Ойын арқылы сенімділікті бекіту. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
2 бөлім: Командалық ойынның қозғалыс дағдысы | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: Аюпов Т.К.
| ||||||
Күні: | |||||||
Сыныбы: 10 | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Ойын арқылы сенімділікті бекіту. | ||||||
Меңгеру мақсаттары | 10.1.5.5. Сенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялармен тәжірибе жасау. 10.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын бағалау 10.2.1.1. Өзгермелі жағдайларға жауап қайтара білу қимыл әрекеттерімен байланысты және балама идеяларды бағалау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Спорттық ойын түрі арқылы сенімділігі артады Волейбол ойынындағы кейбір техникалық тәсілдерді шебер орындайды | ||||||
Бағалау критерийлері | Допты серіктесіне тура лақтырып береді Допты екі қолмен қабылдайды Секіріп екі қолмен тосқауыл қояды Волейбол ойының ережеге сай ойнайды Жұпта және топта бірлесе жұмыстанады. Ойын ережесін сақтайды. Қажетті қимыл-қозғалыстарды көрсетеді. | ||||||
Сипаттауыштар: | Допты екі қолмен қабылдайды Допты екі қолмен береді Допты төменнен екі қолмен қабылдап, жалғастырушыға тура көтеріп береді Тосқауыл қойғанда бірнеше рет допты тоқтатады | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Түрлі спорттық ойындардағы қарым-қатынас және бірге жұмыс істеу дағдылары туралы білімдерін түсіндіріп, көрсете алады Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:
Талқылау үшін сұрақ:
| ||||||
Пән аралық байланыс | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. | ||||||
Бастапқы білім: | Волейбол добын тура береді, волейбол ойынының ережесін біледі. | ||||||
Жоспар | |||||||
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | Құрал-жабдықтар (ресурстар) | |||||
Сабақтың басы:
3 мин. 3 мин. 1 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Мақсаты: Ойын арқылы сенімділікті бекіту тақырыбы жөнінде ақпарат беру. Сипаттамасы: мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттері. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. Жаттығу және созылу, оқуш-дың жүрек соғысын көтеру үшін жүгіру к\к Оқушы әрекеті: мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Берілген тапсырманы реттілігімен орындау. Мұғалім әрекеті: оқушыларды тақырыппен, меңгеру мақсаттары мен бағалау критериилерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жаттығуларды нақты, дұрыс орындауын қадағалау. Жылжымалы белсенді тақтадан волейбол ойыны туралы шағын бейнетаспаны көрсету. Бағалау: Мұғалімнің бақылауымен іске асады. Тапсырманы дұрыс, дұрыс емес орындағандарын мадақтап не ескертіп, түзеп айтады. | Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, ысқырық , конус, секундомер. Бағалауға арналған түрлі-түсті қағаз, волейбол доптары. Әрбір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік. Ғаламтор көзіне сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=eXKc4dfR8LA | |||||
Сабақтың ортасы: 4 мин. | Волейбол ойынындағы кейбір тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялар арқылы сенімділікті бекіту. (С, ЖЖ, Т, ҚБ) Шабуылдағы және қорғаныстағы жеке әрекеттер. Мақсаты: Волейбол ойынындағы техникалық тәсілдерді үйрету Сипаттамасы: оқушылар волейбол добымен жұптық жұмыс орындап, волейбол ойының ойнайды. Оқушы әрекеті: (Т, К, ҚБ) Жұптық жұмыс:
(Т, К, ҚБ) Шабуылшының және қорғаушының комбинацияларын құру және орындау. Оқушылар топтарда шабуылға және қорғанысқа арналған жеке жаттығулар кешенін құрастырады, одан кейін орындайды. (Т, Тәж, ҚБ) Оқушылар қорғану мен шабуылдаудың стратегиясы мен тактикасын жаңаландру үшін кішкене топтарда жұмыс жасайды. Ойыншылар артық күш түсірілетін ойындарға қатысады (яғни 2 қарсы1, 3 қарсы 2, 5 қарсы 3 және т.б..) Бірлескен, екі жақты волейбол ойыны. Мұғалім әрекеті: Ойыншылардың ережелерді сақтап ойнауын қадағалау. Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек » бағалау түрі арқылы өтеді. Топтар бір-біріне ойын барысында байқаған, көрген екі жақсы орындаған жағын айтып, ұсыныс түрінде бір тілек айтады. Рефлексия: «Бұлттар тегі» тапсырма бойынша сөздерді жалғастыру. | Бос кеңістік, қажетті құрал-жабдықтар. Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Доптар, конустар, уақыт өлшеуіш, ысқырық. Мұғалімге арналған ысқырық, секундомер. Бос кең алаң, ысқырық, секундомер, фишкалар. | |||||
Сабақтың соңы: 3 мин. 2 мин. | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: «Графикалық» рефлексия жүргізеді: Сабақтың басында айтылған мақсаттарды меңгерген болса “қосу” белгісін қояды. Сипаттамасы: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Оқушы әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Ойын арқылы сенімділікті бекіту.» туралы ойымен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Тақтаға тапсырмаларды қаншалықты меңгергендігі туралы түрлі-түсті стикерлерге жазылған қағаздарды жабыстырады. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушыларды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Бағалау: Орынды сұрақтар қоя білу, өзіндік жетістіктер мен кемшіліктер туралы айта білу бағаланады. Оқушылар,сабақ барысында нені үйренгенің, түсінгенің ортаға шығып, үш тілде қысқаша айтады. Үй тапсырмасын беру; 1-2 қозғалмалы ойынның ережесін оқып келу. | Бос кеңістік. Кері байланыс картасы. Кері байланыс түрлеріне сілтеме: | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау: | Бағалау: | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: | |||||
Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды. Төмен дене дайындығы бар оқушылар көмекшілер рөлін атқара алады немесе доппен жеке жұмыс жасайды. Дене дайындығы жоғары оқушылар өздерінің деңгейіндегі оқушылармен жұптастырылады, кей сәттерде басқа да оқушылармен топтастырылып «мұғалім» жауапкершілігін алады. АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді. | Теориялық білімді тексеру. Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап, бөліседі. | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау | |||||
Жалпы оқушыларды бағалау: Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?