Тактикалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 5-6 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 5-6
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №5 Шаңғы/кросс/коньки дайындығы. | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:
| ||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Тактикалық дағдыларды қолдану. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме). | 10.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті салыстыру және талдау. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылардың барлығы тактикалық әзірлеу әрекеттеріне қатыса алады. Оқушылардың көбісі құрастырылған тактикаларды, іс-тәжірибеде қолдана алады. Оқушылардың кейбіреуі қарсыластың тактикасын жарыс жолында қадағалай алады. | ||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау. Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету. Шаңғы жүрістерінің техникасын жетілдіру. | ||||
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар: төзімділіктің әртүрлі нұсқаларын дамыту үшін өз түсінігіндегі физикалық жаттығуларды сипаттау, талдау және көрсету, олардың денсаулықты нығайтуға әсері. Пәнге тән лексика мен терминология: Шаңғымен адымсыз жүру, конькише жүру, бірмезгілдегі жүрістер, алмакезек жүрістер, аттап бұрылу әдістері, таудан тұрып түсу әдістері. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру. | Бейімділік, шындық, командамен жұмыс жасай білу. | ||||
Пәнаралық байланыс. | Физика | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | |||||
Алдыңғы білім. | Бұрыңғы шаңғы дайындығының сабақтарынан алған тәжірибе. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 15 минут | Оқушылардың шаңғы базасындағы жиыны. Сабақтың мақсаттарын және бағалау критерийлерін хабарлау. Оқушыларға шаңғы және шаңғы инвентарын беріп, мектеп стадионына шығару. 1 минут бойы, орнында отырып, тұру. Денені қалыпқа келтіру. ЖДЖ орнында тұрып жасайды. Әр өздерінің жиынтық жаттығуларын жасайды. Мұғалім оқушылардың үрдісін бақылап, оқушыларға ең оңтайлы жаттығуды орындауды сұрайды. 4 минут бойы оқушылар шаңғы жүрістерін жетілдіреді. Әр оқушы өзінің жақсы шаңғы жүрістеріне назар аударады. | Шаңғы базасы. | |||
Сабақтың ортасы 16 – 76 минут | Оқушылардың жиыны. Оқу мақсатын түсінуіне байланысты, мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: шаңғы таяқшаларымен қалай итерілу керек? шаңғымен сырғанау кезінде дененің оңтайлы күйі қандай болу керек? Мұғалім оқушыларға міндет қояды: топпен алдыға кетіп қалған жағдайда, қандай тактика керек; қатысушылардың белсенділігі кезінде қандай тактика құрастыру керек; бір екпін кезінде қандай тактика болу керек; Талдап, өзара бір-бірін бағалау. Сөрелік қалыпты қайта-қайта өтіп көру. Оқушылар бір-бірімен 30м. қашықтықта жарысады. Жүгірісте 5-тен артық оқушы болу керек. Әр оқушы өзінің ыңғайлы шаңғы жүрісін тандайды. Өзара бір-бірін бағалап, кері байланыс жасау. 500 метр қашықтықты жүріп өту. Сынып бірнеше жүгірістерге бөлінеді. Әртүрлі жағдайлардағы тактикаларды қарастыру. Тактикалық қозғалысқа байланысты мұғалім арнайы оқушыларға тапсырма бере алады. Жүгіріс кезіндегі бос оқушылар, бақылап және талдап тұрады. Оқушылар рөлдермен ауысып отырады. Саралау: қарсыласқа фора беріп көру, тапсырманы бір адыммен және адымсыз орындап көру, мәрені таяқсыз өтіп көру. | Мектеп стадионы, шаңғы заттары, конустар, уақыт өлшегіш. | |||
Сабақтың аяғы 77 – 80 минут | Оқушылар шаңғы базасында жиналады. Шаңғы және шаңғы инвентарын тапсыру. Кері байланыс: оқушылар жаңа білімін айтады. | Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру | |||
• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз. • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету. • Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу. | • Байқау, тыңдау, сұрақ қою. • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма? | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?