Тактикалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 5-6 сабақ.


Сабақ жоспары/ План урока/ Lesson theme5-6

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі/Раздел программы №5 Шаңғы / Кросс/Коньки дайындығы.

Мектеп/Школа/School: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні/Дата/Date:

Мұғалімнің аты-жөні/Учитель/Teachers:

Сынып/Класс/Grade: 10

Сабақтың тақырыбы:

Тактикалық әдіс дағдылары.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Өзгермелі жағдайларда инновациялық стратегия және тактикалар құру және келтіру.

 Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы тактикалық құрастыруларға қатыса алады.

Оқушылардың көбісі құрастырылған тактикаларды, іс-тәжірибеде қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреуі қарсыластың тактикасын жарыс жолында қадағалай алады.

 Жетістік өлшемдері:

  • Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
  • Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету.
  • Шаңғы жүрістерінің техникасын жетілдіру.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар: денсалықты бекітуге арналған шыдамдылықты дамыту жаттығулары кешені мен физикалық жаттығулар қандай салым енгізгенін контекст үшін, басқалардың білімін сараптай, талқылай, өздерінің білімдерін көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шаңғымен адымсыз жүру, конькишн жүру, бірмезгілдегі жүрістер, алмакезек жүрістер, аттап бұрылу әдістері, таудан тұрып түсу әдістері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Нәтижені жақсарту үшін, қарсыласты қалай пайдалану керек?
  • Қалай дұрыс демалу керек?
  • Қалай тез сырғанау керек?

 Құндылықтарды бойға сіңіру.

 

Тапқыштық, шындық, командамен жұмыс жасай білу.

 Пәнаралық байланыс.

Физика

 АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=BnGxm6-J1tw

 Алдыңғы білім.

Бұрыңғы шаңғы дайындығының сабақтарынан алған тәжірибе.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 15 минут

Оқушылардың шаңғы базасындағы жиыны. Сабақтың мақсаттарын және сабақтың критерийлерін хабарлау. Оқушыларға шаңғы және шаңғы инвентарын беріп, мектеп стадионына шығару.

1 минут бойы, орнында отырып, тұру. Денені қалыпқа келтіру.

ЖДЖ орнында тұрып жасайды. Әр өздерінің жиынтық жаттығуларын жасайды. Мұғалім оқушылардың үрдісін бақылап, оқушыларға ең оңтайлы жаттығуды орындауды сұрайды.

4 минут бойы оқушылар шаңғы жүрістерін жетілдіреді. Әр оқушы өзінің жақсы шаңғы жүрістеріне назар аударады.

Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы, ысқырық.

Сабақтың ортасы

16 – 76 минут

Оқушылардың жиыны. Оқу мақсатын түсінуіне байланысты, мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Нәтижені жақсарту үшін, қарсыласты қалай пайдалану керек? Қалай дұрыс демалу керек? Қалай тез сырғанау керек?

Мұғалім оқушыларға міндет қояды: топпен алдыға кетіп қалған жағдайда, қандай тактика керек; қатысушылардың белсенділігі кезінде қандай тактика құрастыру керек; бір темп кезінде қандай тактика болу керек;

Талдап, өзара бір-бірін бағалау.

500 метр қашықтықты жүріп өту. Сынып бірнеше жүгірістерге бөлінеді. Әртүрлі жағдайлардағы тактикаларды қарастыру. Тактикалық қозғалысқа байланысты мұғалім арнайы оқушыларға тапсырма бере алады. Жүгіріс кезіндегі бос оқушылар, бақылап және талдап тұрады. Оқушылар рөлдермен ауысып отырады.

Саралау: қарсыласқа фора беріп көру, тапсырманы бір адыммен және адымсыз орындап көру, мәрені таяқсыз өтіп көру.

Сөрелік қалыпты қайта-қайта өтіп көру. Оқушылар бір-бірімен 30м. қашықтықта жарысады. Жүгірісте 5-тен артық оқушы болу керек. Әр оқушы өзінің ыңғайлы шаңғы жүрісін тандайды.

Өзара бір-бірін бағалап, кері байланыс жасау.

Мектеп стадионы, ысқырық, шаңғы заттары, конустар.

Сабақтың аяғы

77 – 80 минут

Оқушылар шаңғы базасында жиналады. Шаңғы және шаңғы инвентарын тапсыру. Кері байланыс: оқушылар жаңа білімін айтады.

Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

• Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

• Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

• Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

• Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу