Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 –бөлім: Қазақтың ұлттық ойындары | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу | |||||||||
Оқу мақсаттары | 10.2.3.1. Тактика мен стратегияларды құру және талдау | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері | - Оқушылар: - Ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізуді жоспарлап өткізе алады - Тактика мен стратегияларды құрып, талдайды | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет - екі жақты ойын барысында қарсылас команда ойыншылары бір-біріне құрмет көрсетеді. Әділдік – төрешілік қызметін атқаратын оқушылар әділ төрелік жасайды. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, физика | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурс арқылы қазақтың ұлттық ойындары мен танысу | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушыларда алдағы сыныптарды және сабақтан тыс уақыттарда қазақтың ұлттық ойындары, шеберлік пен стратегиялық түсінік туралы білімдерді меңгерген. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. 1 мин. 2 мин. 2 мин. 5 мин. | -Оқушылардың зейін шоғырландыру; - Ұлттық ойындар туралы бейнематериал көрсету, оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап алу; -Жетістік критерийлерге тоқталу; - Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау; | Үлкен спорт алаңы және LED экран. | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. 10 минут 10 минут 5 минут | Тапсырма № 1 ( Т, Э, ҚБ) Оқушылар топтарға бөлінеді. Бірінші топ - ұйымдастырушылар ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізуді жоспарлап өткізеді. Екінші топ қатысушылар рөлінде. Ұйымдастырушылар жарысты өткізу туралы ережені дайындап, өздері ұсынған нұсқадағы ойын мен рөлдерді ұсынады. Жарысқа қатысушылар бірінші команданың ұйымдастырушылық қабілетін талдайды. Оқушылар топтарда ұлттық ойындарды ұйымдастыру бойынша барлық мүмкін болатын сценарийлер мен процедураларды қарастырады. Мұғалім кей кездері қолдау көрсетуі қажет, бірақ оқушылар іс-шараны ұйымдастырумен байланысты жалпы проблемалар мен мәселелерді шешу үшін өздері шешім қабылдауы қажет. Дайындық кезінде интернет ресурстарды қолдануға болады. Сұрақ: Команданың бірлесіп жақсы жұмыс жасау үшін сіз қандай көмек көрсете аласыз? Ойын сіздің әлеуметтік дағдыларыңызды қалай дамытады? Дескриптор: Жарыс өткізу жоспарын іске асыра алады. - ҚБ: бір-бірін бағалайды Тапсырма №2 Екінші топ ұйымдастырушылар ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізуді жоспарлап өткізеді. Бірінші топ қатысушылар рөлінде. Талдау: Жарысқа қатысушылар қандай тәсілдер мен стратегияларды қолданды? Дескриптор: Жарыс өткізу жоспарын іске асыра алады. ҚБ: бір-бірін бағалайды Тапсырма №3 «Кім тапқыр» ойыны. Екі топ оқушыларына картинкалар арқылы қазақтың мақал-мәтелдері жарысырылады. Жасырылған мақал-мәтелдерді қай топ көп тапса сол жеңіске жетеді. Оқушылар сұрақтың жауабын маркер тақтасына жазады. ҚБ: мұғалім бағалайды | Кең ойын алаңы, жарыстарды өткізуге қажетті құрал жабдықтар. Кең ойын алаңы, жарыстарды өткізуге қажетті құрал жабдықтар.
LED экран және маркер тақтасы. | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Тыныс алу жаттығулары, назар аудару ойындардын ұйымдастыру, сұрақтарға шолу жасау, нәтижелерге тоқталу. Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды: - нені үйренді; - не нәрсе түсініксіз болып қалды; - немен қайта жұмыс жасау керек. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
-Оқушының жеке мүмкінідіктерін анықтау; -тапсырмалар күределі немесе жеңілдетілген; -диалог арқылы. | - өзін-өзі бағалау; - бірін-бірі бағалау; - мұғалімнің бақылауымен. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?