Қауіпсіздік техникасы. Командалық ойындардағы көшбасшылық және көшбасшылық дағдылар. Дене шынықтыру, 10 сынып, қосымша материал.


Формативтік бағалау

Дене шынықтыру

10сынып

7 бөлім

Командалық ойындардағы дағдыларды жетілдіру

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік техникасы.

Командалық ойындардағы көшбасшылық және көшбасшылық дағдылар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.4.4 Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

Бағалау критерийлері

- Қауіпсіздік ережесін сақтайды

-ойын ережесінмен, командалық тактикалық іс-әрекеттерді орындайды, стратегиясын құру және қолдануды орындауын түсінеді

Тапсырма

«Доп үшін күрес»

Әзірлік. Ойын үшін баскетбол алаңын пайдаланады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әрбір команданың ойыншылары әр түсті майка киеді немесе белгі тағады. Ойынды баяндау. Ойнайтын адамдардың саны 20. Басқарушының белгісі бойынша команданың капитандары допты ойынға косады. Доп алған команда допты өздерінде ұзақ ұстауға және мүмкіндігінше бір - біріне көп беруге тырысады. Ал, келесі команданың міндеті- допты қарсыластарынан тартып алып өздеріне көбірек ұстау. Ойын белгіленген уақытқа немесе көрсетілген ұпайға дейін жалғастырылады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Қосымша ереже:

1. Доппен үш адымнан артық аттауға және алаң сызығын басып өтуге болмайды. 2. Ойыншыларды қолмен ұстауға, итеруге болмайды. 3. Доты бір адамға екі реттен артық беруге болмайды. 4. Әрбір допты берген кезде команданың капитаны есепті айтып тұру керек;

Дискриптор

1. Тактика және стратегия термині.

2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады

Формативтік бағалау

Дене шынықтыру

10сынып

7 бөлім

Командалық ойындардағы дағдыларды жетілдіру

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік техникасы.

Командалық ойындардағы көшбасшылық және көшбасшылық дағдылар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.4.4 Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

Бағалау критерийлері

- Қауіпсіздік ережесін сақтайды

-ойын ережесінмен, командалық тактикалық іс-әрекеттерді орындайды, стратегиясын құру және қолдануды орындауын түсінеді

Тапсырма

«Қақпаны қорғау» Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Әрбір команда он екі адамнан құралады, алты шабуылшы және алты қорғаушыдан тұрады. Команда жеребе салу бойынша алаңда немесе ойынды бастауды таңдайды. Әр команда өз алаңында алты шабуылшыны қалдырады, ал қарсыластарының алаңына алты қорғаушыны жібереді. Қарсыластын аланына қорғаушылар радиус бойынша орналасады. Ойынды баяндау. Жургізушінің белгісі бойынша, допты алған команда ойынды бастайды. Олар допты бір – біріне беру арқылы қозғала журіп, допты себетке түсіру әрекетін жасайды. Ал, қорғаушылар допты тартып алып, өз жағына беруге тырысады.Допты себетке көп салған команда жеңіске жетеді. Ойын белгілі уакыт бойынша немесе ұпай жинағанша жүреді.

Дискриптор

1. Ойында бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасап,көрсету

2. Допты уш секундтан артық ұстауға болмайды және доппен екі қадамнан артық жүрмеу керек.

3. Ойыншыларды итеруге допты қолдан тартып алуға болмайды. Егер осы ережелерді бұзса, допты алып келесі команда шабуылшысына береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу