Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 4 –Қазақтың ұлттық ойындары

Мектеп: ХББ НЗМ Шымкент

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.3.1. Тәсілдер мен стратегияны құру және талдау

Сабақтың мақсаттары

  • Оқушылардың ойнау дағды біліктілігін жетілдіру, тоғызқұмалақ ойынына қатысты ұғымдарды жаңғырту;
  • Оқушыларды ойын күрделілігімен жақынырақ таныстырып, олардың логикалық ойлау шеберліктерін шыңдау;
  • Оқушыларды тез уақытта ойын комбинациясына сәйкес стратегиялық шешімдер қабылдай білуге баулу;

МКДЖ

  • Дене шынықтыру сабағында 10 сыныптарда сыни тұрғыдан ойлау арқылы және жинақтау және бағалау дағдыларын қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

Оқушылар ойынды меңгереді және тактикаларды шешеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пән лексикасы және терминология:

Құмалақ, қазан, отау, бастаушы, қостаушы, тұздық , атсырау.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

  • Құмалақ ойыны...................................... ойнатылады
  • Құмалақ
  • Тұздықты бермеу үшін................................. жасалынады.
  • Құмалақтың санын анықтау ........................ іске асырылады
  • Қостаушы қазанды толтыруды ........................жоспарлайды

Құндылықтарды дарыту

Патриотизм; ұлттық сана-сезім жетілдіру және ел алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыру. Туған ел тарихына деген құрмет және ата-бабадан мұра болып қалған ұлттық ойындарымызды кеңінен насихаттау мен маңызы ашу. Жұптық жұмыс барысында бір-біріне деген ашықтық және ынтымақтастық құндылықтарының орындалуына көңіл бөлу.

Пәнаралық байланыстар

Оқушының математика пәнінде 10.1А Мәтінді есептерді математикалық модельдеу бөлімінің Мәтінді есептерді математикалық модельдеу тақырыбында.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордағы ресурс көздерін қолдану, бейнебаян тамашалау, презентация қолдану

Алдын-ала білімдер

Тоғызқұмалақ ойынын 9 сыныпта жүру жолы мен шарттары туралы мәліметтер біледі. 10 сыныпта оқушылар 4 бөлім – Қазақтың ұлттық ойындары бойынша, келесі тақырыпта өтеді: Жеке және топтық ойындар.

Зияткерлік ойындар .

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Басы

0-5 минут

Ынтымақтастыру атмосферасын орнату.

Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу, рапорт беру.

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға «Миға шабуыл» сұрақтары қойылады:

  • Тоғызқұмлақ ойыны қашан пайда болды?
  • Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған?
  • Қазақ өкілдерінен кімдер ойнаған? Тоғызқұмлақ спортшыларынан кімді танисың?
  • Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?
  • Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері қандай?

Оқушылар бұл сұрақтарға өздерінің алдыңғы білімдерін қолдана отырып жауап беруге тырысады. Оқушылардың жауабы қажет болған жағдайда толықтырылады. Сұрақтарға болжам айтылғаннан кейін сабақ тақырыбы мен мақсаты тақтада көрсетіледі.

6-14 минут

15-23 минут

(D) Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты игеру.

Тоғызқұмалақ ойынында стратегия мен тактикаларды әзірлеуді үйрету үшін «Тоғызқұмалық ойынын үйрену» атты бейнебаян интерактивті тақтаның жәрдемімен көрсетіледі. (Қосымша 1,2 көрсетілген).

Мұғалім оқушыларды тоғызқұмалақ ойыныныдағы жаңа терминдер және принциптерімен таныстырады.

Принциптер:

а) тақта үстіндегі ойын күштеріне жауапкершілікпен қарау;

ә) отаудағы құмалақтарды өрістете білу немесе оң жақ отаулардан ойнау;

б) жүрістерді есептеу.

Тактикалық тәсілдер:

1)     Айырбасқа шақыру;

2)     Байлау» қойып ойнау, яғни қарсыластың отаудағы құмалақтарының  жүрістерін тарылту.

3)     Комбинация жасау, яғни отаулардағы құмалақтарды  шабуылға ыңғайлы орналастыру.

4)     Осал отауларға  шабуыл жасау.

5)     Атсырату

    Айырбасқа шақыру  - өзінің бір отауындағы  құмалақтарды қарсыласына жеуге беріп, сонша құмалақтарды қайтарып ұтып алу. 

Байлау қойып ойнау, яғни отаудағы құмалақтардың жүрістерін тарылту. Комбинация жасау –өз тасыңнан тас алу. Осал отауларға шабуыл жасау -қарсыластың ашық тұрған отауларындағы тастарды алу үшін шабуыл жасау.

Атсырату дегеніміз- ойын соңында қарсылас жақтың жүрісі қалмай қалған жағдайда, екінші жақтағы ойыншы қалған тастарын өзіне қосып алады.

(I) Оқушыларға тоғызқұмалақ ойыныныңы белгілібір кезеңінде тұрған суреттер беріледі. Оқушылар жеке жұмыс жасай отырып жеңіске жететін өзіндік стратегиясын құрады. Оқушылардың қабілетіне байланысты күрделілігі әртүрлі 3 сурет беріледі.

1-жеңіл

2-күрделілігі орташа

3-күрделі

Тапсырмаға қойылатын критерий:

  • Орындалатын стратегия логикалық тұрғыдан қол жетімді болу керек;
  • Жүру жолы нақты көрсетілуі керек;
  • Математикалық есептеулер көрсетілуі керек.

Бағалау: оқушылар өзара жұмыстарын берілген критерийге сай тексереді және «Бесбармақ» әдісімен өзара бағалайды.

«Тоғызқұмалық ойынын үйрену» бейнебаян

Қосымша 1

https://www.youtube.com/watch?v=2tTcwhZA5m8

Қосымша 2

https://www.youtube.com/watch?v=tFbVBoPihP0

24-36 минут

Жұптық жұмыс. Оқушыларға алған білімдерін практикамен ұштастыру үшін тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. Тоғызқұмалақ тақтасы беріледі, мұғалімнің нұсқауымен ойынды бастайды. Оқушылар жоғарыда келтірілген ойын стратегиялары мен тактикаларды ескере отырып, өз комбинацияларын құрай алу керек. Мұғалім оқушылардың ойын барысында қолданған тактикаларын бақылап, бағалау журналына балл қойып отырады.

Тоғызқұмалақ ойын тақтасы

Сабақтың соңы

37-40 минут

Чемодан еттартқыш қоқыс жәшігі.

Оқушыларға стикерлер таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін, әсерлерімен ойларын стикерге жазады.

Чемоданға – оқушы сабақта алған біліміне толық түсінген болса, үйге білім жүгімен кетіп бара жатса, стикерін салады.

Еттартқышқа – оқушы сабақта алған білімдерін әлі де сенімсіз, қарастыру, ой елегінен өткізу керек екенін білсе, стикерін салады.

Қоқыс жәшігіне - оқушы сабақта ешнәрсе түсінбесе, стикерін салады.

Үйге тапсырма: Тоғызқұмалақ ойнындағы стратегиялар мен тактикалар құру.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелейтін элемент)

Барлық оқушылар тоғызқұмалақ ойнының ойнау ережесін біледі, стратегия құра алады;

Оқушылар көбі тоғызқұмалақ ойынына тактикалық және стратегиялық жоспарлар құра алады

Кейбір оқушылар ойын комбинациясына сәйкес стратегиялық шешімдер мен тактикаларды құра алады, алдын ала жеңісті болжай алады;

  • бақылау, тыңдау, сұрақтар арқылы
  • Қойылған критерийлер оқушылардың тоғызқұмалақ ойынын алдын ала жоспарлау және дұрыс есептеу арқылы жеңіске жетуге болатындығына үйретеді.
  • Сабақ барысында қойылған сұрақтарға жоғары деңгейлі және орта деңгейлі оқушылар нақты, әрі тереңірек болжам жасаса, төмен деңгейлі оқушылар басқа ұлттық ойындармен шатастыруы мүмкін.
  • Орындықта дұрыс отыру ережелері еске салынады. Мойынға жаттығулар жүргізіледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Денешынықтыру сабағынан 10 - сыныптағы «Тоғызқұмалақ ойнында әртүрлі стратегия мен тактикаларды көрсету» тақырыбындағы өткізілген сабақ 40 минутқа жоспарланған. Сабақтың басында оқушыларға миға шабуыл ретінде сұрақтар берілді, олар тоғызқұмалақ туралы алдыңғы білімдерін пайдалана отырып, жауап беруге тырысты. Берілген жауаптарға сәйкес жаңа тақырыпты анықтады. Көрсетілген бейнебаян бойынша интерпретация жасай алды. «Не байқадың?» деген сұрақтарға толықтай жауап бере алды. Оқушылар өзара талқылау жүргізіп, стратегияларды толықтай талқылады. Ойынның стратегиялары мен тактикалары толықтай сипатталған соң оқушыларға қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар берілді.

Оқушылар жоғарыда келтірілген ойын стратегиялары мен тактикаларды ескере отырып, өз комбинацияларын құра алды. Мен оқушылардың ойын барысында қолданған тактикаларын бақылау арқылы үнемі бағалау жүргізіп отырдым.

Сабақ соңында оқушылар «Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?» сұрақтары бойынша өз қорытындыларын жасады. Менің тарапымнан оқушылардың сабақ барысында (тоғызқұмалақ ойнауда) жіберген қателіктері, сәтті және сәтсіз тұстары айтылып, кері байланыс берілді. Кейбір оқушылардың берілген критерийлерді негізге алмағандығы да ескертілді. Бұл алдағы сабақтарда осындай тапсырмалар берілгенде қайталанбас үшін қажет деген ойға әкелді.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

  • Сабақ жоспары мақсатқа қарай құрылыд;
  • Берілген тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырды;

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

  • Тәжірибелік бөліміне жеткілікті уақыт берілу керек;
  • Сабақ барысында тапсырма критерийі оқушының назарында болуын қадағалау керек, оны таратпа қағазы ретінде немес тақтада үнемі көрсетіліп тұруына мән беру;

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?

  • Оқушылардың ойын туралы теориялық білімдерінің аз болуы, ойын тактикасын түсіндіруге көбірек уақыт жұмсауға алып келді, сол себептен келесі сабақта, таратпа мәліметтер және тірек сөздер кестесін дайындуым қажет деп шештім;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу