Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, дидактикалық материал. 1-2 сабақ.


1-2 сабақтың дидактикалық материалы

Шаңғымен бірмезгілде бір адымды жүріс

 Шаңғымен сырғанау кезінде жиі қолданылатын және негізгі болып саналатын тәсілдің бірі, бірмезгілде жасалатын бір адымды тәсіл. Ол сырғанаудың жоғары жылдамдығын дамытуға әсер етеді -8 м\с дейін. Көбінесе бұл тәсілді жақсы сырғанайтын жазықта және таяқшалардың күшті демеуі кезінде қолданады. Сырғанау жағдайы нашарлаған кезде бұл тәсілді нәзік беткейлерде қолдануға болады. Үздік сырғанау кезінде жоғары білікті шаңғышылар нәзік көтерілулердің басын (жазықтан көтерілуге жоғары жылдамдықта ауысу кезінде) осы тәсілді қолдану арқылы өтуге болады.

 Бірмезгілде жасалатын тәсіл бір сырғанау қадамы мен бір уақытта таяқшалармен итеруден тұрады. Ары қарай екі шаңғыда сырғанаумен жалғасады.

1урет. Бірмезгілде жасалатын бір адымды тәсіл (негізгі нұсқа).

Негізгі нұсқа төмендегідей орындалады: (сурет 1)

1. Қолмен итеруден кейін шаңғышы шаңғымен сырғанайды.2. Ақырын түзеліп, таяқшаларын алға шығарады.

3. Дене салмағын алдын-ала сол аяққа алмастыру арқылы, шаңғышы таяқшаларының қарға қойылуымен бір уақытта сол аяқпен итерілуді орындайды. 4. Аяқпен итерілу аяқталған кезде қолмен итермелеу басталады. Ол басқа бір уақытта жасалатын тәсілдер сияқты жасалады.

5-6.Шаңғышы қолмен итермелеуді жалғастыру арқылы, оң жақ шаңғымен сырғанайды.

7. Қолмен итермелеу аяқталды, шаңғышы екі шаңғыда сырғанайды.

Алмакезек екі адымды жүріс

 Еркін сырғанаудың бірінші фазасын бастау. Оң аяқпен екпін беріліп, шаңғы қарда сырғанайды. Шаңғышы сол жақ шаңғыда бірсүйеніштік сырғанауға ауысады,оң жақ аяқпен екпінді аяқтау кезінде және сырғанаудың басында сол аяқтың саны тік қалыпта болады. Екпін тіке сызық бойына бағытталған – дене және оң аяқ.

 Оң қол таяқты алдыға қарай жібереді. 2-3. Сол аяқта сырғанау, оң аяқ еркін және тізе буыны сәл бүгіліп артқа-жоғарыға қозғалады. Сүйеніш аяқтың саны бұрынғыдай тік. Оң қол таяқты жүргізуді жалғасытрады, ал сол қол еркін және инерциямен артқа қарай сәл сермеледі. Дененің еңкею бұрышы өзгермейді.

 

2-сурет.   Алмакезек екі адымды жүрістің тәсілі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу