Жарыстар өткізу және төрелік етуді ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
САБАҚ ЖОСПАРЫ №5
Мектеп: | Мұғалім: | ||
Күні: | Сынып: 10 | ||
4-бөлім – Қазақстандық ұлттық ойынындағы шығармашылық қабілеттілік | |||
Сабақтың тақырыбы: | Жарыстар өткізу және төрелік етуді ұйымдастыру | ||
Оқу мақсаттары: | 10.2.6.6. Жарыс іс-шараларыың шарттары және төреші ережесі қолдану. | ||
Бағалау критерийлері: | Ойында әдіс-тәсілдер қолданады Ойында топтық ойын әдіс тәсілдерін игереді, дамытады. | ||
Сабақтың мақсаты: | Ұлттық дәстүрлі ойындарды ойнату арқылы адамгершілік құндылықтарды дарыту. | ||
Тілдік мақсаттар: | Пәнге тән лексика және терминология:
Диалог үшін пайдалы сөз тіркесі
| ||
Пәнаралық байланыс: | Биология, тарих | ||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Дәстүрлі ойындар бойынша бейнетаспа көрсету. https://www.youtube.com/watch?v=lCVzK8fA0q0 | ||
Алдыңғы білім | Оқушылар алдын-ала білетін сабақ тақырыбындағы негізгі түсініктерді көрсету.қазақтың ұлттық ойындарына қысқаша шолу. | ||
Сабақ барысы | |||
Мақсат қою | Ойында топтық ойын әдіс тәсілдерін игереді, біледі, дамытады. | ||
Жаңа материалды игеру 5-7мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Активити «Кім жылдам» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, бір біріне арқамен отырады. Мұғалімнің нұсқаулығымен екі қолын көтеріп, ысқырық арқылы екі қолының біреуін көтергенде, түскен қолдың топтағы оқушылар тез орнынан тұрып қашуы тиіс, екінші топ ұстап үлгеруі тиіс. Сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын, критериилерін түсіндіру. Бірқалыпты жүгіру (орта қашықтыққа) Жалпы денені дамыту жаттығулары. | Бос кеңістік, ысқырық, конустар | |
Жаңа материалды бекіту 5-7мин 30мин | Интернетті пайдаланып қажетті мағлұматты оқушыларға ұсыну: https://www.youtube.com/watch?v=lCVzK8fA0q0 Формативтік бағалаудың тапсырмасы: топтарда жарыс ұйымдастыру. Интернетті пайдалана аласыз. Дәстүрлі ойынға жататын ойын түрі «Шекем тас» Шекемтас ойыны 5 адам топ құрап ойнайды. Ойынға қойдың құмалағынан үлкендеу 5 домалақ тас немесе асық пайдаланылады. Ойынның мазмұны: Ойнаушылар ең алдымен, кім-кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады да, тағы да лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады да, тағы да лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады да, тағы да лақтырып, алақанмен қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз –тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қарай қағып алу. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып алу кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.Бірінші кезек алған ойыншы бестас ойынының шартын бұзып алғанға дейін ойнайды. Одан кейін екінші кезектегі, ол тоқтаған соң, үшінші кезектегі ойыншы ойнайды. Ойын осылай жалғаса береді.Тастарды қаршып қағып алу кезінде басқа тастарды қозғалтуға болмайды және қақпа тасты түсіріп алмауы керек. Ойыншы ойынның шартын бұзғанға дейін ойнай береді. Тек ойынның шарты бұзылған жағдайда ғана келесі ойыншы кезек алады. Ал келесі кезек келгенде ойнаушылардың қай-қайсысы болсын, ойынды өзінің бұрынғы тоқтаған жерінен жалғастырады. Ойын мынадай жүйелермен орындалады: Бірлік. Бес тасты жерге иіріп тастаған соң, біреуін қақпатас етіп жоғары лақтыра отырып қалғанын бір-бірлеп қағып алады.Екілік. Тастарды жерге иіріп тастап, жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады.Үштік. Үш тасты бірге, бір тасты жеке қағып алады.Төрттік. Мұнда алақандағы бес тастың ішінен қақпатас етіп жоғары лақтырып, ол қайта түскенше төрт тасты жерге қойып үлгереді де, тағы лақтырып, жердегі тастың төртеуін қайта жинап алып қақпатасты қағып алады.Жалақ. Ойында үш немесе бес жалақ болады. Қақпатасты жоғары биіктікте лақтырып жіберіп, сұқ саусақпен жерді үш немесе бес рет «жалатып»үлгеру керек.Үш рет жалау немесе бір рет жалау ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді.Алақан. Қақпатасты лақтыра отырып, қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинайды.Төрт бұрыш. Төрт тасты жерге қойып, яғни, төрт бұрыш жасап қойып, содан соң қақпатасты биіктікте лақтырып, тастардың төртеуін де жинап қағып алу керек. Төртбұрыштың үлкендігі ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді.Арттан тастау. Ойынның бұл түрінде жерден бірінші тасты қағып алған соң, екінші тасты қағып алу үстінде бірінші тасты қолдың артынан жерге тастау керек. Үшінші тасты қағып алу үстінде екінші тас арттан тасталады.Бәрін тастап болған соң, жердегі тастарды соңынан тұтас жинап қағып алу керек.Үндемес. Бестас ойынының бұл түрінің шарты бойынша қақпатасты қағып алғанда, ол алақандағы басқа тасқа соғылмауы керек. Ойынның шарты бойынша үндеместі ойнаған кезде ойыншының өзі де үндемей отыруы керек. Ал басқа ойыншылар ойынның осындай жағдайын пайдаланып, үндеместі ойнап отырған ойыншыны күлдіруге тырысады. Ойыншы күліп жіберсе, ол сол арада ойнауын тоқтатуға тиіс болады. Себебі, ойын шарты бойынша дыбыс шығарса ойын шарты бұзылады.
Шекем тас ойынына топтық жұмыстар ұйымдастыру формативтік бағалау. Сабақты тақырыбын бекіту, сұрақтар қою: Шекемтас ойынының пайдасы қандай? «Отау» ойынының пайдасы қандай? Ойынды адал ойын ойнадыңдар ма? Бұл ойында қандай адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау және бағалау.
Сұрақ қою: Ойын барысында қандай қауіпсіздік техникасын сақтау керек? Бұл ойында қандай адамгершілік құндылықтарды дамытамыз? Оқушыларды жұпқа бөліп, бір-біріне сұрақ қою. Бірін-бірі бағалау. Шекемтас ойыны. Ойынға көлемі бірдей 5 тас алынады (тастардың көлемі бармақтың басындай болуы шарт) Бас тас (қызыл бояумен боялған)
Ойын түрлері:
Дайындық жаттығулары:
Бірін бірі бағалау. | Бос кеңістік, ысқырық, конустар Бос кеңістік, ысқырық, конустар, ойынға арналған тастар. https://www.youtube.com/watch?v=lCVzK8fA0q0 Бос кеңістік, ысқырық | |
Рефлексия 5-7мин | Кері байланыс: Не білдім? Неге үйрендім? Не түсініксіз болды? Нені жақсартуым керек?
| ||
Үй тапсырмасы | Баскетбол ойынының шығу тарихын оқып,біліп келу. | ||
Сабақ бойынша рефлексия | |||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысу керек.
|
Бағалау парағы
№ | Бағалау критерийлері | Дескриптор |
1. | Шекемтас ойының қауіпсіздік ережесін біледі,түсінеді | Сұрақ-жауапқа белсене ат салысты. |
2. | Ұлттық ойын –«Отау», «Шекем тас» ойынының ережесін біледі | «Отау», «Шекем тас» ойынының ережесін айтып бере алады |
3. | Ойын кезінде ережені қолданады | Ойын ережесін көрсете алады |
Бақылау парағы
№ | Аты жөні: | Ұлттық ойын түрлерін біледі,бақылайды,талдайды | Диалог, ой пікір | Ойынға қатысты |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?