Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
5-бөлім – Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану.
Оқу мақсаттары: 10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру
10.3.2.2. Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылау
Сабақ мақсаттары
1. Орында, қозғалыста шаңғымен орындалатын саптық жаттығуларды қайталау.
2. Алма – кезек екі адымда жүріс, бір адымды жүріс техникасын жетілдіру
Шаңғы даяарлығы сабағындағы қауіпсіздік ережелері.
1.аяқ қажалма үшін аяқ киім аяаққа шақ болу керек.
2.аяазды күні үсік алған жерді байқасаң ,ол жерді қармен қызарғанша уқалау керек.
3.Егер сабақ жарыс кезінде түрлі себептермен жарыс жолына шығып кеттсе мұғалімге немесе
торешіге хабар беру керек.
4.шаңғы теуіп келе жатыпжолдасыңның артын басып кетпе.
5.ара қашықтықты сақтау керек.
6.төбенің етегінде тоқтап тұруға болмайды.
7.қатты аяз кезде дененің ашық жерлерін май жағып қою керек.
Ескерту . егер дененің салмағы мен биіктігі сәйкес келмесе өзгерістер жасалады. Мысалы.
Дененің ұзындығы 170 см салмақ 60 кг болса шаңғының ұзыдығы 205 см болу мүмкін, ал дененің
ұзындығы 170 см болып салмағы 60 болса ,онда шаңғының ұзындығы 210 см болуы тиіс.
Шаңғымен жүру тәсілдерінің ішіндегі негізгісіне тоқтала кетейік.
Ауыспалы жүріс және оның техникасы.
Ауыспалы жүрістің негізіне сырғанау адымдары жатады
Шаңғышы аяқпен және қолындағы таяқпен ауыспалы түрде итеріле отырып, бірде сол аяқпен ,бірде оң аяқпен сырғанайды. Бұндай жүрістің ауырлығы көбінесе аяққа түседі.ауыспалы жүріс сырғанау адымдарына байланысты –екі адым және төрт адым болып бөлінеді.оның ішіндегі көп тарағаны ауыспалы екі адымды жүріс.ауыспалы төрт адымдыжүріс – төрт сырғанау адымымен ,қолмен екі итерілістен тұрады.1 ші екі адымға шаңғышы кезегімен таяқты алға шығарады. 3-ші және 4 ші адымға таяқпен ауыспалы екі итеріліс жасайды.ауыспалы төрт адымды жүріс таяқпен итерілу қиындағанда, сырғанау нашарлағанда терең әрі жұмысақ қарлы жерлерде қолданылады.
- Бір мезгілдегі бір адымды жүріс.
Бұл жүріс жарыс кезеңдерінде, жақсы тегістелген шаңғы жолдарында, жазық жерлерде қолданылады.бір аяқпен сырғанау және бір мезгілде екі таяқпен итерілу бір мезгілді бір адымды жүрістің негізі болып табылады.
- Шаңғымен еңеске түсіу.
Ылдиға түсу кезінде шаңғышының күші дененің қалпынауыстырып отыруға, тепе-теңдікті сақтауға, ауыстырып отыруға, жазық немесе жазық емес жерлерден өтуге және бағытты өзгертуге кетеді.Бұл әдіс қатты жылдамдықта орындалатын болғандықтан, шаңғышыдан батылдық, тапқырлық, күштілік, жылдамдық және тепе теңдікті сақтау талап етіледі.қозғалыс кезіндегі шаңғымен бұрылу жазық жерлерде аяқты көтеріп қою арқылы ылдиларда аяқты кезегімен қою арқылы және қатар келе жатқан екі шаңғымен қисаю арқылы бұрлыстар орындалады.
Аяқты кезегімен қойып бұрылу жазықтау еңістер мен тегіс жерлерде орындалады.бұл барлық бұрлыстардың ішінде ең бір жылдамдықты көбейтетін бұрылыс.
3.Конькише жүріс
Аттап басу арқылы бұрылуды үйрену немесе сырғанауда күшалып жылжуды жеңілдететін конькише жүріс бұрыннан жақсы мәлім және шаңғы спорты тәжірибесінде қолданылады.
4.Өрге шығу әдістері.
Өрге сырғанап шығу кезінде алма-кезек адымдап жүру тәсілімен салыстырғанда, кеуде көп еңкейеді адым ұзындығы аздап азаяды,қолмен итеру әрекеті бір мезгілде аяқпен күш салып жылжу әрекетіне сай келеді.қолмен аяқ қимылында амплитуда азаяды. Шаңғышы осы кезде бірден күш салыжылжу аяқталысымен, тағы қолмен сермеп ,аяқпен итеріп, алға жүреді.бір қолдың жұмысы уақытыекінші қолмен итеріп жүру әрекетіне үйлеседі, сол үшін төбенің тіктігі артқан сайын шаңғышы таяқа сүйенеді.
Шаңғы және шаңғы таяғын іріктеп алу кестесі.
Дененің ұзындығы
150
155
160
165
170
175
180
185
Дене салмағы кг
40
45
50
55
60
65
70
75
Шаңғының ұзындығы,см
180
190
195
200
205
210
215
220
Таяқтың ұзындығы,см
110
115
120
125
130
135
140
145
Шаңғы туралы тест сұрақтары
1.Сырғу адымының IV фазасы
A) итерілетін аяқтың итерілу кезінде түзетілуі
B)& итерілетін аяқты сәл бүгіп итерілу
C) бүгілген аяқпен сырғу
D) тіректегі аяқпен сырғу кезінде түзету
E) еркін сырғанау.
*****
2.Сырғу адымының V фазасы
A)& итерілетін аяқтың итерілу кезінде түзетілуі
B) итерілетін аяқты сәл бүгіп итерілу
C) бүгілген аяқпен сырғу
D) тіректегі аяқпен сырғу кезінде түзету
E) еркін сырғанау.
*****
3.Шаңғышының дене салмағына тең, үнемі тік төмен бағытталатын күші
A) сырғанау үйкеліс күші
B) тыныштықтың үйкеліс күші
C) ауа қарсылығының күші
D)& ауырлық күші
E) қысым күші.
*****
4.Шаңғышының сырғу кезінде пайда болатын күш
A)& сырғанау үйкеліс күші
B) тыныштықтың үйкеліс күші
C) ауа қарсылығының күші
D) ауырлық күші
E) қысым күші.
*****
5.Аяқпен итерілу кезінде шаңғының қарға жабысуы, итерілген кезде қар мен шаңғының арасында пайда болатын күш
A) сырғанау үйкеліс күші
B)& тыныштықтың үйкеліс күші
C) ауа қарсылығының күші
D) ауырлық күші
E) қысым күші.
*****
6.Шаңғышының қозғалу кезінде пайда болатын күш көбіне қарама-қарсы дене қалпының өтіміне және жылдамдық квадратының үйлесіміне байланысты
A) сырғанау үйкеліс күшіне
B) тыныштықтың үйкеліс күшіне
C)& ауа қарсылығының күшіне
D) ауырлық күшіне
E) қысым күшіне.
*****
7.Қозғаушы дағдының фазасы
A)& білімділік
B) жалпы
C) бақылау
D) қорытынды
E) жеке дара.
*****
8.Қозғаушы дағды қалыптасуының екінші фазасы
A)& пайда болу
B) генерализация (шашыранды пайда болу)
C) бақылау
D) тұрақтылық
E) білімділік.
*****
9.Қозғаушы дағды қалыптасуының үшінші фазасы
A) пайда болу
B) генерализация (шашыранды пайда болу)
C) бақылау
D)& тұрақтылық
E) білімділік.
*****
10.Шаңғымен жүру техникасын үйрету кезінде қолданылатын негізгі үйрету әдістемесі
A)& 3
B) 4
C) 5
D) 6
E) 2.
Жауаптары:
1.В
2.А
3.D
4.A
5.B
6.C
7.A
8.A
9.D
10.A
Видео ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=mFsx8LdXcok
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?