Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары1-2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №5 Шаңғы/кросс/коньки дайындығы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме).

10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы шаңғы және коньки дайындығы бойынша қауіпсіздік ережелермен таныса алады.

Оқушылардың көбісі стратегиялық жоспар әрекетін құрастыра алады.

Оқушылардың кейбіреуі қозғалыстағы орындаған тапсырманы көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

Шаңғы жүрістерін орындау.

Қиыншылықтардан өту.

Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: төзімділіктің әртүрлі нұсқаларын дамыту үшін өз түсінігіндегі физикалық жаттығуларды сипаттау, талдау және көрсету, олардың денсаулықты нығайтуға әсері.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шаңғымен алмакезек және бірмезгілдегі жүрістер, конькише жүру, шаңғыны қауіпсіз тасымалдау.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қандай тәсілмен сіздер шаңғыны тасымалдайсыздар?

Бірмезгілдегі және алма кезек жүрістердің айырмашылығы?

Ол жүрістерді қандай жағдайларда қолданылады?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Құрмет, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыс.

Биология

АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=jHIONPeIMLE

https://www.youtube.com/watch?v=2RiHkvfRkfA

Алдыңғы білім.

Бұрыңғы сабақтардан алған тәжірибе.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 20 минут

Оқушылардың жиыны. Сабақтың мақсаттарын және бағалау критерийлерін хабарлау. Мұғалім оқушыларға шаңғы дайындығы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы әңгіме өткізеді. Нұсқаманы тыңдаған оқушы Қ.Е журналына қол қояды. Шаңғы инвентарларын оқушыларға ұсынып, беру. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: шаңғы спортында ең көп тараған жарақатты атаңыз?

Мектеп стадион бойымен, бір қатармен бірқалыпты жүгіріс. ЖДЖ жұпта. Әр жұп өздерінің жиынтық жаттығуларын орындайды. Мұғалім кері байланыс жасап тұрады.

Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы.

Сабақтың ортасы

21 – 76 минут

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: бірмезгілдегі және алмакезек шаңғы жүрістерін қандай шаңғы жолдарында қолданады?

Бірмезгілде, бір адымды жүріс;

Алмакезек екі адымды жүріс;

Оқушылардың өздеріне ыңғайлы, шаңғы жүрістерімен жүру.

Мұғалім оқушыларға күрделенген тапсырманың стратегиясын құрастыруды ұсынады.

Саралау: тапсырмаларды таяқсыз орындау, итерілу қозғалыстарын шектеу, қарсыласқа фора беру.

Бірнеше топқа бөліп, шаңғы жүрістерін жарыс түрінде өткізіп жетілдіру.

Керек болған кезде мұғалім оқушылардың техникалық қозғалыстарына өзгертулер жасайды. Өзара бірін-бірі бағалау.

Мектеп стадионы, шаңғы заттары, конустар.

Сабақтың аяғы

77 – 80 минут

Оқушылар жиыны: Шаңғы базасына жиналу. Кері байланыс: сабақта тәуекелге байланысты тапсырмалар болды ма?

Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

• Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

• Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

• Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

• Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу