Қауіпсіздік ережесі. Техникалық әдіс дағдылары. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 1-2 сабақ.


Қауіпсіздік ережесі.

Техникалық әдіс дағдылары.

10 сынып, 3 тоқсан, №5 бөлім.

Қарағанды 2018

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Оқу мақсаты:

Қозғалыс белсенділігіне байланысты қиындықтар мен тәуекелдерді жіктеу.

Сабақтың мақсаттары:

Оқушылардың барлығы шаңғы жүрісін орындап шыға алады.

Оқушылардың көбісі әртүрлі шаңғы жүрістерін дұрыс көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі шаңғы дайындығынан жоғарғы деңгейді көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

1. Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

2. Шаңғы жүрістерімен жүруді үйрену.

3. Қиыншылықтардан өту.

4. Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету.

Шаңғымен сырғанау кезінде жиі қолданылатын және негізгі болып саналатын тәсілдің бірі, бір уақытта жасалатын бір қадамдық тәсіл. Ол сырғанаудың жоғары жылдамдығын дамытуға әсер етеді -8 м\с дейін. Көбінесе бұл тәсілді жақсы сырғанайтын жазықта және таяқшалардың күшті демеуі кезінде қолданады. Сырғанау жағдайы нашарлаған кезде бұл тәсілді нәзік беткейлерде қолдануға болады. Үздік сырғанау кезінде жоғары білікті шаңғышылар нәзік көтерілулердің басын (жазықтан көтерілуге жоғары жылдамдықта ауысу кезінде) осы тәсілді қолдану арқылы өтуге болады.

Бір уақытта жасалатын тәсіл бір сырғанау қадамы мен бір уақытта таяқшалармен итеруден тұрады. Ары қарай екі шаңғыда сырғанаумен жалғасады.

Негізгі нұсқа төмендегідей орындалады (сурет 1):

1. Қолмен итеруден кейін шаңғышы шаңғымен сырғанайды.

2. Ақырын түзеліп, таяқшаларын алға шығарады.

3. Дене салмағын алдын-ала сол аяққа алмастыру арқылы, шаңғышы таяқшаларының қарға қойылуымен бір уақытта сол аяқпен итерілуді орындайды.

4. Аяқпен итерілу аяқталған кезде қолмен итермелеу басталады. Ол басқа бір уақытта жасалатын тәсілдер сияқты жасалады.

5-6.Шаңғышы қолмен итермелеуді жалғастыру арқылы, оң жақ шаңғымен сырғанайды.

7. Қолмен итермелеу аяқталды, шаңғышы екі шаңғыда сырғанайды.

Ауыстырмалы екі жолды шаңғымен жүгіру.

1. Еркін сырғанаудың бірінші кезеңінің басталуы. Оң аяпен итерілу аяқталды, шаңғы қардан сыдырылады. Шаңғышы сол жақ шаңғымен бір реттік сырғанауға ауысады, сол жақ аяқтың шуы оң аяқтың итерілуінің аяқталуы мен сырғанаудың басталуы кезінде тік күйде болады.

Лыжник переходит к одноопорному скольжению на левой лыже, голень левой ноги в момент окончания толчка правой и начала скольжения находится в вертикальном положении. Итеру түзу сызыққа бағытталған – дене мен оң аяқ .

Оң қол таяқшаны алға шығарады. 2-3. Сол жақ шаңғымен сырғанау, оң жақ аяқ босаңсыған және тізеден аздап бүгіліп артқа-жоғары қозғалады. Тірек аяқ бұрынғыдай тік. Оң қол таяқшаны шығаруды жалғастырады, оң қол босаңсуда инерция бойынша аздап артқа лақтырылады. Дененің еңкею бұрышы ауыспайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу