Тактикалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 7-8 сабақ.


2019

Бөлім 5 Шаңғы/кросс/коньки дайындығы.

Сабақтың тақырыбы:

«Тактикалық дағдыларды қолдану»

10 сынып, 3 тоқсан.

Оқу мақсаты:

10.1.4.4. Өзінің және өзгелердің қозғалыс қабілетін сын тұрғысынан бағалау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы тактикалық әзірлеу әрекеттеріне қатыса алады.

Оқушылардың көбісі құрастырылған тактикаларды, іс-тәжірибеде қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреуі қарсыластың тактикасын жарыс жолында қадағалай алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету.

Шаңғы дайындығын жетілдіру.

Бірмезгілде екі адымдық жүріс

Бірмезгілде екі адымдық жүріс былай орындалады:

1. Шаңғышы біруақытта екі қолмен екпін алуды аяқтаған соң еңкейген қалыпта екі шаңғыда сырғанайды және баяу тіктеліп таяқтарды алдыға жүргізе бастайды.

2-3. Дене массасын сол аяққа салып, шаңғышы таяқтарды жүргізуді жалғастырып тізесін сәл бүгіп оң аяқпен алдыға қадам жасайды. Сол аяқпен екпін алу аяқталған соң, оң аяқта екпін алу басталады.

4-5. Шаңғышы дене салмағын алдын ала оң аяққа салып және сәл отырып оң аяқпен екпін алады; бұл мезетте таяқтар сақина кейпінде алдыға жүргізіліп, қарға қадалады.

6. Аяқпен екпін алу аяқталған кезде таяқтар жұмыс қалпына келеді (үшкір бұрышпен алдыға) және қолмен екпін алу басталады.

7. Қолмен екпін алу және сол шаңғыда сырғанау жалғасады. Бұл кезде оң аяқ үздіксіз серпілмелі қозғалыспен алдыға жылжиды.

8. Қолмен екпін алу аяқталған соң оң аяқ сүйенішке қойылады да екі шаңғыда сырғанау басталады. Біршама уақыт шаңғышы жылдамдықты қолдана отырып, екі шаңғыда бәсең сырғанайды.

Бірмезгілде екі адымдық жүріс

Алмакезек екі адымды шаңғы жүрісі

Еркін сырғанаудың бірінші фазасын бастау. Оң аяқпен екпін беріліп, шаңғы қарда сырғанайды. Шаңғышы сол жақ шаңғыда бірсүйеніштік сырғанауға ауысады,оң жақ аяқпен екпінді аяқтау кезінде және сырғанаудың басында сол аяқтың саны тік қалыпта болады. Екпін тіке сызық бойына бағытталғандене және оң аяқ.

Оң қол таяқты алдыға қарай жібереді. 2-3. Сол аяқта сырғанау, оң аяқ еркін және тізе буыны сәл бүгіліп артқа-жоғарыға қозғалады. Сүйеніш аяқтың саны бұрынғыдай тік. Оң қол таяқты жүргізуді жалғасытрады, ал сол қол еркін және инерциямен артқа қарай сәл сермеледі. Дененің еңкею бұрышы өзгермейді

Алмакезек екі адымды шаңғы жүрісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу