Ойын арқылы сенімділікті бекіту. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.
Дене шынықтыру:
әлеуметтік дағдылар мен тұлғалық жағымды әсер ала алатын физикалық және рухани денсаулыққа негіз болады;
оқушыларды физикалық денсаулығын түсінуге және оны нығайту үшін жұмыс істеуге ынталандырады;
дене шынықтыру сабағында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды дамытуды насихаттайды;
оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады;
білімді байыту және оқушылар арасында дене шынықтырудың адам мәлениеті бөлігі идеясын дамытуға мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру пәні арқылы:
Пәндік білім, қабілет пен дағдыларды күнделікті өмірде қолданады;
Қимыл құзыретін жетілдіру мен денені физикалық дамытудың қажеттілігін бағалайды;
Жақсы жұмыс жасау гигиенасы туралы білімін иемдену қажеттігін түсінеді;
Терең деңгейдегі сыни және шығармашыл ойлау, мәселе шешу және байланыс дағдыларын дамытады.
Дене шынықтыруда оқыту мен меңгеру стратегиялары келесіден көрінеді:
-оқушылардың физикалық қасиеттерін дамыту ( төзімділік, күш, жылдамдық, қуат пен икемділік);
-дене шынықтыру сабақтарындағы оқушылар ой-өрісі;
-оқушылардың сабақ кезіндегі қатынасы, олардың өзін-өзі дамытуға ынтасы;
-негізгі қозғалыс дағдыларын жақсарту және спорттың арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту әдістері;
-оқушылардың дене шынықтыру контексті мен мектеп сағаттарындағы өзін-өзі реттеуі және өзін-өзі бағалауы.
Қимыл туралы білім беру
Оқушылардың дене әрекеттеріне қатысу мен оқу арқылы тікелей білім алатыны мен түсінігін қалыптастырады. Бұны техникалық білім деп атауға болады, дене шынықтыру пәні тәжірибесінің шеңберінде өздерінің ұғымдарын, үдерістері мен ережелерін құруға мүмкіндік бере отырып, оны жетілдіруге болады.
Қимыл арқылы білім беру
Қимыл арқылы білім беру кезінде дене әрекеті басқа нәтижеге, мақсатқа, мүддеге, мұратқа жету амалы ретінде қарастырылады. Дене әрекеті арқылы оқу кезінде оқушылар оқу мен дене әрекетіне қатысудың нәтижесінде түсінігі, мүмкіндігі мен қатынасын қалыптастырады (мысалы: ойындар үшін нұсқаулар жасау, қимылдарды байқау мен сипаттау сияқты пәнаралық түсіну).
Допты иелену және қарсы әрекет техникасы
Допты қағып алу- қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі. Ол қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік береді. Қағып алу арқасында қолдан- қолға беруге болады.
Алдынан тосу- бұл тәсіл лақтыруға қарсы қолданылатын тәсіл. Допты лақтырып жатқан ойыншыға жақындап, дәл лақтырар кезде допқа қарсы шығу керек.
Жұлқыну- тез шапшаңдау. Жұлқынудың көмегімен қарсыласынан жұлып алу және бағытты іске асырады. Жұлқыну үшін жақын қашықтыққа жүгіру қолданылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?