Гимнастикалық снарядтарда денені басқару қозғалысының дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Гимнастикалық снарядтарда денені басқару қозғалысының дағдысы
Оқу мақсаттары:
10.3.2.2. Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылау.
10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану.
Гимнастика
Сабақтың мақсаты:
Гимнастикалық жабдықтармен жұмыс орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
Гимнастикалық бөренемен жүру жаттығуларын үйрету;
Гимнастикалық бөренеде комбинацияларды құру;
Жетістік критерилері:
Оқушылар мыналарды орындай алады:
Оқушылар гимнастикалық жабдықтармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтай біледі;
Гимнастикалық бөренеде жаттығулардың орындалу техникасын көрсете алады;
Гимнастикалық жабдықтарды пайдаланып комбинация құра алады және көрсете алады.
Тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақтар
1. Гимнастиканың қандай түрлерін білесіңдер?
(Көркем гимнастика, спорттық гимнастика, аэробика, акробатика)
2. Спорттық гимнастика мен көркем гимнастиканың айырмашылығы неде?
3. Қазақстандағы әйгілі гимнастардан кімдерді білесіңдер?
4. Қандай спорттық гимнастиканың жабдықтарын білесіңдер?
Қауіпсіздік ережелерін қайталау
Гимнастикалық жабдықтарда жұмысты бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуларын орындау қажет;
Гимнастикалық бөренеде жаттығу орындамас бұрын, жаттығулар легін сенімді орындағанға дейін гимнастикалық орындықта жаттыққан дұрыс.
Гимнастикалық бөренеде бір уақытта екі оқушы болмауы керек;
Гимнастикалық бөрененің айналасын қоршай маты төселуі керек;
Жаттығу кезінде міндетті түрде сақтандырушы адам болуы керек;
Гимнастикалық орындықпен дайындық жаттығуларын орындау.
- Орындық үстінен жүріп өту;
- Орындық үстінен аяқтың ұшымен жүріп өту;
- Тізені биік көтеріп жүріп өту;
- Секіріп түсуді орындау;
- Қарлығаш жасау;
- Аяқты сермеп көтеріп астынан шапалақ ұру.
Гимнастикалық бөренеде дайындық жаттығуларын орындау.
Секіріп шығу;
Қырындап жүру;
Отырып 180 градусқа бұрылу;
Аяқты ауыстыра секіру;
Бөрене бойымен сермей жүру;
Бұрыштап отырып артқа таяну;
Жартылай шапқа отыру;
Деңгейлік тапсырмалар
А-тобы биік гимнастикалық бөренеде 7 элементтен тұратын жаттығу жиынтығын құрауы керек.
В-тобы аласа гимнастикалық бөренеде 6 элементтен тұратын жаттығу жиынтығын құрауы керек.
С-тобы гимнастикалық орындықта 5 элементтен тұратын жаттығу жиынтығын құрауы керек.
Бағалау критерилері:
1 Қауіпсіздік ережесін сақтау;
2 Жаттығу комбинацияларының үйлесімді болуы;
3 Жаттығуда карточкада берілген элементтердің барлығын көрсету;
4 Секіріп түсуді дұрыс орындау;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?