Жарыс ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 9-10 сабақ.
Жарыс ұйымдастыру
және өткізу.
10 сынып, 3 тоқсан, №5 бөлім.
Қарағанды 2018
Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Оқу мақсаты:
Жарыс кезінде ынтымақтастықты және патриоттық сезім мен әділ ойынды көрсететін мінез-құлқын негіздеу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы өткізілген жарыстарға қатыса алды.
Оқушылардың көбісі әділ ойынның ережесін анықтап, құрастыра алды.
Оқушылардың кейбіреуі пайда болған жағдайларда әділ мысал көрсетіп, әртүрлі шаңғы жүрістерін көрсете алады.
Бағалау критерийлері:
1. Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
2. Өз ойларын дәлелдеп, айту.
3. Шаңғы техникасын жетілдіру.
Шаңғы жарысының әдісі (техникасы).
Шаңғыда қозғалудың сауатты әдісі қозғалыс жүйесін құрайды, оның көмегімен спортшы өз қызметінің максималды тиімділігіне жете алады. Сонымен қатар, ол қалаған нәтижеге жету үшін толық мүмкіндікті іске асыруға көмектеседі. Әдістің (техниканың) сапасының негізгі көрсеткіші болып тиімділік пен табиғилығы және экономдылығы.
Шаңғышы орындайтын қызметке келер болсақ, үш негізгісін атауға болады:
*таяқтармен итерілу ;
* шаңғымен итерілу ;
* сырғанау.
Шаңғыда қозғалудың екі негізгі стилі бар –конькилік (еркін) және классикалық.
Шаңғымен жарыс түрлері:
* эстафета;
* жеке стартпен жарыстар ;
* жеке спринт;
* бірін-бірі қуу жарыстары ;
* командалық спринт;
* жалпы стартпен жарыстар .
Конькилік (еркін) стиль.
Қозғалыстың аталған түрінде шаңғышы қашықтық бойынша қалай қозғалу түрін өзі таңдайды. Классикалық тәсілдің жылдамдығы еркін стильге қарағанда айтарлықтай төмен екенін айтып өту қажет.
Еркін тәсілдердің ішінен қазіргі уақытта, өзара дамығаны:
* бір мезетті екі қадамдық тәсіл (жазық жерлер мен орта және кіші қатандық жерлерде қолданылады);
* бір мезеттік бір қадамдық тәсіл (нәзік беткейлерде, жазықта, көтерілісте қолданылады).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?