Топтық және жұптық жұмыстарында ойын қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2 бөлім: Командалық ойындарда қозғалыс дағдылары | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Топтық және жұптық жұмыстарында ойын қозғалыс дағдылары | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Спорттық-спецификалық диапазонында дәлдік, бақылау және маневрліктің дағдыларын дамыту үшін күрделі іс-қимыл қозғалыстарды көрсету | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - спорттық-спецификалық диапазонында дәлдік, бақылау және маневрліктің дағдыларын дамыту үшін күрделі іс-қимыл қозғалыстарды көрсету | |||||||||||||
Бағалау кр критерийлері | - спорттық-спецификалық диапазонында дәлдік, бақылау және маневрліктің дағдыларын дамыту үшін күрделі іс-қимыл қозғалыстарды көрсете алады
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пән лексикасы және терминология: Мыналарды қамтиды:
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс - қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар спорт ойындарының, эстафеталардың ерекше түсініктерін біледі және алдыңғы сабақтар мен сабақтан тыс қызметтен алынған сәйкесінше дағдыларға ие. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин
15 мин
Сабақтың соңы 5 мин | (Б, К) Мұғалім оқушылармен амандасады. Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда ойын кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? - командалық табысты жетілдіру үшін сендерге қандай дағдылар қажет? - дәлдік, бақылау және маневрліктің дағдыларын дамыту үшін қандай іс-қимыл қозғалыстарды білесіңдер? Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады «Ойын жағдайында тәсілдерді іске асыру». Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. (Т, Ж) Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң, мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады. Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады. (Т, Ф) Мұғалім сыныпты 2 топқа бөледі де әр топқа тапсырмасы бар карточкаларды таратып береді. Оқушылар тапсырманы орындай бастайды. Бормен еденде 10 төртбұрыштардан тұратын сатыны сызады. Әуенге сәйкес олар кезекпен, сатының басынан, 5-6 арнайы жаттығудан тұратын, үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың кешенін орындай бастайды. Әр жаттығуды 3 реттен қайталайды. Жаттығуларды орындаған соң сұрақтар қойып, талқылау өткізіп, денсаулық және физикалық жай-күй не екенін түсінуіне ықпал етіңіздер. Формативтік бағалау: Мұғалім «бағдаршам» әдісін қолданады (әр түсті дөңгелек карточкалары): жасыл – тамаша, сары – жақсы, қызыл – қанағаттанарлық. Сұраңыз: Бұл жаттығулар қандай физикалық қасиеттерді дамытады? (Б, Т, Ф) Төрт адамнан тұратын топ волейбол ойнайды. Ойынның мақсаты, доп еденге тиместен бұрын оны қабылдап қайтарып жіберу. Бір ойыншы допты төменнен кеңістіктің артқы жағынан қарама-қарсы жағына береді (егер ол үшін тым қиын болса, жақын аралықтан). Доп, оны қабылдаудан бұрын, еденге түсу тиіс. Бірақ қалған ойыншылар доп еденге түссе де, түспесе де қабылдап қайтара алады. Көрсетілген уақыт кезеңінде доп еденге тимес бұрын неше рет қабылданғанын есептеңіз. Формативтік бағалау: Мұғалім оқушыларға бір бірін бағалау әдісін қолдануға ұсынады («бас бармақ» әдісі): бас бармақ жоғары – тамаша, бас бармақ көлденең – жақсы, бас бармақ төмен – қанағаттанарлық. Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады. Үй жұмысы: Ғаламтор арқылы дәлдік, бақылау және маневрліктің дағдыларын дамыту үшін арнайы жаттығулар кешенін іздестіріп көру және талддау. | Үлкен бос кеңістік. Ноутбуктер. Ресурсқа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=kRUSqcP8Swk Файл: №1 карточка «жылдамдық және үйлесімдік сатысындағы арнайы жаттығулар-дың кешені. docx»
Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар. | ||||||||||||
Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Белгілер:
Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс
Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді Ф = формативтік бағалауды қолдайды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?