Жарыс ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 7-8 сабақ.
Жарыс ұйымдастыру және өткізу.
10 сынып, 3 тоқсан, №5 бөлім.
Қарағанды 2018
Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Оқу мақсаты:
Әр-түрлі жағдайларда спорттық қызметтегі міндет және рөлді зерттеу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы өздерінің ойларын ұсына алады.
Оқушылардың көбісі жарыс жолын сала алады.
Оқушылардың кейбіреуі жарыс жолында әртүрлі шаңғы жүрістерін көрсете алады.
Бағалау критерийлері:
1. Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
2. Өз ойларын ұсынып, жариялай алады.
3. Шаңғы техникасын жетілдіру.
Классикалық стиль.
Бастапқыдан «классикалық стильге» , шаңғышы қашықтықты алдын-ала дайындалған, екі параллель колдантұратын, шаңғы трассасы арқылы өтетін қозғалыс түрі жатады. Классикалық шаңғы тәсілдерін таяқшамен итермелеу тәсілі арқылы бөледі айнымалы және бір мергілді. Бір циклда қадам саны бойынша бір мезгілді бір қадамдық, ауыспалы екі қадамды және қадамсыз тәсілдерді бөледі. Айтарлықтай тараған, ауыспалы екі қадамды тәсіл (көлбеу беткейлер мен көтерілу бөлімдерде қолданылады, жақсы сырғанау жағдайы кезінде орташа қаттылық кезінде де қолданылады) және бір мезгілді бір қадамды тәсіл (жазық жерлерде, көлбеу жерлерде, сонымен қатар, қанағаттанарлық сырғанау балса беткейлерде де қолданылады).
Шаңғыда коньки тебу тәсілімен жылжудың бірнеше нұсқасы.
Коньки тебу тәсілі, сырғу қадамында бұрылу мен итерілуді үйрену үшін жетекші тәсіл ретінде, бұрыннан белгілі және шаңғы спорты тәжірибесінде қолданылып жүр.
Алайда, пластикалық шаңғының пайда болуымен және шаңғы трассаларының жақсы дайындалатынынан соң ол шаңғымен сырғанаудың тәсіліне айналды. Сырғанау жағдайларының айтарлықтай жақсаруы, кең жайылған трассалар конькилік жүру тәсілімен жоғарғы жылдамдықты дамыту мүмкіндігі бар.
Қазіргі уақытта жарыстарда классикалық шаңғы тәсілдері мен еркін тәсілді қолдану бөлінген. Жарыс ережесінде шаңғышылар қашықтықты қандай жүру тәсілімен өтетіні алдын-ала айтылады.
Конькилік сырғанау арқылы жүрудің келесі нұсқалары бөлінеді:
Жартылай конькилік бір мезгілді тәсіл, қолмен итермеленусіз конькилік тәсіл, (қол бұлғап және бұлғаусыз), бір мезетті екі қадамды конькилік тәсіл, бір мезетті бір қадамды конькилік қадам, ауыспалы конькилік тәсіл.
.
Шаңғышының осы тәсілмен жүруі конькишінің жүрісін елестетеді, сондықтан бұл тәсіл осылай аталады.
Шаңғының біреуімен ішкі қабырғамен артқа-жан-жаққа еңкейіп (жылжымалы күш), шаңғышы дене салмағын келесі сырғанап келе жатқан шаңғыға түсіреді, және қозғалысты келесі аяқпен қайталайды, итермелену сырғанап келе жатқан шаңғымен орындалады.
Классикалық тәсілден айырмашылығы цикл арасында шаңғы тоқтамайды. Осы тәсілмен қозғалғанда қол да белсенді жұмыс жасайды, итерілу аяқтың жұмысы ритміне сай бір мезетте орындалады. Қолмен итерілусіз де жасалатын түрі мүмкін. (қолды бұлғау немесе бұлғамау).
Трассаның жазық жерлерінде қолмен итермелеу көбінесе бір мезетте қолданады, беткейлерде –қатаңдығына байланысты (бір мезетте немесе ауыспалы). Жартылай конькилік тәсіл (аяқтың біреуімен бірнеше рет итерілу, екіншісі түзу сызықпен сырғанайды) нәзік доға бұрылысынан өту кезінде көбірек қолданылады (итермелеу сыртқы шаңғымен орындалады),. Суреттерде бір мезеттік бір қадамды конькилік тәсіл көрсетілген (сурет 1), ауыспалы конькилік қадам (2 сурет), бір мезеттік екі қадамды конькилік тәсіл (3 сурет).
Конькилік тәсілге үйрену жазық, тегіс, кең, жақсы дайындалған оқу алаңында өтеді, бірақ қар мұзды болмауы керек. Қардың беткі бөлігі аздап шашыраңқы болуы қажет, шаңғышы шаңғымен итеріліп, жылжып кету үшін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?