Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-4 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 3-4
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №5 Шаңғы/кросс/коньки дайындығы. | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.2.2. Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылау. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылардың барлығы шаңғы дайындығының техникасын жетілдіре алады. Оқушылардың көбісі тапсырманы орындаған кезінде жақсы сапаны көрсете алады. Оқушылардың кейбіреуі альтернативті ойларды қоса алады. | ||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау. Шаңғы дайындығын жетілдіру. Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: төзімділіктің әртүрлі нұсқаларын дамыту үшін өз түсінігіндегі физикалық жаттығуларды сипаттау, талдау және көрсету, олардың денсаулықты нығайтуға әсері. Пәнге тән лексика мен терминология: Шаңғымен адымсыз жүру, конькишe жүру, бірмезгілдегі жүрістер, алмакезек жүрістер. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Энергиямен орындалатын төменгі және жоғарғы белсенділіктегі жаттығулар арасындағы айырмашылықты түсінесіз бе? Демалу үшін үлкен және шағын үзілістер арқылы аэробты жүктемені орындау кезінде сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Төзімділікті дамытатын физикалық жаттығуларды орындау не үшін қажет? | ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру. | Құрмет, ынтымақтастық. | ||||
Пәнаралық байланыс. | Биология | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | |||||
Алдыңғы білім. | Бұрыңғы шаңғы дайындығының сабақтарынан алған тәжірибе. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 15 минут | Оқушылардың шаңғы базасындағы жиыны. Сабақтың мақсаттарын және бағалау критерийлерін хабарлау. Оқушыларға шаңғы және шаңғы инвентарын беріп, мектеп стадионына шығару. Орнында отырып, тұру. ЖДЖ орнында тұрып жұпта жасайды. Әр өздерінің жиынтық жаттығуларын жасайды. Оқушылардың өздеріне ыңғайлы, бірқалыпта, шаңғымен жүгіру. | Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы, ысқырық. | |||
Сабақтың ортасы 16 – 76 минут | Мұғалім сыныпты топтарға бөліп, тапсырманы береді: денені қалпына келтіруге арналған жаттығулар мен дайындық жаттығуларын жасау. 1 топ – алмакезек жүрістерді жетілдіруге арналған жаттығулар. 2 топ – бірмезгілдегі жүрістерді жетілдіруге арналған жаттығулар. 3 топ – конькише жүру жүрісін жетілдіруге арналған жаттығулар. Әр топ жаттығулар бойынша ізденістерін көрсетіп, талқылау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалап, керек болған жағдайда ұсыныстар жасап отырады. Жаттығуды таңдағаннан кейін, топ тапсырманы іс жүзінде орындайды. Әзірленген жаттығуларды басқа топтарға ұсынып, көрсету. Өзара бағалау. Топтарға берілген тапсырмалармен ауысу. Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасап, талқылау және іс-тәжірибе жұмысын қадағалап, техникалық орындауын кезінде көмек жасап отырады. | Мектеп стадионы, ысқырық, шаңғы заттары, конустар, гантелдер, құмы бар пластикалық бөтелке. | |||
Сабақтың аяғы 77 – 80 минут | Оқушылар шаңғы базасында жиналады. Сабақты талқылау. Шаңғы және шаңғы инвентарын тапсыру. Кері байланыс: денені қалпына келтіруге арналған жаттығулар көмегін берді ме? | Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру | |||
• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз. • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету. • Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу. | • Байқау, тыңдау, сұрақ қою. • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма? | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды