Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, дидактикалық материал. 3-4 сабақ.
№ 3-4 сабақтың дидактикалық материалы
Бірмезгілде адымсыз шаңғы жүрісі былай орындалады:
1. Шаңғышы қолмен екпін жасауды аяқтап болған соң, екі шаңғыда еңкейіп, басын сәл көтеріп сырғанайды.
2-3. Сырғанау жалғасады, шаңғышы баяу тіктеледі де, жеңіл маятник тәрізді қозғалыспен таяқтарды алдыға жүргізеді.
4. Шаңғышы толық тіктеледі, екпін жасауға дайындық басталады – дене массасы аяқтың ұшына салынады, аяқ сәл бүгіледі, таяқтар қарға қадаудың алдында алдыға қарай жүргізіледі.
5. Таяқтар қарға қадалады, қолмен екпін алу басталады.
6. Таяқтарға күш дененің бүгілуі есебінде түседі. Шынтақ буынында қолдың бүгілу бұрышы сәл кішірейеді.
7-8. Екпін алу қолдың толық бүгілуімен аяқталады. Қол білегі тізеден жоғары емес деңгейде орналасады, таяқтарды бүгілу бұрышы барынша үлкен.
9. Шаңғышы екпінді аяқтаған соң, инерция есебінен еңкейіп екі шаңғыда сырғанайды.
1-сурет. Бірмезгілде жасалатын адымсыз шаңғы жүрісінің тәсілі.
Алмакезек екі адымды шаңғы жүрісінің негізгі қозғалыстағы орындау техникасы
Шаңғыда қозғалу тәсілдері – шаңғы жүрістері қол мен аяқтың бірлесіп қозғалуының түрлеріне байланысты өзіндік атауларына ие болған. Шаңғы жүрістері екі топқа бөлінеді: алмаспалы жүрістер (қол алмасып жұмыс істейді). Бірмезгілдегі жүрістер (қол бір уақытта жұмыс істейді).
2-сурет. Алмакезек екі адымды жүріс.
Бұл жүрістегі қол мен аяқ қозғалыстары қарапайым жүріс қозғалыстарына ұқсас. Қозғалыс циклі екі сырғанаушы жүрістен және таяқпен екі рет екпін алудан (әр адымда бір рет екпін алу) тұрады. Жүрістің негізі сырғанау жүрісі болып табылады. Шаңғышы сол аяқпен сырғанауды бастап аяғын алдыға жібереді және оны дене массасына жібереді. <Сурет 3 а, б, в>. Төмен қарай сырғанай отырып, шаңғышы аяқ қозғалысын тоқтатады, денесімен алдыға қарай белсенді қозғалуды жүзеге асырады және аяғын тізесінен бүгеді. <Сурет 3 г, д>. Шаңғышы осы қарқынмен аяғын тізе буыны тұсынан бүгуді бастайды да, таяқтармен күшті екпіндер жасайды. <Сурет 3 е, ж>.
Шаңғышы адым жасай отырып, сырғанауды сақтайтын және тіпті оның жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін таяқтарды алмастырып екпін жасайды. Әдетте таяқпен екпін жасау аяқпен екпін алудан басталады. Алдымен сол аяқта сырғанау, оң қол таяқты алдыға қарай жүргізеді. Қол шынтақ буынында сәл бүгілген, білезік көз деңгейінде. <Сурет 3 а, б, в>. Қарға таяқ қадайтын орындар сырғанау жағдайына байланысты: жақсы болса – шаңғыны терең қадау; жаман болса – бәтеңкенің өкшесіне жақын. Таяқпен екпін алуда оны қарға қадаудағы бұрышқа қатты мән беріледі. Оптималды бұрыш 80-85 градус саналады. <Сурет 3 г>.
Конькише шаңғы жүрісінің техникасына үйрету
Шаңғыдағы коньки жүрісін үйрету шаңғысыз және таяқтарсыз басталады. Адам осы техниканы теория жүзінде меңгеріп, өз көз алдына шаңғылардың қозғалу кезінде немесе секіргенде қалай сырғанайтынын елестетуі керек. Осыдан кейін тәжірибе жүзінде орындауға болады. Жаттығулар конькилік жүріспен қозғалудың таңдалған нұсқасына байланысты болады. Осылайша, конькилік жүріспен қозғалу барысында, жаттығулар алдымен бір орында орындалады. Адам денесімен алдыға қарай сәл бүгіледі, қолды бас деңгейіне апарады, содан соң сермеп аяғын алдыға және жанына жібереді, одан кейін артқа қайтарады. Бұл жаттығуды екі аяққа да қайталау керек, содан соң қозғалысты бастауға болады.
3-сурет. Конькише шаңғы жүрісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?