Гимнастикалық снарядтарда денені басқару қозғалысының дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді жоспары

Сабақ жоспары № ___

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім – Гимнастикадағы денені басқарудың қозғалыс дағдылары

Мектеп:

Күні:

Сынып: 10

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Гимнастикалық снарядтарда денені басқару қозғалысының дағдысы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.2. Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылау.

10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану.

Сабақ мақсаттары

1. Гимнастикалық жабдықтармен жұмыс орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;

2. Гимнастикалық бөренемен жүру жаттығуларын үйрету;3. Гимнастикалық бөренеде комбинацияларды құру;

Бағалау

критерийлері

Оқушылар мыналарды орындай алады:

  • Оқушылар гимнастикалық жабдықтармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтай біледі;
  • Гимнастикалық бөренеде жаттығулардың орындалу техникасын көрсете алады;
  • Гимнастикалық жабдықтарды пайдаланып комбинация құра алады және көрсете алады.

Тілдік мақсатыОқушыларға арналған ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік мақсат мысалы оқушыларға осы бөлімнің пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін төменде беріліп отыр.

Оқудың тілдік мақсаты

Оқудың тілдік мақсаты

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

композициялық элементтердегі жеке, жұп және топтық гимнастикалық тапсырмаларды талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • орын ауыстыру, тепе-теңдік, айналу
  • итеру, ұшу, қону
  • алға аударылып түсу, артқа аударылып түсу, домалау
  • кең қадам, ұзын аударылып түсу
  • гимнастикалық снаряд, көтеру және апару
  • байланыс, реттілік, топ қалыптастыру
  • міндет, қауіп-қатер, қауіпсіздік

жаттығулар кешені, баспен және қолға тіреніп тұру

Талқылауға арналған сұрақтар:

    • Гимнастикада жаттығуларды орындаған кезде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды неліктен сақтауымыз керек?
    • Мамандандырылған жабдықты пайдаланып жаттығу орындау күрделі үдеріс болып табыла ма?
    • Сендер сәтті өзара әрекеттесе алдыңдар ма?

Өрмелеудің қандай түрі сендер үшін жеңіл болды?

 Құндылықтарды

 дарыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Әділ жұмыс жасауға бейімдеу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Бір-бірінің кемшіліктерін тұзету, қолдау көрсету.

Топтардың бір-бірін бағалау кезінде академиялық әділ болу, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Тілдік пәндермен байланыс. Сабаққа байланысты термин сөздер үш тілде қолданылады, және бейне фильм орыс тілінде көрсетіледі.

 АКТ

Гимнастикалық жабдықтарда жүйелі жаттығулар құру әрекеттердің техникасын интернет арқылы көрсету. Жүгіріс жаттығулар кезеңінде босатылған оқушылар арқылы АКТ дағдыларын қолдану

Бастапқы білім

Қауіпсіздік ережесін сақтамаса қандай жарақат алып қалуы мүмкін екендігін біледі, өзін және өзгені сақтандыра біледі. Акробатикалық жаттығулардың элементтерін осы жаңа сабаққа қолдана алады.

САБАҚ

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 40 мин

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу.

 Миға шабуыл

 1. Гимнастиканың қандай түрлерін білесіңдер?

 өркем гимнастика, спорттық гимнастика, аэробика, акробатика)

 2. Спорттық гимнастика мен көркем гимнастиканың айырмашылығы неде?

 3. Қазақстандағы әйгілі гимнастардан кімдерді білесіңдер?

 4. Қандай спорттық гимнастиканың жабдықтарын білесіңдер?

Ми қаблеттерін қозғау, тақырыпқа шығу

Сабақтың мақсатын түсіндіру .

Бір орында: Оңға, солға, кері бұрылу.

2. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3. Жүгіру: Еркін жүгіру спорт алаңын айнала 350м, жүгіру жатығулары, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин

Дайындық жаттығулары:

  • Гимнастикалық орындықпен дайындық жаттығуларын орындау.

 - Орындық үстінен жүріп өту;

 - Орындық үстінен аяқтың ұшымен жүріп өту;

 - Тізені биік көтеріп жүріп өту;

 - Секіріп түсуді орындау;

 - Қарлығаш жасау;

 - Аяқты сермеп көтеріп астынан шапалақ ұру.

 

 

 

  • Гимнастикалық бөренеде дайындық жаттығуларын орындау.
  • Секіріп шығу;
  • Қырындап жүру;
  • Отырып 180 градусқа бұрылу;
  • Аяқты ауыстыра секіру;
  • Бөрене бойымен сермей жүру;
  • Бұрыштап отырып артқа таяну;
  • Жартылай шапқа отыру;

 3) Бейне фильм көрсету

 4) Карточка тарату арқылы сыныпты деңгейі бойынша 3 топқа бөлу. 3 топқа комбинация құруға жеке-жеке тапсырмалар беру.

 А-тобы биік гимнастикалық бөренеде 7 элементтен тұратын жаттығу жиынтығын құрауы керек.

 В-тобы аласа гимнастикалық бөренеде 6 элементтен тұратын жаттығу жиынтығын құрауы керек.

 С-тобы гимнастикалық орындықта 5 элементтен тұратын жаттығу жиынтығын құрауы керек.

 5) Бірін-бірі бағалау. 3 топ алдын ала берілген критерилер бойынша бірін-бірі бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы.

 Бағалау критерилері:

1 Қауіпсіздік ережесін сақтау;

2 Жаттығу комбинацияларының үйлесімді болуы;

3 Жаттығуда карточкада берілген элементтердің барлығын көрсету;

 4 Секіріп түсуді дұрыс орындау;

Үлкен, бос кеңістік

Гимнастикалық орындық, гимнастикалық бөрене, гимнастикалық маталар, интерактивтік тақта.

Гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығулар жиынтығына бейне фильм

https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=video&cd=2&cad=rja&uact=8&ved=0ahUKEwipsKTsqpzXAhVC1xoKHbBKAXoQuAIIKDAB&url=https%3A%2F%2Fwww.youtube.com%2Fwatch%3Fv%3Do1te4itdIj0&usg=AOvVaw1QBNLP5j1oSfEpbUzmXXOX

Сабақтың соңы

7 мин

Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • нені білемін;
  • нені үйрендім;
  • нені білгім келеді.

Оқушылаға стикерлар беріледі, әр оқушы стикерге өз ойын жазады да қысқаша айтып береді және тақтаға жапсырады.

Мұғалімнің оқушыларға кері байланысы. Оқушылардың жұмыс барысындағы артықшылақтары мен кемшіліктерін айту.

Үй тапсырмасы – төменде көрсетілген сайттан ақпарат алу: https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=video&cd=2&cad=rja&uact=8&ved=0ahUKEwipsKTsqpzXAhVC1xoKHbBKAXoQuAIIKDAB&url=https%3A%2F%2Fwww.youtube.com%2Fwatch%3Fv%3Do1te4itdIj0&usg=AOvVaw1QBNLP5j1oSfEpbUzmXXOX

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлаймын: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолдана алады.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топтағы физикалық қабілеті орташа оқушыларға қолдау жасай алады; Берілген тапсырманы толық орындай алады.
  • Биік гимнастикалық бөренеде берілген элементтердің барлығын орындай алады).

Қабілеті орта оқушылар: топтық жұмыстарда басқа оқушыларға көмек көрсете алады. Төменгі гимнастикалық бөренеде карточкада көрсетілген элементтердің барлығын орындай алады

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Мұғалімнің қолдауы.
  • Гимнастикалық орындықта карточкада көрсетілген тапсырмаларды орындай алады.

Сабақта пайдаланылатын әрбір тапсырманы ресми және бейресми тапсырмалар арқылы бағалау жүргізу

Топтардың бір-бірін критери бойынша бағалауы.

Тапсырма бойынша бағалау критерилері:

1 Қауіпсіздік ережесін сақтау;

2 Жаттығу комбинацияларының үйлесімді болуы;

3 Жаттығуда карточкада берілген элементтердің барлығын көрсету;

4 Секіріп түсуді дұрыс орындау;

  • Оқушылар сабақ барысында жаттығуды орындау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін белгілейді.
  • Оқушылар жүгіру кезінде туындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді?

2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу