Кедергілер жолағынан өту бойынша тапсырмалар құрастыру. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 35-36 сабақ.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 35-36

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5- бөлім

Шаңғымен / жарыспалы / конькимен дайындалу

XІХ-апта

IІІ-тоқсан

Күні:

Мектеп:Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сыныбы 10

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Кедергілер жолағынан өту бойынша тапсырмалар құрастыру.

Оқу мақсаттары:

10.1.1.1.Спецификалық қозғалыс әрекеттерін талдау және бағалауды орындау.

10.1.2.1. Кең ауқымды жаттығуларда, олардың жүйелі түрде комбинацияларды бейімдеу.

Жетістік критерийлері:

  • Оқушылар жақсы дене дайындығының құрамдастарына бағытталған физикалық жаттығулар мен оқудың белсенді әдістері арқылы жүгіріс төзімділігі мен қозғалыс әрекетін орындауға бағытталған түйінді құзыреттілік пен мәселелерді талдайды және түсінігін кеңейтеді.

Құндылықтарды дарыту:

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту,жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

Пән аралық байланыс:

Биология, физика

Акт қолдану:

Сілтемелер бойынша материалды көрсету

Бастапқы білім:

Оқушылар алдыңғы сыныптарды және сабақтан тыс уақыттарда меңгерген жылдамдықты - күштік дайындық пен төзімділіктің, жүгіру техникасының шаңғымен және конькимен қозғалудың оқып, дағдыларын меңгерген.

Тілдік мақсат

Оқушыларға аталған тараудың мақсатына қолжеткізіп, пәнді оқуға қолдау көрсету үшін, білім аудағы тиісті академиялық мектеп терминологиясының тілдік мақсатының мысалы төменде келтірілген.

Оқудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа арналған пайдалы сөздер

Оқушылар мыналарды орындай алады:

  • Төзімділіктің әртүрлі нұсқаларын дамыту үшін өз түсінігіндегі физикалық жаттығуларды сипаттау, талдау және көрсету, олардың денсаулықты нығайтуға әсері

Мыналардан тұрады:

  • төзімділік
  • күштік - жылдамдықты төзімділік
  • анаэробты және аэробты жұмыстар
  • демалыс, жұмыс барысындағы кезіндегі жүрек соғысы, қалыпқа келу кезіндегі жүрек соғысы
  • жүрек-тамыр жүйесі
  • жаттығу, қалыпқа келу техникасы
  • ауыспалы төрт қадамды жүріс, конькимен жүру, түсі, көтерілу, бұрылу
  • «плугпен» тоқтату, сырғанау

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Энергиямен орындалатын төменгі және жоғарғы белсенділіктегі жаттығулар арасындағы айырмашылықты түсінесіз бе?
  • Демалу үшін үлкен және шағын үзілістер арқылы аэробты жүктемені орындау кезінде сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

Төзімділікті дамытатын физикалық жаттығуларды орындау не үшін қажет?

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Оқушыларға қыздыру жаттығуларын орындатқызу.

Жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. ЖДЖ шеңбер бойына тұрып орындайды. Пульсометрия жүргізу.

Оқушыларды шахмат белгіллерімен екі топқа бөлу (пешкалар және корольдер) Осы екі топқа мұғалім тапсырма береді және дайындыққа уақыт беріледі.

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар

Үлкен, бос кеңістік әр қызмет үшін. Ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

Оқушылар ұстаз ұсынған кедергілер жолынан өтеді.

Мысалы: Кедергілері бар шаңғы эстафетасы.

Одан кейін шаңғымен орындалатын өз тапсырмаларының нұсқаларын ұсынады. 

Қанша кедергі болса, әр командадан сонша адам шығады. Команданың әр қатысушысы өз кезеңінің басында тұрады. Ұстаздың сигналы бойынша бірінші кезеңде тұрған оқушы кедергілерден өту арқылы жарысты бастайды. Келесі қатысушыға жетіп, оған эстафетаны береді, осылайшы эстафетаның соңғы қатысушыны мәреге жеткенге дейін жалғаса береді.

Трассадан бірінші болып өткен және кедергілерден өту бойынша ережені бұзбаған команда жеңіске жетеді. Қорында жеңісі көр команда жеңімпаз аталады.

Кезеңдер ұзындығы 100-150м.

Кедергілерден өтіп жүгіру

Эстафеталық жүгіруге қатысатын ойыншылар кезеңдердегі орындарына жайғасып, сигнал бойынша бірінші кезеңді бастап, кедергілерден өтіп, екінші кезеңде эстафета тақтайшасын тапсырады, барлық қатысушылар өз кезеңдерін өтіп болғанға дейін жалғаса береді.

Жеңімпазға бес ұпай, екінші орынға үш, ал үшінші орынға екі ұпай беріледі. Әрбір ережені бұзғаны үшін бір ұпай алып тасталады (фальстарт, екінші біреудің жолына шығып кету, қарсыласқа кедергі келтіру).

"Шайбамен жарыс". Ойын эстафета түрінде өткізіледі. Сынып топтарға бөлінеді. Әр команданың алдында сөре сызығынан алыс емес қашықтықта бір бірінен екі метр жерде алты-сегіз кеглдер қойылады. Бұл кедергілер жолы. Сигнал бойынша бірінші ойыншылар кеглдерден өтіп, оларды құлатып алмай шайбаны жүргізуді бастайды. Кері қарай дәл солай оралып, сырғытпа таяқ пен шайбаны келесі ойыншыға береді. Ойыншылары сөре-мәре сызығына бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.

Бұл жағдайда ойыншылар шайбаны жалауға дейін жүргізіп, арқа жағымен алдыға қарай жүріп кері оралады. Қағып кеткен кеглді орнына қойып, одан кейін ғана қозғалысты жалғастырады

Оқушылар өткен элементтер бойынша тапсырмалар құрастырып, бірін бірі бағалайды.

Конькимен: алдыңғы және артқа қарай жылжу, қуып жету, тепе-теңдік, тік сызық бойында және доға бойында қозғалу, екі аяқпен қозғалу - жылан, шам, мылтық, бұрылыс, әртүрлі тәсілдермен тоқтау.

"Үштіктер". 3 конькиші қатысатын ойын. Мысалы: сөреден бастап әр үштік 25-30 метрге жүгіреді, одан кейін нақты бір жалғасымда сөреге дейін инерция бойынша қозғалуды жалғастырады: ортада тұрған қарлығаш қалпында, бүйірде тұрған – «мылтық» жайғасымында, Немесе «тағылғандар» қарапайым қадаммен жүгіреді, ал ортада тұрғандар «мылтықтарға» отырады. Жылжудың шартты тәсілдерін сақтай отырып, мәреге бұрын жеткен үштік жеңіске жетеді.

Шаңғымен: үйренген тәсілдер бойынша үйренуші шаңғымен қозғалу, бір амалдан екінші амалға ауысу, "соғамен", "жартылай соқамен", бүйірмен тоқтау, "шырша", "жартылай шырша" көтерілулер.

Тапсырмалары бар "салкалар".

Жүргізушіні анықтап, барлық ойыншылар алаңға таралады. Жүргізуші қашып бара жатқан ойыншыға тигізуге тырысады. Шаңғыға немесе сырғытпа тақтайға емес, ойыншының өзіне тигізу қажет. Құлап қалғандарды, сондай-ақ шаңғылары шығып кеткендерге де тигізуге болады. Егер жүргізуші ойыншыға тигізсе, ол қарапайым ойыншы болып, ол тигізген ойыншы жүргізуші болады. Ол қолын жоғары көтеріп, содан кейін ғана жүргізуді бастайды.

Кросстық дайындық.

Оқушылар жүрісте және баяу жүгіру арқылы кросстық қашықтықта кедергілерден (орда, төбешіктерде, бұтақтардың арасында) өтуді орындайды.

"Шегіртке" қозғалмалы ойыны. Оқушылар 2 командағы бөлініп, олардың бірі шеңбер ішінде, ал екіншісі волейбол добымен шеңбер сыртында қалады. Шеңбер ішіндегі ойыншылар капитанмен бірге баған бойына тұрып, бір бірлерінің белінен ұстайды Жеткішінің сигналы бойынша шеңбер жасап тұрған ойыншылар допты бір бірлеріне лақтырып, бағандағы соңғы ойыншыны шығаруға тырысады. Соққы алған ойыншы ойыннан шығады. 5-8 минуттан кейін командалар орындарын ауыстырады

Белгіленген уақыт ішінде көп ойыншыларға тигізген команда жеңіске жетеді.

кростық жаттығуларына сілтеме:

http://www.marxski.ru/blog/krossovye_trenirovki/1-0-2

шаңғылар, арқандар, жұқа тақтайшадан жасалған қалқан, аққала.

Шаңғыдағы ойындар

https://www.youtube.com/watch?v=I7hEyEKv9f0

Мамандандырылған спорт алаңы немесе стадиондағы жүгіру жолы.

Инвентарь: кедергілер, эстафеталық таяқшалар.

https://www.youtube.com/watch?v=23YjCXmz6ao&list=PLyMHwGsvrbk67J3_D_QHJCqYU7KEptQaA

Кеглдер, шайбалар, сырғытпа таяқтар, шайбалар.

Коньки. Кеглдер.

Коньки тебу техникасына сілтеме.

https://www.tulup.ru/articles/85/glava_6_nachalnoe_obuchenie_figurnomu_kataniju.html

Шаңғы. Шаңғымен дайындалу техникасына сілтеме.

1.http://www.kniga.ru/studybooks/463493

2.http://www.ozon.ru/context/detail/id/28038675/

Сабақтың соңы:

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы - дене қаблеттерін дамыту жаттығулары

Ашық сұрап-жауаптар

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді?

2.0қушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Әртүрлі тәсілдермен табиғи және жасанды кедергілерден өту кезіндегі шаңғымен қозғалудың техникасын қадағалаңыз. Эстафета берілгенге дейін қозғалысты бастауға болмайды.

Мынадай кедергілерді қолдануға болады: қарға көмілген траншея, созылған арқандар, қармен көмілген дөңес, белес және т.б.

Насында (аққала, жұқа тақтайшадан жасалған қалқан) қоюға болады

Нұсқа: жүгіріс кезеңі қанша болса, эстафета да сондай шеңбер бойынша жалғасады.

Тосқауылдар кез келген заттармен алмастырылады, ал эстафетаны қатысушының иығына не қолына тигізу арқылы жалғастыруға болады.

Эстафетаны өткізгеннен кейін арнайы қозғалыс әрекеттерін орындауды талдап, бағалаңыз.

Оқушылардың назарын шайбаны жүргізген кезде өздерінен алыс жібермеуге аудару. Ойынды күрделендіруге болады: әр командадан бір мезгілде екі ойыншы шығып, кеглдер арасындағы шайбаны бір біріне береді.

Бұл жаттығудағы қателік конькидің ұшымен итерілу және бір тіректі қозғалыс кезінде тепе-теңдікті жоғалту болып табылады. Басты назарды аяқ-жілік тұсында тірек аяқты бүгіп, иық сызығының қисаюына жол бермеу керек.

Сұраңыз: Қиылған желер бойынша қозғалыстың қиындығы неде?

Осы ойынның көмегімен әртүрлі амалдарды дайындауға болады. Ең алдымен ойынды сырғытпа тақтасыз жүргізеді, шаңғы техникасын игергеннен кейін - сырғытпа тақтаймен.

Ойынды шағын алаңда жүргізеді, мысалы баскетбол алаңында.

1. Спиралға бұралуға жол берілмейді (соңғыны жасыруға). 2. Ойыншылар қолдарын босатпау керек. 3. Басқа тию есептелмейді. 4. Еденнен секіріп барып тию есептелмейді.

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1 «Шаңғымен / жарыспалы / конькимен дайындалу» бөліміндегі қауіпсіздік ережесін біледі және әдістерді орындай алады.

2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, шымырлыққа, ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)

1- топқа Тапсырма

Оқушыларға коньки немесе шаңғы бойынша кросс дайындығын орындайды, өздері кедергілерді ойластыру керек.

2- топқа Тапсырма

Оқушыларға баяу жүгіру арқылы кросстық қашықтықта кедергілерден (орда, төбешіктерде, бұтақтардың арасында) өтуді орындайды, өздері кедергілерді спорттық құралдармен ойластыру керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу