Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 1-2 сабақ.


Бөлім 5 Шаңғы/кросс/коньки дайындығы.

Сабақтың тақырыбы:

«Қауіпсіздік ережесі»

«Техникалық дағдыларды қолдану»

10 сынып, 3 тоқсан.

2019

Оқу мақсаты:

10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы шаңғы және коньки дайындығы бойынша қауіпсіздік ережелермен таныса алады.

Оқушылардың көбісі стратегиялық жоспар әрекетін құрастыра алады.

Оқушылардың кейбіреуі қозғалыстағы орындаған тапсырманы көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

Шаңғы жүрістерін орындау.

Қиыншылықтардан өту.

Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету.

Шаңғымен бірмезгілде бір адымды жүріс

Шаңғымен сырғанау кезінде жиі қолданылатын және негізгі болып саналатын тәсілдің бірі, бірмезгілде жасалатын бір адымды тәсіл. Ол сырғанаудың жоғары жылдамдығын дамытуға әсер етеді -8 м\с дейін. Көбінесе бұл тәсілді жақсы сырғанайтын жазықта және таяқшалардың күшті демеуі кезінде қолданады. Сырғанау жағдайы нашарлаған кезде бұл тәсілді нәзік беткейлерде қолдануға болады. Үздік сырғанау кезінде жоғары білікті шаңғышылар нәзік көтерілулердің басын (жазықтан көтерілуге жоғары жылдамдықта ауысу кезінде) осы тәсілді қолдану арқылы өтуге болады.

Бірмезгілде жасалатын тәсіл бір сырғанау қадамы мен бір уақытта таяқшалармен итеруден тұрады. Ары қарай екі шаңғыда сырғанаумен жалғасады.

Негізгі нұсқа төмендегідей орындалады:

1. Қолмен итеруден кейін шаңғышы шаңғымен сырғанайды.

2. Ақырын түзеліп, таяқшаларын алға шығарады.

3. Дене салмағын алдын-ала сол аяққа алмастыру арқылы, шаңғышы таяқшаларының қарға қойылуымен бір уақытта сол аяқпен итерілуді орындайды.

4. Аяқпен итерілу аяқталған кезде қолмен итермелеу басталады. Ол басқа бір уақытта жасалатын тәсілдер сияқты жасалады.

5-6.Шаңғышы қолмен итермелеуді жалғастыру арқылы, оң жақ шаңғымен сырғанайды.

7. Қолмен итермелеу аяқталды, шаңғышы екі шаңғыда сырғанайды.

Алмакезек екі адымды жүріс

Еркін сырғанаудың бірінші фазасын бастау. Оң аяқпен екпін беріліп, шаңғы қарда сырғанайды. Шаңғышы сол жақ шаңғыда бірсүйеніштік сырғанауға ауысады,оң жақ аяқпен екпінді аяқтау кезінде және сырғанаудың басында сол аяқтың саны тік қалыпта болады. Екпін тіке сызық бойына бағытталған – дене және оң аяқ.

Оң қол таяқты алдыға қарай жібереді. 2-3. Сол аяқта сырғанау, оң аяқ еркін және тізе буыны сәл бүгіліп артқа-жоғарыға қозғалады. Сүйеніш аяқтың саны бұрынғыдай тік. Оң қол таяқты жүргізуді жалғасытрады, ал сол қол еркін және инерциямен артқа қарай сәл сермеледі. Дененің еңкею бұрышы өзгермейді.

Алмакезек екі адымды жүріс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу