Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар №1
Бөлім 4 Қазақстандық ұлттық ойынындағы шығармашылық қабілеттілік | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:. | |||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ ұлттық ойындарының балама нұсқалары | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.7.7. Бәсекелестік кезіндегі патриотизм, тәртіп, ынтымақтастық және әділ ойынды анықтау | |||||||
Сабақ мақсаттары | Қазақ ұлттық ойындарының баламалы нұсқаларын жасау. | |||||||
Жетістік критерийлері | Қазақ ұлттық ойындарына баламалы нұсқаларды құруда идеялар ұсынады, ойындарға қатысады ұлттық ойындарда Отансүйгіштік, кең көлемде спорттық-спецификалық дағдыларын көрсете алады. Ұлттық ойындарда өзінің және өзгелердің ойын барысында құндылықтарды ұстанады, әділ шешімдер қабылдайды. -Оқушылар бәсекеге қабілеттілігін танытады | |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар мыналарды орындай алады: Қазақ ұлттық ойындарында өзіңіздің қозғалыс дағдыларыңызды және стратегиялық ойлауыңызды талдаңыз,бағалаңыз. Тақырыптық терминология және терминология: Ұлттық, зияткерлік ойындар • стратегия, тактика, тастау • «ҚАҚПА ДОП», «САҚТЫН САЛУ» • ойыншы, рефери, қорғасын, ойыншы, жаттықтырушы, командалық жұмыс, қарсылас, шабуыл, қорғаныс • әділ ойын ережелерін Талқылауға арналған сұрақтар: • Осы ойында артықшылық алу үшін қандай стратегияларды қолдануға болады? • Ойын әлеуметтік дағдыларды қалай дамыта алады? • Ойынды қалай қиындата аламын, қалай өзгертуге болады? Топпен бірге жұмыс істеуге қалай көмектесе аласыз? | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, жауапкершілік, ашықтық, адалдық, өмір бойы оқыту | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, география, биология | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||
Бастапқы білім | Оқушыларда алдағы сыныптарды және сабақтан тыс уақыттарда қазақтың ұлттық ойындары, шеберлік пен стратегиялық түсінік туралы білімдерді меңгерген. Аталған тарауда оқушылар стратегиялардың тәсілдердің және дәстүрлердің тізбегімен танысады. Қазақтың ұлттық ойындарына балама нұсқаларды ұсынады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2-3 минут | Спорттың адамды тәрбиелеудегі педагогикалық маңызы өте зор. Оқушылармен сәлемесу, бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаттары және жетістік өлшемімен таныстыру. Адам спортын тәрбиелеуде үлкен педагогикалық маңызы бар Сабақта жаттығу кезінде оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сергіту сәті: «Бірлік» ойыны. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Бірлік» ойынын ойнайды. (Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Оқушылар бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткендеріне дейін жалғасады.) Орында (оңға,солға,кері) бұрылу. Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қолды белге қойып өкшемен жүру, алаң шетімен жүгіру және дене қыздыру жаттығуларын жасау. Жалпы физикалық дайындық (ЖФД) кешенін даярлау кезінде бұлшықеттің түрлі топтарына көңіл аударған жөн, оқушылардың өзінің қалай сезініп тұрғанын қадағалау. Сұраңыз: Ұсынылған кешен қалайша мақсатқа жеткізді? «Мадақтау»шапалақпен Оқушылардың сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын, сабақтың мақсатын қаншалықты түсінгендігін «Бас бармақ» әдісін қолдану, соны көтеру арқылы сабақ мақсаттарын қаншалықты түсінгенін анықтау: (Суретке қара).Спорт ілімі спорттық қызметтің негізгі заңдылықтары жөніндегі сенімді ғылыми білім жүйесін көрсетеді. Спорттық қызметтің көптеген төмендегі түрлері бар: жарыстық қызмет, спорттық дайындық, спорттық іріктеу, материалдық және ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі, жарыстағы төрешілік ету, спортқа бар жанымен берілу. | Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Оқу-әдістемелік құралы: Құралдың балама түрлері
Имек таяқ талдаң және доп жүннен иірілген | ||||||
Сабақтың ортасы
30-35 минут | «Қақпа доп» ойыны.(ұлқ-ыздар). Ойынға қатынасушылар жазық алаңға жиылып келіп үлкен дөңгелек шеңбер сызады да, дәл ортасынан тереңдігі 10 сантиметрдей шұңқыр қазады. Бұл қазан шұңқыр. Шеңбер сызық пен шұңқырдың аралығы жарты метрдей болуға тиіс. Ойынды бес-алты ойыншы ойнай береді. Әр ойыншы өзіне ұзындығы бір жарым метрге жуық, ұшы қайқылау таяқ әзірлейді. Үлкендігі орташа доп пайдаланылады. Ойынды жүргізушілер қазан шұңқырдың сыртындағы шеңбердің бойымен аралығы 2—2,5 метрдей қашықтықта өздеріне кішкене ұя қазады да, таяқтарының ұшын соған тіреп тұрады. Жеребе бойынша бір ойыншы доп ойнаушы болады. Ол допты қазан шұңқырға түсіруге айла іздейді. Басқалар қазанды қорғайды және өзінің ұясын доп айдаушыға алдырмауға тырысады. Егер айдаушы допты қазанға түсіретін болса, басқа ойыншылар орындарын жылдам ауыстыруы керек. Осы қарбаласта доп ойнаушы біреуінің ұясын иеленіп алуға тиіс. Ұясыз қалған ойыншы доп айдаушы болады Қазақтың дәстүрлі ойыны сақина жасыру. Сыныптағы (ұл-қыздар) 10-12 оқушы тұрып, орындыққа отырып «сақина» ойының ойнау шарты ойын жүргізуші екі қолды созып,қос алақанды ортасында сақинасы бар жұмып тұрады да, столда тізелерінің үстіне екі қолын салып отырған ойыншылардың алақанына сақинаны жүргізіп отырып тарыған бір оқушыға алақанына тастай салады да,ары жалғастыра отырып біткеннен кейін ойын жүргізуші ортаға келіп,салушы ойыншыларға сұрақ қояды «сақинам кімде?»,«Кел сақинам кел» деп сол кезде алақанында сақинасы бар ортадағы окушы жүгіріп шығуы тиіс. Алайда, оның қасындағы ойыншы оны ұстап қалуға тиіс.Ұстай алмаса, ол айыпталады.Сол үшін әрбір оқушы өзінің көршісіне қырағылықпен қарап отыру керек. Осы уақытта қалған оқушы сақинасы бар оқушыны ұстап алса оған(қызықты сұрақ, жаңылтпаш,ән,)айтқызу керек. | https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I https://www.youtube.com/watch?v=67Jr-AOVi6s Оқушыларды бақылау парағы арқылы бағалау. | ||||||
Сабақтың соңы 1-2 минут | Кері байланыс.бүгінгі сабақты қортындылау. -нені білдім -нені үйрендім. -нені толық түсінбедім. Үйге тапсырма: Ұлттық ойынды келесі сабаққа дайындау | |||||||
Дифференциация - Сізге неғұрлым қолдау көрсетуді қалайсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Дене тәрбиесі жоғары оқушылар ойынға қатысады. Дене дайындығы төмен оқушылар байқауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады, олар төреші бола алады, ойлау әрекеттеріне қатыса алады. | Бағалау - оқушылардың білімін қалай талдауға болады? Оқушылардың қызметін бақылау. Оқушылардан сауалнама алу. Өзара топтық бағалау, бас бармақ арқылы бағалау. Бақылау әдісі, мұғалімнің бағалауы. Бағалау парағы арқылы материалды игергенін тексеру. | Денсаулық және қауіпсіздік ережесінің сақталуы Ойын барысында ережемен таныстырады, оқушыларды сырттай әрқашан бақылап отырады. Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия | Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған. | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
№ | Бағалау өлшемдері | Дескриптор |
1 | Ұлттық ойын – «Қақпа доп», «Сақина салу», «Шекем тас» ойынының ережесін біледі | «Қақпа доп»,«Сақина салу», «Шекем тас» ойынының ережесін айтып бере алады |
2 | Ойын кезінде ережені қолданады | Ойын ережесін көрсете алады |
Бақылау парағы сабаққа арналған
№ | Аты жөні: | Ұлттық ойын түрлерін біледі,бақылайды,талдайды | Дене қыздыру жаттығуларын құрастыра алады | Ойынға қатысты | Диалог ,ой пікір |
1 | |||||
2 | |||||
3 |
Ұлттық ойын түрлері:
Бұқа тартыс Жаяу көкпар
Шалма ойыны Сақина ойыны Жамбы ату
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?