Тактикалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 5-6 сабақ.
2019
Бөлім №5 Шаңғы/кросс/коньки дайындығы.
Сабақтың тақырыбы:
«Тактикалық дағдыларды қолдану»
10 сынып, 3 тоқсан.
Оқу мақсаты:
10.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті салыстыру және талдау.
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың барлығы тактикалық әзірлеу әрекеттеріне қатыса алады.Оқушылардың көбісі құрастырылған тактикаларды, іс-тәжірибеде қолдана алады. Оқушылардың кейбіреуі қарсыластың тактикасын жарыс жолында қадағалай алады.Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету.
Шаңғы жүрістерінің техникасын жетілдіру.
Бағалау критерийлері:
Бірмезгілде адымсыз шаңғы жүрісі
Бірмезгілде адымсыз шаңғы жүрісі былай орындалады:
1. Шаңғышы қолмен екпін жасауды аяқтап болған соң, екі шаңғыда еңкейіп, басын сәл көтеріп сырғанайды.
2-3. Сырғанау жалғасады, шаңғышы баяу тіктеледі де, жеңіл маятниктәрізді қозғалыспен таяқтарды алдыға жүргізеді.
4. Шаңғышы толық тіктеледі, екпін жасауға дайындық басталады – дене массасы аяқтың ұшына салынады, аяқ сәл бүгіледі, таяқтар қарға қадаудың алдында алдыға қарай жүргізіледі.
5. Таяқтар қарға қадалады, қолмен екпін алу басталады.
6. Таяқтарға күш дененің бүгілуі есебінде түседі. Шынтақ буынында қолдың бүгілу бұрышы сәл кішірейеді.
7-8. Екпін алу қолдың толық бүгілуімен аяқталады. Қол білегі тізеден жоғары емес деңгейде орналасады, таяқтарды бүгілу бұрышы барынша үлкен.
9. Шаңғышы екпінді аяқтаған соң, инерция есебінен еңкейіп екі шаңғыда сырғанайды.
Бірмезгілде адымсыз шаңғы жүрісі
Бірмезгілде бір адымды жүріс
Бастапқы нұсқа – аяқпен итермелеумен бір уақытта таяқтар алға шығады, таяқшалармен тартылу бір шаңғыда біраз жылжыған соң іске асады. Негізгі нұсқа айтарлықтай үнемді (жалпы уақыты 0,4 с мөлшерде көбірек), себебі қозғалыс жиілігі төмен. Әрине, негізгі нұсқада сырғу жылдамдығы аздау. (1-2с/м).
Негізгі нұсқа келесі түрде орындалады:
1.Қолмен итермелеу аяқталған соң, шаңғышы шаңғымен сырғиды.
2. Ақырын түзеле отырып, таяқшаны алға жылжытады.3. Дене салмағын алдын-ала сол аяққа ауыстыру арқылы, шаңғышы таяқшаны қарға қоя отырып сол уақытта сол аяқпен итерілуді орындайды. 4. Аяқпен итермелену аяқталған соң, қолмен итерілу басталады, ол басқа да бір уақытта жасалатын тәсілдер сияқты жасалады.5-6. Шаңғышы қолмен итерілуді жалғастырып, оң жақ шаңғыда сырғанайды. Сол аяқ белсенді қозғалыспен алға шығарылады, және итерілу аяқталған кезде тіреушіге қосылады. 7. Қолмен итеру аяқталды, шаңғышы екі шаңғыда сырғанайды.Нұсқа 1. Сабаққа орта жылдамдықта қашықтықтан өту кіреді, 400-500 м-ден 3-4 жеделдету жасау ұсынылады (ұлдар) және 2-3 жеделдету 300-400 м(қыздар). Жеделдетуді орындау үшін , оқушыларға таныс нақты бағыттар қою қажет.
Нұсқа 2. Сегіздікпен екі шеңбер салынады 400-500 м және 500-700 м. Оқушылар шағын шеңберді максималды жылдамдықта өтеді, ақырын орташа жылдамдыққа ауысады, арасында демалып, үлкен шеңбер бойынша жылжиды. Содан соң, кіші шеңберге ауысады және оны максималды жылдамдықта өтеді, тағы орта шеңберге ауысады және т.б. Мұндай қайталаулар шағын шеңберде 5-6 рет болуы мүмкін (ұлдар) және 3-4 рет (қыздар). Шағын шеңберде көрсеткіш айтарлықтай төмендемесе, 8-10 мин демалыстан соң серияны қайталауға болады. Бұл нұсқаның тиімділігі мұғалім барлық оқушының жұмысын көріп, оны түзетіп отыруға мүмкіндігі бар.
300-700 метр қашықтықты өту. (қыздар, ұлдар)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?