Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары
5-бөлім – Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыларды қолдану. | |
Оқу мақсаттары | 10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру 10.3.2.2. Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылау | |
Сабақ мақсаттары | 1. Орында, қозғалыста шаңғымен орындалатын саптық жаттығуларды қайталау. 2. Алма – кезек екі адымда жүріс, бір адымды жүріс техникасын жетілдіру. | |
Бағалау критерийлері | Білім алушы: -Шаңғымен жүру техникаларын дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асырады. -Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылайды. | |
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология мыналардан тұрады:
| |
Құндылықтарға баулу | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. | |
Пәнаралық байланыстар | Биология - шаңғымен сырғанау кезіндгі бұлшық еттің жұмысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Оқушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақыттарда жылдамдықты - күштік дайындық пен төзімділікті шаңғымен жүру техникасын меңгерген. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы 15мин. | -Презентация арқылы оқушыларға шаңғы туралы жалпы мағлұмат бере отырып, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын анықтау, қауіпсіздік ережелерге тоқталу: Шаңғы даяарлығы сабағындағы қауіпсіздік ережелері. 1.аяқ қажалма үшін аяқ киім аяаққа шақ болу керек. 2.аяазды күні үсік алған жерді байқасаң ,ол жерді қармен қызарғанша уқалау керек. 3.Егер сабақ жарыс кезінде түрлі себептермен жарыс жолына шығып кеттсе мұғалімге немесе торешіге хабар беру керек. 4.шаңғы теуіп келе жатыпжолдасыңның артын басып кетпе. 5.ара қашықтықты сақтау керек. 6.төбенің етегінде тоқтап тұруға болмайды. 7.қатты аяз кезде дененің ашық жерлерін май жағып қою керек. Ескерту . егер дененің салмағы мен биіктігі сәйкес келмесе өзгерістер жасалады. Мысалы. Дененің ұзындығы 170 см салмақ 60 кг болса шаңғының ұзыдығы 205 см болу мүмкін, ал дененің ұзындығы 170 см болып салмағы 60 болса ,онда шаңғының ұзындығы 210 см болуы тиіс. Саппен далаға шығып, сапқа тұрып шаңғыны кию. | АКТ құраллдары. Қауіпсіздік ережелерге сілтеме: | ||
Сабақтың ортасы 10 мин.
20 мин.
20 мин. 5 мин. | Тапсырма № 1 (С, К, ҚБ) Оқушылар ұсынылған кезектілікпен шаңғымен дайындық бойынша алдын ала дайындық жұмыстарын орындайды. Орнында. 1. Оңға, солға адымдап бұрылу. 2. Жылдам оңға және солға бұрылу. 3. Тірекпен және тірексіз таяқшалармен секіріп бұрылу. Қозғалыста. 1. Қозғалыс таяқшалар иықта. 2. Шынтақты бүгіп, таяқшалармен қозғалу. 3. Қозғалыс, таяқшалар арқа тұста. 4. Қозғалу – таяқшалар тізенің жанында. 5. Қолды серпіп қозғалу. 6. екі қадам – сырғанау. Дескрипторлар: -қауіпсіздік ережелерді сақтайды; -бұрылу тапсырмаларын дұрыс орындайды ҚБ: өзін-өзі бағалау, байқау
Тапсырма №2 (Т, К) Топтарға бөлінген оқушылар алма кезек екі қадамды жүріспен шаңғы тебеді. Бұл жүрісті орындау кезінде оқушылар кезекпен бірде бір, бірде екінші шаңғыда сырғып, қолдарымен кейін серпіледі, ол серпіліс аяғына қатысты болады, қол мен аяқтардың қозғалыс заңдылығы қарапайым жүріске барынша жақын болуы тиіс. Оқушылардың есіне шаңғы тебу техникасының негізінде шаңғылық жүріс жатқандығы туралы салып өту. Оны орындау сәтіндегі басты қозғалыс заңдылығы шаңғымен еркін сырғу мезетінде қолдармен серпіліп, аяқтармен бұлқынуда жатыр. Оқушылардың назарына: -Екі адымның ұзындығы бірдей болу қажет; -Қолдың (таяқтың) жұмыс жасауы мықты болу керек; -Қол мен таяқтар итерілу кезінде бір сызықты құрау қажет; -Сырғанау сонында дене жаймен созылу тиіс. Ықтимал қателер: -Оқушы сырғанамайды, жүгіреді; -Таяқпен толық итерілмейді; -Сырғану барысында денені дұрыс ұстамауы. Сұрақ: Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға тап келдіңіз? Тапсырма № 3 (Т, К, ҚБ) Бір мезгілде бір адымды жүріс техникасы. Бір мезгілде бір адымды жүріске жүру үшін мына жаттығуларды орындау керек.Сәл ғана бүгілген аяқтағы тұрыспен тіктеліп,салмақты аяқтың ұшына ,соңан кейін екінші аяққа ауыстыру қажет.Осы аяқпен серпіле жылжитын адымғаұқсас етіп екінші аяқпен ілгері аттап басу керек,бір мезгілдеаяқты екінші аяқтын жанына әкелу керек.Жаттығуды санау арқылы үйренген дұрыс: 1-адымдап,таяқты шаншу,2-қолмен итеру, 3-аяқты бірге ұстау.Қол және аяқпен қатты сермеуге ,сілтейтін аяқты шапшаң екінші аяқпен біріктіруге назар аудару қажет. Дескрипторлар: -қауіпсіздік ережелерді сақтайды; -Бір адымды жүріс техникасын дұрыс орындайды. ҚБ: өзін-өзі бағалау, байқау Тапсырма № 4 (ЖЖ, Т) «Қуып жет». Ойынның қатысушылары олардың арасында бірдей арақашықтық болатындай етіп (10-15 м) жүгіру жолына тұрады. Белгі бойынша барлық ойыншылар жүгіре шаңғымен бастайды. Әрбірінің міндеті – өзін қуып жетуге жол бермеу және ойыннан шығарып тастау үшін алдында жүгіріп бара жатқан оқушыға қол тигізуге тырысу. Ойын жолында ең төзімді үш оқушы қалған кезде, ойын аяқталады. | Үлкен спорт алаңы. Уақыт өлшегіш, шаңғы. Интернет ресурсына сілтеме: Саптық жаттығулар: https://www.youtube.com/watch?v=PWe6adRVFn0 Үлкен спорт алаңы. Уақыт өлшегіш, шаңғы Алма кезек екі қадамды жүріс техникасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=mr3_MKjCOe8 Үлкен спорт алаңы. Уақыт өлшегіш, шаңғы Бір мезгілде бір адымды жүріс техникасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=-lyvcDBesEo | ||
Сабақтың соңы 10 мин. | Тыныс алу жаттығулары, назар аудару ойындарды ұйымдастыру, сұрақтарға шолу жасау, нәтижелерге тоқталу. Спорт аланынан мектепке кіру, шаңғы құралдарын тапсыру.Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды: - нені үйренді; - не нәрсе түсініксіз болып қалды; - немен қайта жұмыс жасау керек. Шаңғыларды қардан тазартып, тапсыру. Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімдерін анықтау мақсатында өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Белсене қатысқан оқушыларды атау. Талқылау: 1.Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру туралы . 2.Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесі. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын барлық білім алушылар қолдануын біледі деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдану бойынша сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды