Қазақ ұлттық ойындардың іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №12
Ұзақ мерзімді жоспар: 4 бөлім – Қазақстандық ұлттық ойынындағы шығармашылық қабілеттілік | Мектеп:Тараз қаласы"Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" | ||
Күні: | Сынып: 10 | Апта: | Мұғалімнің аты жөні: Отарбеков А.Ч. |
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: | Қазақ ұлттық ойындардың іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу | ||
Оқыту мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.6.6. Жарыс іс-шараларыың шарттары және төреші ережесі қолдану. | ||
Сабақ мақсаттары: | -Ұлттық ойындарды топтық ойын ережелеріне төрешілік жасау. | ||
Бағалау өлшемдері: | -ұлттық ойындарға оқушылар белсене қатысады. -ойынға төрешілік жасай алады. -әділ ойын жүргізуді ұйымдастырады,бақылай алады. | ||
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
| Бұның ішінде:
| ||
Құндылықтар: | Құрмет,жауапкершілік,айқындық,адалдық,өмір бойы оқу,ашықтық | ||
Пәнаралық байланыс: | Тарих,биология | ||
ИКТ пайдалану дағдылары: | |||
Алдыңғы білім:
| Оқушылар ұлттық ойын шарасында әдіс(тактика) пен мақсатқа жету үшін басшылық ету өнерін (стратегия) меңгереді, сонымен қатар ережеге сай төрешілік жасайды. Сонымен бірге таңдау беріледі, түрлі рөлдерге кіретін сыныптағы ойындар: ойыншы, бапкер, төреші. Оқушылар адал ойынның үлгілерін және бірлесіп жұмыс орындау қабілеттерін бағалайды.Көшпелі қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы қаймағы бұзылмастан жалғасып келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі – «Бестас», «жамбы ату», «ләңгі»,»алаңдағы тоғызқұмалақ», «арқан тартыс», «сақина салу» ойындары. Мұғалімнің айтуынша бұл ойындар еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек,жүннен арқан өру,малдың құмалақтарын пайдаланған ғасырларда пайда болған. |
Сабақ барысы
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Керекті құралдар ( ресурстар) |
Дайындық бөлімі | Оқушылар жоғары нәтижеге жеткен сайын, тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық , ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен,сабақ мақсатымен және жетістік өлшемімен таныстыру. Сабақ барысында дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Оқушылардың сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын, сабақтың мақсатын қаншалықты түсінгендігін сұрау. Сергіту сәті: «Бірлік» ойыны. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Бірлік» ойынын ойнайды. (Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Оқушылар бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткендеріне дейін жалғасады.) Орында (оңға,солға,кері) бұрылу. Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қолды белге қойып өкшемен жүру, алаң шетімен жүгіру және дене қыздыру жаттығуларын жасау. Жалпы физикалық дайындық кешенін (ЖФД) даярлау кезінде бұлшықеттің түрлі топтарына көңіл аударған жөн, оқушылардың өзінің қалай сезініп тұрғанын қадағалау. Сұраңыз: Ұсынылған кешен қалайша мақсатқа жеткізді? «Мадақтау»Дене қыздырыну жаттығуларын өткізу оқушы ағзасын келесі жүктемеге дайындау. Жалпы дамыту жаттығуларын жасау. | |
Негізгі бөлім | Жарыс болатын күн: керекті персоналдың қатысуын тексеру, маңдайша жазуларды қондыру, жабдықтарды тексеру, қазылар алқасын ұйымдастыру, қатысушыларды тіркеу, қонақтар мен көрермендерді қарсы алу. Сұраңыз: Сіз ойыншыларды деңгейімен бөліп тастайсыз ба? Жарыс өткізу үшін қандай жабдықтар міндетті түрде керек? Жарыс өтетін күні басқа тапсырмалар мен процедуралар қалай өтеді? | Үлкен бос кеңістік салмақты доп,ысқырық, секундомер,асықтар. |
| Қабілеті жоғары оқушыларға жарыс ұйымдастыруда бас төрешілік жасау және бақылау жүргізуді тапсыру. Тапсырма: «Асық ату» Асықты «екі жақ» тең етіпбөліп алады.Шеңбер немесе төрт бұрышты сызықтың ішіне асықтарды тігіп,ойыншы оқушылар қолдарындағы сақаларын төрешіге беріп,төреші сақалардыиіру арқылы кім кімнен кейін(алшы(ат)-1,тәйке(түйе),-2,)асықты атуын анықтайды.Ойын шарты бойынша иіргенде ерекше нысаналы «асықтан хан асық»таңдалады.Хан тағайындалған асық қалай түссе (бүк, шік,тәйкі, алшы осылай түскен асықпен «ханды атады». «Хан ату» ойыны деп аталатын жайттар кездеседі.
«Ханды»атқанда, жолдағы асыққа тигізіп алмау керек, тисе ұтылады.Тимесе, ойын келесі жаққа ауыстырылады, осылай кезектесіп ойын жүре береді. Қосымша 1 қара Тапсырма соңында төрешілік жасаған оқушылардың әрекетіне,жарысқа қатысқан оқушылар бағалау жасайды. Және өзін-өзі бағалау жүреді. Жарыс аяқталғаннан кейін: келгендердің барлығына рақмет білдіру, еріктілер мен ресми тұлғалар жұмысын бағалау, және жарыс нәтижелерін хабарлау. Спортзалды ретке келтіру. Ұлттық ойындар ата-бабаларымыздан қалған байлығымыз,асыл қазынамыз.Сондықтан,үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор | Қосымша 1 |
Қорытынды бөлім |
Кері байланыс.бүгінгі сабақты қортындылау. Үйге тапсырма: Ұлттық ойынды келесі сабаққа дайындау | ||
Саралау – Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? -Оқушылардың жетістіктерін айтуды көздейді, кемшіліктерді жеке айтуға тырысады. Сіз қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай мақсаттар қоюды жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға жарыс ұйымдастыруда бас төрешілік жасау және бақылау жүргізуді тапсыру. | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бағалау парағы арқылы материалды игергенін тексереді. Рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалайды | Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау Ойын барысында ережемен таныстырады, оқушыларды сырттай әрқашан бақылап отырады. Ойын кезінде ара қашықтықты сақтау еске түсіру. | |
Сабақ бойынша рефлексия |
| ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында класс немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Сыныптарға дискриптор құру арқылы бағаланады
№ | Бағалау өлшемдері | Дискриптор |
1 | -ұлттық ойындарға оқушылар белсене қатысады. | -ұлттық ойындар ережесін біледі. |
2 | -ойынға төрешілік жасай алады. | -ойында төрешілік жасау дағдыларын көрсете алады. |
3 | -әділ ойын жүргізуді ұйымдастырады,бақылай алады. | -Ұлттық ойын жарысын ұйымдастырады және өткізеді. |
Бағалау парақшасы
№ | Аты-жөні | -ұлттық ойындар ережесін біледі. | -ойында төрешілік жасау дағдыларын көрсете алады | -Ұлттық ойын жарысын ұйымдастырады және өткізеді. |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 |
Қосымша 1
Асықтың тұрыстары:
«Асық ату» ойыны
Ату түрлері:
- Ұра ату-шеңбердің сыртында тұрып ату.
- Қыңқайта ату-егер асық шеңбер сызығынан едәуір алыс жатса,оны алыстан көздеп атпай,қыңқайып жайпай ату.Бұл үшін ойыншы бір аяғын шеңбер сызығы үстіне қойып,екінші аяғын өзінің қалауынша қадап асық бүйірінен,Яғни орталық арқылы атудан гөрі ең қысқа аралықтан атып түсіретіндей әдіспен атылады.
- Қадап ату-асық шеңбер сызығынан бір метрдей ары жатпаса,оны қадап атады.Төрден ату-асық шеңбер сызығынан 40см-ден ары жатпаса немесе шеңбердің үстінде жатса,ал сақа шеңбер ішінде болса,төрден атады.
- Шертіп ату-жоғарыдағы ату тәсілдердің қайсыбіреулерінен кейін бар асқтар атылып алынып,ал сақа ату алаңында қандайда бір асыққа,ханға немесе шеңбер ортасына жақын қалса,осы тәсіл қолданылады.
Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». (барлығын бірден ұтасың)2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі (тәуекел мағанасы) (тәйкі)3. Екбетінен жатқаны «бүк» (бүк түсіп жату)4. Шалқасынан түскені «ішік» (іші көрініп жатуы)5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» (омақаса құлаған)6. Таза тұрмай — алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын (қырынан жату)деп аталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды