрады тәжірибеде қолданды

Шабуылшы рөлін түсінеді, практикада қауіпсіз орындайды;

Қорғаушы рөлін түсінеді, практикада қауіпсіз орындайды.

ҚБ: «ынталандырушы сөздер». Әр оқушының жаттығуды орындау әрекетіне қарай карточкалар беріп тұру арқылы бағалап тұру.

(Б, ЖЖ, К, Ф). Топтағы жұмысты жүзеге асыру. Оқушылар 5 адамнан тұратын 2 шағын топ жасақтайды. Шағын топтағы бір оқушы айып алаңында тұрып қорғаушы рөлін жүзеге асырса қалған төрт оқушы шабуылдау іс-әрекетін орындайды. Шабуылшы төрт оқушы шабуылды кезекпе-кезек бір лекте орналасқан қалыпта іске асырады, барлығы орындаған соң қорғаушы рөлімен ауысады. Мұғалім өз тарапынан уақытты реттеп, әр оқушының әрекетіне түрлі түсті қағазда ынталандарушы сөз жазылған карточалар беріп тұру арқылы бағалап тұрады.

Дескрипторлар:

- Тапсырманы қауіпсіз орындайды

- Стратегилар құрады тәжірибеде қолданды

- Шабуылшы және қорғаушы рөлін жұпта орындай алады.

- Шабуылшы рөлінде допты алып жүру техникасын көрсетеді;

- Қорғаушы рөлінде допты тартып алу техникасын көрсетеді

ҚБ: «ынталандырушы сөздер». Әр оқушының жаттығуды орындау әрекетіне қарай түрлі түсті карточкалар беріп тұру арқылы бағалап тұру.

бағалау дескрипторлары көрсетілген және әр оқушының есімі жазылған таблица флипчартқа алдын-ала шығарылып қойылады

Қоғану әдісіне сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=9QznxNf6tF4

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық.

Баскетбол доптары.

Түрлі түсті ынталандыру сөйлемі жазылған карточкалар.

Бағалау дескрипторлары мен әр оқушының есімі жазылған таблица көрсетілген флипчарт.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында мұғалім оқушылардың сабақ барысында жинаған карточкаларын сұрайды. Сол бойынша бағалау дескрипторларын орындау жөнінде ұсыныс айтып, флипчарттағы жазылған есімнің тұсына белгілеп қояды. Оқушылардан қай дескриптор жақсы орындалды қайсысын жетілдіру керек екендігі туралы өзіндік бағалауды сұрайды. Мұғалім тарапынан әр оқушыға жеке-жеке кері байланыс беріледі.

Рефлексия парағы

Түрлі түсті ынталандыру сөйлемі жазылған карточкалар.

Бағалау дескрипторлары мен әр оқушының есімі жазылған таблица көрсетілген флипчарт.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дене дайындық көрсеткіштерге байланысты топтастыру арқылы саралау.

Дене дайындығы жоғары оқушылар бір топқа жасақталады, ал, дене дайындығына қолдау қажет ететін оқушылар екінші топқа жасақталады.

ҚБ: «Ынталандарушы сөз». Әр оқушының әрекетіне түрлі түсті қарточкаларды беріп тұру арқылы бағалау.

 Бағалау дескрипторлары көрсетілген және әр оқушының есімі жазылған таблица флипчартқа алдын-ала шығарылып қойылады. Әр оқушының қол жеткізген нәтижелері тіркеліп отырады.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия

 

1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

2. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?

5. Жалпы оқушыларды бағалау

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу