Қауіпсіздік ережесі. Техникалық әдіс дағдылары. Дене шынықтыру, 10 сынып, дидактикалық материал. 3-4 сабақ.
Дидактикалық материал
Бір уақытта жасалатын қадамсыз шаңғылық тәсіл нәзік беткейлерде, жақсы сырғанау кезінде жазық жерде де қолданылады. (жердің жазық бөліктерінде). Бір уақытта жасалатын қадамсыз шаңғылық тәсілдің жеке элементтерін қарастырамыз.
Екі таяқшамен итерілу аяқталғаннан кейін шаңғышы , екі шаңғымен бірдей сырғанап, таяқшаларын артқа-төмен бағыттай отырып, алға шығарады. Итерілудің алдындағы бастапқы қалып: қол алақандары көздің деңгейінде, иықтан аздап кең; таяқтар бір -біріне параллель , сүйемелдеуге 70-80° ; дене салмағы табанның алдыңғы бөлігінде; қолдар жан-жақта. Итерілу кезінде таяқшаны қарға шаңғылық ботинканың ұшы деңгейіне қояды. Таяқша қарға тигеннен кейін, бірден салмақ түсіру қажет. Алдымен қысым дененің бүгілуінен түседі, кейін қолдардың қимылынан түседі. Таяқшамен итерілген кезде аяқты көп бүктірмеу қажет. Қол алақандары тизе бөлігінде орналасады. Итерілу кезінде денені алға-төмен күшпен бүгу қажет. Итерілу аяқталған кезде қол мен таяқша бір түзуді құрайды, осы кезде таяқшаны үлкен және нұсқау саусағымен ұстап тұрады. Дене алға қарай бүгіледі, көлденең күйге дейін.
Таяқшалармен итерілгеннен кейін, еркін сырғанау басталады, бастысы денені бүгіп отыру, және шаңғышы тағы таяқшаны алға шығарады. Күрт түзелу шаңғыға күш түсуін айтарлықтай жоғарылатады, бұл шаңғының қарға үйкеліс күшін күшейтеді және қозғалыс жылдамдығын жоғалтуға әкеп соқтырады. Кейін қозғалыстар циклы қайталанады.
. 1 Сурет. Бір уақытта жасалатын қадамсыз шаңғылық тәсіл
Тау сла́ломы (норв. slalåm, көлбеудегі шаңғы ізі ) — 450—500 м ұзындықтағы трассадан шаңғымен таудан түсу, шарбақтармен белгіленген (шарбақ ені 3,5-4 м, араларының арақашықтығы 0,7 ден 15 м дейін).
Старт пен мәре арасындағы биіктік айырмасы 60—150 м. Шаңғышылар трассада сағатына 40 км орташа жылдамдықпен қозғалады. Трассадан өту кезінде шаңғышылар барлық шарбақтан өтуі қажет; шарбақтан айналып өту немесе бір шаңғымен өтсе спортшылар жарыстан алынады. Қорытындыны екі түрлі трассадан түсу уақыты бойынша анықтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?