Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар:

4 бөлімҚазақтың ұлттық ойындары

Мектеп: Шымкент қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалім аты жөні: Байтуов Т.Т.

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

10.2.4.1. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтарын талдау және бағалау.

Сабақ мақсаты

  • техникасын техникасын
  • Ұлттық ойындарды ойнату арқылы адамгершілік құндылықтарды дарыту.
  • Ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Бағалау критериі

Оқушылар:

Ойында әдіс-тәсілдер қолданады;

Ойында топтық ойын әдіс тәсілдерін игереді, біледі, дамытады.

  Сабақтың тілдік мақсаты

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Дереккөздер

0 - 7минут

8 – 11 минут

12-20 минут

21-36 минут

37-40 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сапқа тұрғызу, спорттық киімін тексеру, сәлемдесу.

Дене қыздыру жаттығулары.

1. Бір орында: Оңға, солға, кері бұрылу.

2. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Миға шабуыл ой қозғау:

  • Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіздер ?
  • Қандай ұлттық ойындарды ойнай аласыздар ?
  • Асық ату туралы не білеміз?
  • Қалай ойлайсыздар, асық ойынын не себептен спорттық - олимпиада ойындарының қатарына қоспай отыр?

Оқушылар өз мүмкін жауаптарын береді. Бүкіл сынып болып талқылайды.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады.

Жаңа тақырыпты игеру. Мұғалімнің түсіндірмесі.

 Асық түрлерімен таныстыру. 1. Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. «Кішкентай» сөзі «кіші» және «кентай» сөздерінен шыққан. 2. Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі. 3. Ешкімер - ешкінің асығы. 4. Қойлақ - қойдың асығы. 5. Құлжаз - құлжаның асығы. 6. Топай, сомпай - сиырдың асығы. 7. Шүкейт - киіктің асығы. 8. Пүш - тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы. Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы. 

Қолда асықты ұстау техникасын үйрету: - асықтың өзіндік болмысына және жату қалпына сай атаулары: алшы, тәйкі (тәуке, тәйке), бүк, шік. (омпа және томпа). - асықтың ойын түрлеріне сай қолға ұстау әр түрлі: көбіне асықпен ойналатын ойындар иіру арқылы ойналады. Асықтың тәйкі тұсы – басбармаққа, алшы жағы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады. (Бұл оңқай асықтарды дұрыс ұстау). Ал солақай асықты ұстағанда: алшы тұсы – басбармаққа, тәйкі тұсы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады.

Асық ойынының түрлері:

1) үш табан немесе бес табан, 2) шеңбер немесе төртбұрыш, 3) хан талапай, 4) бес асық, 5) тәуекел 6) бүк пен шік, 7) асықты тігіп ойнау, 8) тас қала 9) омпа, 10) алшы, 11) құмар және топай ойыны; 

Топтық жұмыс. Асық ату ойыны.

Оқушылар түрлі түсті асықтарды қолдану арқылы, екі топқа бөлінеді; Арнайы дайындалған шеңбер (төртбұрыш) ойынын ережеге сай оқушыларға ойнату. 

Дескриптор:

Бағалау критерийі

Реттік саны

дескрипторлар

+/-

Асық ату

ойыны

1

2

Асықты дұрыс ұстайды

Асықты дұрыс дәлдейді

3

Ойын ережесін дұрыс орындайды

Дифференциация ретінде:

  • Қабілеті орташа оқушыларға: асықты қолда дұрыс ұстай алу және шерту.
  • Қабілеті жоғары оқушыларға: асықты дұрыс дәлдеп, шеңберден шығару тапсырмалары беріледі.

Кері байланыс.

  • Асық ойының басқа ұлттық ойындармен салыстырғанда ерекшелігі қандай?
  • Асық ойынын ойнау арқылы қандай дағдыларды дамыта аламыз?

Үй тапсырмасын беру: Барлық асыққа байланысты қазақ халқының мақал – мәтелдерін біліп келу.

Ысқырық, бос кеңістік, асықтар

Ысқырық, бос кеңістік, асықтар

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ сілтемелері

Құндылықтар

  • Барлық оқушылар; Ұлттық ойындарды атай алады. Асық ойыны туралы біледі.
  • Оқушылардың көпшілігі: Асықтың атаулары мен асықты қолда дұрыс ұстай алады.
  • Қабілеттілігі жоғарырақ оқушылар: Ойын техникасын дұрыс қолдана алады. Ойынды ережеге сай ойнай алады.
  • бақылау, тыңдау, түрткі сұрақтар арқылы
  • дескриптор арқылы
  • дифференциация тапсырмасы арқылы
  • Математикамен байланыс: бағыт, кеңістік, уақыт, баға.
  • Басқалармен жұмыс.
  • НЗМ бірлескен тапсырмаларда қолдауы

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу