Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы
Оқу мақсаты:
10.2.4.1. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтарын талдау және бағалауСабақ мақсаты: - Ұлттық ойындарды ойнату арқылы адамгершілік құндылықтарды дарыту.- Ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеуМиға шабуыл1. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіздер ?2. Қандай ұлттық ойындарды ойнай аласыздар ?3. Асық ату туралы не білеміз?4. Қалай ойлайсыздар, асық ойынын не себептен спорттық - олимпиада ойындарының қатарына қоспай отыр?
Асық түрлерімен таныстыру.
асықтың өзіндік болмысына және жату қалпына сай атаулары: алшы, тәйкі (тәуке, тәйке), бүк, шік. (омпа және томпа).
асықтың ойын түрлеріне сай қолға ұстау әр түрлі:
көбіне асықпен ойналатын ойындар иіру арқылы ойналады. Асықтың тәйкі тұсы – басбармаққа, алшы жағы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады. (Бұл оңқай асықтарды дұрыс ұстау). Ал солақай асықты ұстағанда: алшы тұсы – басбармаққа, тәйкі тұсы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады.
Қолда асықты ұстау техникасын үйрету:
Асық ойынының түрлері:
Топтық жұмыс.
Асық ату ойыныДескриптор
Дифференциация ретінде:
1. Қабілеті орташа оқушыларға: асықты қолда дұрыс ұстай алу және шерту.
2. Қабілеті жоғары оқушыларға: асықты дұрыс дәлдеп, шеңберден шығару тапсырмалары беріледі.
Үйге тапсырма
Барлық асыққа байланысты қазақ халқының мақал – мәтелдерін біліп келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?