Ойын арқылы сенімділікті бекіту. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 2-бөлім: Командалық ойынның қозғалыс дағдысы | Мектеп: Оралқ.ФМБ НЗМ | ||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: Ажгалиева Г.О. | ||||||
Сыныбы: 10 | Қатысқаноқушы саны: | Қатыспағаны: | |||||
Сабақтыңтақырыбы: | Ойын арқылы сенімділікті бекіту | ||||||
Меңгерумақсаттары: | 10.1.5.5.Сенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрымдылық идеялармен тәжірибе жасау | ||||||
Оқубағдарламасынасілтеме | 5.5. Инновациялық тактикалар мен стратегияларды құрастыру. | ||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Спорт ойындарындағы ҚТ ұстанады. 2. Дене қасиеттерін сенімділік қабілеті арқылы жетіледі. 3.Оқушылар ойындағы тактикалар мен стратегияларды біледі және құрастырады. | ||||||
Бағалау критерийлері | - оқушылар ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады; -жаттығулар орындай отырып допты қағып алу, алдынан тосу, жұлқыну, аялдау, тоқтау, допты беру, екі қолмен ұстау техникасын үйрене, дамыта алады; -жаттығуларды жоғары деңгейде орындай біледі; | ||||||
Тілдікмақсаттар
| Оқушылар келесі сөздердің мағынасын түсініп, қолданыла білулері тиіс: - шабуыл: ену, кеңістік жасау; - қорғаныс: ойыншыларды бақылау, шабуыл және қорғаныс , жеке қорғаныс; - командалық бірлік, командалық тиімді жұмыс; - ойын кеңістігін пайдалану; - ролдер: басшы капитан, жаттықтырушы, сарапшы, орындаушы. | ||||||
Пәнаралықбайланыстар | Бұлсабақта биология, физика пәніменпәнаралықбайланысорнатылуымүмкін: үйкеліскүші, қарсыласукүші. | ||||||
АКТ қолдану | Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды. | ||||||
Бастапқыбілім | Оқушылардың сыныптан тыс уақытта әдіс-тәсілдер туралы білімдері мен түсініктері бар және өз беттерімен орындай алады. | ||||||
Сабақбарысы | |||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 мин. 2 мин. 5 мин. | Тақырып көлеміндегі әрекеттер Мақсаты: Ойындағы тактикалар мен стратегияларды дұрыс орындау жөнінде ақпарат беру. Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттері. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. Оқушы әрекеті: Мұғалім берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар мен бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтар қояды. Мұғалім әрекеті: Оқушыларды тақырыппен, бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау. Оқушылар спорт залды айналып қыздырыну жаттығуларын және бір орында дамыту жаттығуларын орындайды. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. | |||||
Сабақтың ортасы 3 мин. 7 мин. 10 мин. 5 мин. | Мақсаты: Оқушыларды төрт бұрышты квадратта ойналатын ойынның ережесімен таныстыру, үйрету. Сипаттамасы:Бірінші команда доппен екінші команда допсыз болады, доппен жүрген команданың мақсаты екі қадам аттау арқылы допты тигізу. Оқушы әрекеті: Оқушылар төрт бұрышты квадратта ойналатын ойын жайлы мұғалім сұрағына жауап береді. . (Б, Т, Ж, Ф) «Ұстап көр» ойыны. Бұл ойын баскетболдың әдіс-тәсілдері арқылы ойналады: 1.Допты беру- серіктес ойыншылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. 2.Допты екі қолмен кеуде тұстан беру- ең кең тараған жәнетең сенімді тәсіл. 3.Допты екі қолмен ұстау- ұшып келе жатқан допты мүмкіндігінше қарсыласынан бұрын ұстау керек. 4.Тоқтау- белгілі бір бағыттағы қозғалысты кенет тоқтатуға мүмкіндік беретін тәсіл. 5.Бұрылу- бұрылудың екі тәсілі бар: алға бұрылу, артқа бұрылу. Бұл ойынды ойнатпас бұрын сынып екі топқа бөледі.Оқушыларды жазбен көктемде туылған оқушылар бір команда, күзбен қыста туылғандар екінші команда болып бөлінеді. Ойынның ережелері: төрт бұрышты квадратқа екі команда орналасады. Ойын 5 минут уақыт ішінде ойналады, содан кейін ауысады. Бірінші команда доппен, екінші команда допсыз. Доппен жүрген команданың мақсаты допсыз командаға екі қадам аттау арқылы допты тигізу керек. Егерде допты тигізе алмаса өз командасының оқушысына допты лақтыра, жалғастыра алады. Допсыз команда квадраттын ішінде қашып жүреді. Егерде допсыз команда сызықтан шығып кетсе ойыншы ойыннан шығарылады. Оқушылар саны көп команда жеңіске жетеді. Бұл ойын арқылы оқушылар: -қабілет пен дағдыларды күнделікті өмірде қолданады; -өзін жақсарту және әділ ойнау қажеттілігін дамытады; -сыни ойлау, мәселе шешу және байланыс дағдыларын дамытады. Оқушылардың оқыту мен меңгеру стратегиялары келесіден көрінеді: -оқушылардың физикалық қасиеттерін дамыту (төзімділік, күш, жылдамдық, қуат пен икемділік); -сабақтағы оқушылардың ой-өрісі; -сабақ кезіндегі қатынасы, өзін-өзі дамытуға ынтасы; -жеке денсаулықты түсінуі мен құрметтеуі. Бұл тапсырмаға дескриптор: -оқушылар ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады; -жаттығулар орындай отырып допты беру, кеуде тұстан беру, допты екі қолмен ұстау, тоқтау, бұрылуды үйрене отырып дамытады; -жаттығуларды жоғары деңгейде орындай алады. Бағалау парағын толтырады: -нені білдім?, нені үйрендім? -нені толық түсінбедім? -нені қосар едім?- деген сұрақтарға жауап іздеп парақшаларға ойларын жазады. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Әрбір жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. Құрал-жабдық: конустар, волейбол добы. Әр қызмет үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. Бағалау парақшасы, қаламсап. | |||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қортындылау. Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жасау. Сипаттамасы: Өткен тақырып туралы талдау үшін мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Оқушы әрекеті: Ойын барысында жүзеге асыра алмаған стратегиялар мен тактикалар туралы ойларымен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Ойын барысында әдіс-тәсілдерді жақсы қолданған оқушыларды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Үйге тапсырма. Киімауыстыру. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктіңболуы. | |||||
Саралау – КөбірекқолдаукөрсетудіСізқалайжоспарлайсыз? Қабілеттіоқушылардыңалдынақандайміндеттерқоюды жоспарлайсыз? Қыздырыну жаттығуларын сынып болып орындайды. Оқытушы ойын барысында ережені дұрыс игере алмаған оқушыларға ескерту беріп отырады және орындалуын қадағалайды. Қабілетті оқушыларды мадақтап отырады. | Бағалау – Оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінбағалаудықалайжоспарлайсыз? Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады. Оқушылар берілген тапсырмаға сай жұмыстануына байланысты және жоғарыда көрсетілген критерийлерге байланысты бағаланады. Сабақ соңында өзін-өзі бағалайды. | Денсаулық сақтаужәнеқауіпсіздіктехникасынұстану. Әр тоқсанның басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу. Тақырыпқа сай киінуді талап ету. Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау. | |||||
Жалпыбағалау Сабақтыңқандайекіаспектісіжақсыөтті (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпалетеді (оқытуға, үйренугеқатысты)? 1: 2: Сабақбарысындажекелегеноқушылардыңжетістіктері/ қиындықтарытуралы не анықталды, келесі сабақтарда неге көңілбөлукерек? |
Сабақ бойынша рефлексия:
1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
2.Оқушылар нені үйренді?
3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
4.Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?