Тепе-теңдік гимнастикалық жаттығулар және кеңістіктегі дене қозғалысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дене тәрбиесі №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім – Гимнастика Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Күні: Сынып: 10 Оқытылу тілі: қазақша Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Тепе-теңдік гимнастикалық жаттығулар және кеңістіктегі дене қозғалысы | |||||||||
Оқу мақсаттары | 10.1.5.5 Сенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялар-мен тәжірибе жасау 10.1.4.4 Өзінің және өзгелердің қозғалыс қабілетін сын тұрғысынан бағалау 10.3.5.5 Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Сенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялар-мен тәжірибе жасау. Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту. | |||||||||
Бағалау критерилері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар біледі:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтары. Жүгіру немесе денені қыздыру жаттығулары кезіндегі іс-әрекеттердің жауапкершілігін түсінеді, команда болып жұмыс жасайды. Гимнастика сабағы кезінде, әділ және таза орындауға, бағалуға ынталанады. Оқушылар бір-біріне қиянат жасап, немесе кекетіп көрсетуден аулақ болуға үйренеді. Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік дағдыларды дамытуды қамтиды. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Биология, физика және қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнедерімен байланыс. Ойынға қатысты терминдерді үш тілде білу. | |||||||||
Акт қолдану: | Сілтемелер бойынша материалды көрсету | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар, бұрын үйренген жалпы спринттік жүгіру шеңберіндегі білімдерін көрсету күтіледі. Стайерлік жүгірудегі дағдыларын іс жүзінде қайталайды, шыңдайды және көрсетеді. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы іс-әрекет | Құрал жабдықтар(ресурстар) | ||||||||
Сабақтың басы: 5-7 мин | Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Оқушылардың қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Киім киістеріне көңіл аудару. Сабаққа қаншалықты дайын болуларына көз жеткізу. Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру. Сабаққа зейіндерін аударуларына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл). Екі топқа бөлу, денені қыздыру жаттығуларын орындау. Шеңбер жасап тұру:мойын бұлшық еттерінен бастап жаттығу жасау. Иық, қол, аяқ буындарына жаттығу жасау. Еденнен созылу жаттығулары. Спорт зал бойынша айнала жүгіру жаттығуларын орындау: | Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер, конустар, қаламсап, стикерлер. | ||||||||
Сабақтың ортасы: 25-28 мин | (Б) Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді. (Б, Т, Ф) Оқушылар топтарға бөлінеді. Бұрын оқыған элементтерден топ бойынша акробатикалық амалдарды орындайды. Амалды басқа топқа көрсетеді. Акробатикалық элементтерді орындағаннан кейін топтар олардың жақсы және жаман жерлерін айтады, оларды жетілдіру үшін нұсқаулар береді. (Т, Тәж, Ф) Жұмыс 4-5 оқушылық топтар ішінде өтеді. Оқушыларға үйренген техникалық элементтерден акробатикалық композиция дайындауды ұсыну. Мысал бойынша: №1 тапсырма Қыздар: Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, қол жоғары. Бір аяқта тепе-теңдік (ласточка); түзетілу кезінде – бастапқы қалып жүзуші старты, жинақталып, екі біріккен тоңқалаң асып түсу; аударыла домаланып, жауырынға тұру; отырып, аяқ жан-жаққа, қолмен арттан тірелу; аяққа қарай денені еңкею (қолды алға созып); түзелу кезінде, арқада жатқан қалыпқа келу (аяқты бүгіп); мост; бір тізеде тұрып тіреліп бұрылу – жарты шпагат; отырып тірелу; жоғары секіру (қолды сермеп). Ұлдар: тепе-теңдіктегі жаттығу - “ласточка”;
қайысып жоғары секіру, қол жан-жаққа, жоғары қарай. Бағалау критерилері:
Рефлексия Оқушылар өз ойларын карточкаларда жазып көрсетеді. Мен бүгін білдім........... Қиындық тудырды............. Мен жақсы жасадым............. | Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Жаттығуды орындауға қажетті жабдықтар.
Гимнастикалық түрліше биіктіктегі орындықтар, гимнастикалық қабырғалар, төсеніштер. Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Жаттығуды орындауға қажетті жабдықтар Арнаулы гимнастикалық төсеніштер. Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Жаттығуды орындауға қажетті жабдықтар Арнаулы гимнастикалық төсеніштер және гимнастикалық орындықтар. | ||||||||
Сабақтың соңы: 3-5 мин | Осы сабақтағы жасаған жұмысқа кері байланыс, яғни бүгінгі сабаққа қойылған мақсат. Оқушылар өз топ арасындағы кері байланыс. Әрқайсысы жеке кері байланысты стикерлерге жазып, тақташаға жапсырып қояды. Үйге тапсырма осы сабақтағы көздеген мақсатқа байланысты. | Ғаламтор ресурсы. | ||||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.
| Бағалау – оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау
| Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Спорттың адам денсаулығына қаншалықты маңызды? | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?